Айдана Шалқар, @aiudna
- Бүгін-1 қыркүйек. Оқушылар үшін үлкен мереке. Біз бүгін Ш.Уәлиханов атындағы білім ордасына келдік. Бұл мектепте М.Садуақасова, Дана Есеева сынды жұлдыздардың балалары оқиды. Өнер иелері оқу жылына қаншалықты дайындалыпты? Қазір білетін боламыз
- Қайырлы күн, Мадина. Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Сізді осы жолы сахнадан емес, мектеп алаңынан көріп жатырмыз.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Бүгін – алғашқы оқу күні. Мінекей, біздер күшті дайындалғанбыз. Баламды жоғалтып алдым. Өйткені, бүгін сондай абыр-сабыр күн. Гүлдерін құшақтап кетті.
- Ал осы мектепке толықтай дайындалу үшін, киімдерді алып біту үшін қанша уақытыңыз кетті?
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Енді мына мектепте барлығы өзінікі, біздер ештеңе сатып алмаймыз. Біздерге сообщение келеді, сіздің балаңызға формасы дайын, алып кетіңіздер деп. Біз келіп оқу жылы басталғанының алдына бір 2 апта бұрын алып кеттік. Үтіктеп, дайындап, бір 15 минутта жиналып келдік.
Әншінің ат ұстары Әнуар еліміздегі ең таңдаулы мектептердің бірінде білім алады. Сәдуақасова бар тапқан-таянғанын ұлының оқуына жұмсайтынын айтады.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Біздер 450 мың тг төлейміз. Біз түскен кезде солай болған 300 мың боп. Қазір сол 450 қып қойды. Бірақ бұл жерге барлығы кіреді. +02:09 Тіпті өшіргіш деген майда-шүйдеге басыңды ауыртпайсың.
Өнер жұлдызы ұлының материалдық қажеттіліктерін өтегенмен, оған көп уақытын арнай алмайды.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Енді менде жылына 4 күнім бар. Мен қандай да концерт болсын басқа да нелер болсын шаралар, мен сол күндерге алмаймын. Ол Әнуардың туған күні 17 маусым, 1-ші қыркүйек міне, мектепке бірінші күні апарған кезде, 8 наурыз өзі босатып берді мама мен сені құттықтаймын , өзім дайындаған сыйлықтарымды берем деп, және жаңа жыл. Тіпті менің жолдасымның туған күні де ол ондай күнге жатпайды.
Десе де Мадина бос уақытында ата-аналар чатына келетін хабарламаларды қалт жібермеуге тырысады.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Ата-аналар чатында бармын. Енді бір кіріп қалған кезде 48 сообщениялар болған кезде, уақытым болған кезде барлығын оқып шығуға тырысам. Өйткені ол жерде маңызды информация және де біздің классымыз күшті сыныбымыз.
Оқу құны жылына 4 миллион теңгені құрайтын білім ордасында блогер Дана Есееваның да балалары оқиды. Бір емес, үш бірдей перзенті.
- 3 бірдей балаңыз мектепте оқиды. Дайындыққа көп уақытыңыз кеткен сияқты ғой, иә?
Дана Есеева, блогер:
- Шын айтсам жоқ, 2 күннің ішінде дайындалдық. Біздер уже үйренгенбіз ғой. Тез-тез. 5 бала болған кезде бәрін уже тез жасайсың да. Сол 1-2 күннің ішінде дайындалдық.
Блогердің айтуынша, балалардың мектепке дайындығына қарағанда, ата-аналар чатынан келетін хабарламаларды оқып шығуға көбірек уақыт кетеді.
- Ата-аналар чатында отырам. Бірақ аптасына 1 рет ашып бәрін оқып тастаймын. Былай көп уақыт жоқ әрине бәрін оқитындай. Өйткені бізде 3 чат мұғаліммен, 3 чат мұғалімсіз, 3 чат тек қыздар, 3 чат аналар деген. Сондай оның бәрін оқуға уақыт кейде болмай қалады. Бірақ ата-аналармен жақсы араласамыз. Мерекелерде кездесіп тұрамыз.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Жұлдызды балалар жаңа оқу жылына сақадай-сай. Ендеше, бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз.