Айдана Шалқар, @aiudna
- Біз бүгін ғашықтар мекеніндеміз. Дәлірек айтсақ, күн сайын 4 сағат бойы тікелей эфирде миллиондаған аудиторияны жинайтын «Бір болайық» жобасындамыз. 1000-ға жуық қатысушының тағдырын шешкен реалити шоудың жаңа маусымында өзгерістер көп. Қандай? Бірге көрейік.
Шаһ-Керім Кәрмен, жоба жүргізушісі:
- Бұл маусымның эксперименті бүкіл көрерменге 22 қатысушының махаббатқа өзгеше көзқарасы бар екенін және тіпті мысалы ажырасып кеткен жұптар болса да араларында белгілі бір дәрежеде махаббат қалу мүмкіншілігі бар екендігін, өйткені балалар оны қосады деген сияқты дүниелерді көрсеткіміз келеді.
- Өткен маусымда шетелден де үміткерлер келіп, тіпті отау құрғандар да болған еді. Осы жолы да шетелден үміткерлерді қабылдайсыздар ма?
Шаһ-Керім Кәрмен, жоба жүргізушісі:
- Иә, әрине. Біздің жобаның есігі махаббат аңсаған кез келген жанға ашық. Шарт сол. Мейілінше қазақ тілінде болса.
- Өте керемет. Ал бұл маусымда біз бұрынғы қатысушыларды көре аламыз ба?
Шаһ-Керім Кәрмен, жоба жүргізушісі:
- Әрине, бірақ дегенменен біз көбінесе осы жаңа жүздерге акцентті бергіміз келеді.
Өткен маусымда жоба қатысушысы Аружан Бекешоваға үміткер боп Арген есімді қырғыз азаматы келген болатын. Алғашында сезімдеріне сенімсіз болған жұп, бүгінде шаңырақ көтеріп, бақытты отбасының біріне айналып отыр. Олардың ендігі миссиясы – жаңа қатысушыларға сарапшылық ету. Бұл - жаңа маусымдағы кезекті өзгеріс.
- Қалдарыңыз қалай, көңіл күйлеріңіз қалай?
Арген Асанов, жоба қатысушысы:
- Сәлеметсіздер ме? Бізде негізі барлығы жақсы. 7-маусымға келіп қалдық. Көргенімізге қуаныштымыз.
Аружан Бекешова, жоба қатысушысы:
- Енді біз ақыл айтатын дана емеспіз, бірақ кішігірм болса да өзіміздің махаббат хикаямыз, ойымыз адамдарға жақсылығы тиіп жатса өте қуанышты боламыз.
- «Бір болайық» жобасы 6 маусымға дейін созылған, енді 7-ші маусым басталып жатыр. 4 сағат бойы тікелей эфирде болады. Қалай ойлайсыздар, бұндай сәттіліктің сыры неде?
Аружан Бекешова, жоба қатысушысы:
- Негізінде бұл сәттіліктің сыры ойлаймын реалити шоу, адамдардың шынайы өмірлері көрсетеді, шынайы махаббат болады. Көрерменге сол қызық.
Расында, аталмыш жобаның шынайылыққа негізделгенін өзге қатысушылар да жоққа шығармайды. Оған дәлел – өткен шығарылымдарда махаббатын жолықтыра алмаған жандардың жаңа маусымға үмітпен қайта оралуы. Мәселен, «Бір болайықтың» аты шулы серісі Кенже Анарбек осы жолы сүйіктісін табатынына сенімді.
Кенже Анарбек, жоба қатысушысы:
- Жаңашылдықтар енді көп той күтеміз. Алдыңғы маусымдарға қарағанда айтып жатыр ғой енді. Бұйыртса менің де тойым болып қалар деген үмітпен келдім. Енді барлығы ойлап жатыр ғой 2 маусым отырған жігіт деп. Барынша нәтижеге жету үшін талпынып жатырмыз. Сондықтан осы сәтті пайдаланып өз мүмкіндігімді қолдануға тырысамын.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Алты маусымды артқа тастаған «Бір болайық» енді жаңа ережелерімен қайта оралды. Ал біз бұл студияға жиі келіп тұруға сөз береміз. Олай болса, күн сайын сағат 12:00-де НТК арнасында «Бір болайықты» жіберіп алмаңыз.