Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Жахан Отарғалиев «Джохан - 2» фильмінің сәтсіздігіне қарамастан, үшінші толықметрін жарыққа шығарды! Кинопродюсер бүгін «Жол» картинасының премьерасын жасап жатыр. Еске салсақ, Отарғалиевте бұл фильмді таспаламас бұрын пәтер алу мүмкіндігі бар еді. Алайда ол үйінің ақшасын тағы да киноға салды! Нәтижесіне қазір куә боламыз!
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
- Пәтерімді алдым, Аллаға шүкір пәтерім бар.
- Бұл фильм таспаламай тұрып алдыңыз ба, әлде таспалап тастағаннан кейін алдыңыз ба ?
- «Джохан 1»- ден кейін алдым. Үйімді сатып кино түсірдім де, үйімді қайтадан ақтап алдым ғой.
Комедия болғанымен, фильм қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Зағип жандардың мұңы көрсетіледі. Баспанасыз сандалған таптың тағдыры баяндалады. Драмедияның сценарийі бір жыл бұрын жазылған.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
- Бұрын бүкіл киномды алдын-ала қарап алатын едім. Бұл киноны мен қазір көрерменмен бірге көремін.
Әбілмансұр Серіков, актер:
- Шынымды айтсам басында кішкене көңілімнен шыққан жоқ. Басында алғашқы нұсқасы одан кейін соны реттей келе, балалармен ақылдаса келе Жахандар бар, жаңа сценаристтар бас солармен ақылдаса келе бір әйтеуір дұрыстау жөніне келтірдік деп ойлаймын.
Фильмде ТОП актерлардан бөлек, дебютанттар да бой көрсетеді. Мәселен, басты рөлдегі Ақерке Назарбекованың бұл тұңғыш толықметрі.
Ақерке Назарбекова, актриса:
- Партнерларыңа тоқталсақ, Манспен коннект қалай болды?
- Өздеріңіз көріп жүргендей.. Екеуміз бір-бірімізді коннект ұстап алдық та, қазір андай обсирать етеміз бір-бірімізді, ну это нормально. Адамдарға жат көрінгенімен әзілдеріміз жарасады иә.
Әбілмансұр Серіков, актер:
- Фильмде бәрін алдап пәтер алғыңыз келеді, ал шын өмірде пәтер мәселесіне келгенде проблемалар болған ба ?
- Шын өмірге келсек, осы өмірге дейін пәтерсіз жүрміз әлі. Енді алдаған жоқпыз ешкімді құдай сақтасын. Бірақ әйтеуір еңбегімізбен келе жатырмыз.
- Ал бұл фильмнен алған гонорарыңыз бір пәтерге жетпеді ма ақшасы?
- Ойбуй, ол не әңгіме енді ол? Бір пәтері несі құрсын?! Бір машинаға да жетпейді ғой. Машина алатындай гонорар емес қой құрсын. Шүкір, бірақ әрине. Әрине, Аллаға шүкір. Әйтеуір бір жыртығымды болсын жамап алдым..
Еркен Губашев, актер:
– Әлі күнге пәтер жалдап тұрамын. Соған етім де үйреніп кеткен. Сондықтан фильмдегі басты кейіпкерді түсінемін.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
- Әдетте барлық премьераңызда әкеңіз, анаңыз немесе Балжан келетін. Бүгін келді ма отбасыңыз ?
- Бұл жолы отбасым жоқ менің қазір қасымда. Әкем жұмыста, анам қолы тимей қалды. Сол үшін ... Бүгін жалғыз бауырларым бар қасымда өзімнің сол себептен жалғыз емеспін, Аллаға шүкір.
- Бірақ анаңыз қолдайды ғой онлайн болсын ? 08:31
- Анам... анам маған түнде сағат 12 де 2 минуттық сообщение жазып жіберді голосовой. 2 минуттық, ішінде арасында жылап алып жатыр, барлығын айтып балам енді жатсам да,тұрсам да осы сені ойлаумен жүрмін. Енді қолың тимей жатқан шығар былай болып жатқан шығар деп.
Жаһанның ортасы да өзгерген. Премьерада медиа тұлғалардан гөрі, тиктокерлердің қарасы көп. Актер стримерлер қатарына қосылғалы, түрлі кринж образдарымен танылған желі жұлдыздарымен жиі араласатын болған.
Тіпті, кейбірі Қырғызстаннан арнайы келген.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
- Мен жақыннан бастап TikTok әлеміне келдім. Сол себептен осы жерде міне TikTok-тағы мен мен деген жұлдыздардың бәрін осы жерге жинадық.
Жандос Самалбеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
- Бүгін сіздерде «годовщина» екен, құтты болсын. Бірақ Жаханның премьерасында тойлап жүрсіздер?
- Қазақтың жалғыз маңдайына біткен НТК каналы, баршаларыңызға аасалаумагалейкум. Ағамызды қолдап, әрдайым да қолдап жүреміз, інілері болып келеміз.
- Неге романтикалық аста отырған жоқсыздар?
- Кешкі сағат 19:00-де ма, няғылған ол күнге шақырайып па? Осы жерден шығып Алла қаласа қазір, сосын біз вот такие нарядные, бірақ үй киіммен шыға салдық.
Әшім Ахмет, актер:
- Бір уақытқа өздеріңіздің өмірлеріңізді ұмытып осы киноның персонаждардың тағдырларына жандарыңыз ашып қайтса болады.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Соңғы жағында жылап та алдық, прям жыламаймын, жыламаймын деп өзімді ұстап отырсам да, ана музыкамен бүкіл эмоциямен беріп жіберді.
Данияр Бекжанов, стендапер, сценарист:
- 10 нан 10 балл беремін, кино өте күшті тек, мынаған барып көру керек.
- Қандай ой түйдіңіз?
- Соқыр болмау керек десең...
Азамат Әленов, «Назар Аудар» командасының мүшесі:
- Олардың айтқысы келгені, яғни сенің жәй ғана проблемаң болып қалуы мүмкін, біреулердің қасында.
Анвар Матжанов, режиссер:
- Шынымды айтсам таң қалдым. Дебют үшін өте өте зор фильм.
- Режиссер дебютант, өзіңіздің әріптесіңізге қандай баға бересіз?
- Бірінші киносы үшін он балл беремін.