Мадина Дәулетқызы, тілші:
– Дәл қазір мен Айнұр Ілиясованың туған күніне келдім! Актриса 38 жасқа толып отыр. Айтулы күнді өнер иесі кімдермен тойлауда? Кеш қалай өтіп жатыр? Бірге білейік.
Айнұр Ілиясованың меншікті мерекесіне кеш қызған шақта келдік. Қарлығаш Мұхаметжанова, Гүлнәр Сильбаева, Асель Сағатова бастаған жұлдыздар қадірлі қонақтар тізімінде. Барлығы бұл патиде барынша көңіл-көтеріп, есте қаларлықтай өткізуге тырысуда.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Айнұр көңіл-күйіңіз қалай? – Керемет! Тамаша, Бүгін туған күн, бүгін жаңа сезон басталып жатыр қыркүйек айы.
- Неге сіз соңғы сәтке дейін туған күніңізді жасағыңыз келген жоқ? Өйткені мен әр туған күн алдында ойланам жасау керек пе, жоқ па. Мүмкін біреуге көмектесу керек шығар осы қаражатты пайдаланып. Бұл оформления жасайсың, бұл мусор болып қалады. Мен эко-френдлимын ғой. Тағысын-тағы, сөйтіп ойлана келе жарайды, туған күн бір жылда бір-ақ рет болады ғой. Максималды экологично өткізейін деп шештім де, сөйтіп міне қыздарды шақырдым.
Айнұр меншікті мерекесін ешқандай дресс-кодсыз, безендірусіз, артық шығынсыз өткізуді жөн көрген. Тіпті, үстелдегі әшекей элементтерінің өзін жалға алған екен. Есесіне, кеш қонақтарын Ілиясованың бұл жауапкершілігі тәнті етті.
Диная, әнші:
- Айнұр әр сәбиіне жүкті болғанда, әр концертте жолығып тұрдық. Сондықтан, оның қыздары дәл менің көз алдымда өскен сияқты. Уақыт өте екеуіміз жақсы араласып кеттік, Айнұр маған өзінің шынайылығымен, қарапайымдылығымен ұнайды.
Бұл күні кешке келген әр қонақ гүл шоқтары мен табыстайтын тартуын, қаржылай сыйлықтарын ала келген. Олардың арасынан ерекшеленгендер де бар.
Марат Алибаев, әзілкеш:
– Құпия болмаса қандай сыйлық әкелдіңіз Айнұрға?
– Айнұрға? Мен өзімді әкелдім. Акциямен келіп тұрмынғой бүгін. Айнұрді енді сіз қай кезден бастап танисыз?
– ой Айнұрды мен тас ғасырынан бастап танимын.
Алайда Айнұр өзінің арманындағы сыйлығын әлі де күтіп жүр. Актриса 38-жасқа толуына орай күйеуінен су жаңа автокөлік сұраған.
Айнұр Ілиясова, актриса:
– Күйеуім мысалы ақшалай сыйлық берді, енді сен бүгін дастархан жайып жатсың ғой, шотқа төлеу керек деген сияқты сөйтіп ақшалай сыйлық берді. Ал жігітімнен, күйеуімнен көптен бері Тесла мәшінін күтіп жатырмын. Өйткені бұл эко машина.
- Әперем деді ғой.
Еске салсақ, су жаңа Тесла автокөлігінің бағасы 36 мың доллардан басталады. Десе де, бұл Ілиясованың жалғыз арманы емес. Актриса кеш барысында көптен бері жұрттан жасырған жаңалығымен бөлісті.
Айнұр Ілиясова, актриса:
- Бір құпия айтайын, қазір кино жазып жатырмыз, кино болғанда сариал. Сценариін жазып жатырмыз, ішінде сценарист өзім, көптен бері армандап жүрген арманым бар еді сценарий жазу, тек қана продюсер емес, сценарийді жазу, сценарийді түсіну деген.
- Бұл сериал яғни.
– Бұл сериал. Бұл веб сариал, жақында дайынды,ғы болады.
– Түсірілім қашан?
– Құдай қаласа қазан айында. Бұл әлеуметтік тақырып. Көптеген әйелдер өкінішке қарай бала кқөтере алмай жатады.сондықтан осы тақырыпты көтерген дұрыс деп есептедік.