Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Салықшылар енді блогерлердің артынан шырақ алып түсуі мүмкін! Олардың табысының бір бөлігін қазына қоржынына салуды көздейді! Блогерлердің өзі бұл жаңашылдыққа қалай қарайды екен?
Дәл қазір сұрайтын боламыз!
2023 жылдың 7 маусымынан бастап «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Енді желі қолданушыларының табысы, оқырман саны, контентіне қарай жауапкершілігі де артады. Мәселен, платформаны кәсіпке айналдырып, жарнама жасаған адам салық төлеуге міндетті. Әрі оның ақысы төленген контент екенін айғақтайтын арнайы таңба қоюы керек.
Шәріп Серік, актер:
- Өзіңнің жеке меншігіңді заңды түрде көрсету керексің. Қанша ақша тауып жатырсың, соның бәрін көрсету керексің. Содан налог төлеу керексің. Енді білмеймін, мен ондай бухгалтер емеспін, налоговик емеспін. Көре жатармыз, өмір көрсете жатар.
KAGIRIS TWINS, тиктокерлер:
- Салық төлейміз және ол қалыпты жағдай деп ойлаймыз. Себебі блогерлікте жұмыс.
Жаңа заңда марафон, оқыту курстары, гив, лоторея өткізсе, жарнама жасаса қазына қоржынына белгілі бір пайызын салып отыру керектігі айтылған.
Дархан & DARICORN, блогерлер:
- Блогерлер, мысалы, арам жолмен істейтіндер де бар ғой. Арам жол дегеніміз қалайынан ол, мысалы, жарнаманы біреуден әншейін каспи голд арқылы сияқты алады ғой андай картаға. Бізде ондай емес, бізде компания бар ғой сондайға тіркелгенбіз. Біз оларға жарнама беретін болса, олар уже налогын төлейді және процентін ұстап, сосын барып бізге ақша жібереді. Сондықтан да біз оған қызыққан да жоқпыз. Көріп, о жақсы болды ғой дедік.
Сондай-ақ, блогерлерге жалған ақпарат таратып, жарнама жасаса 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Адам мәліметтің өтірік екенін біле тұра таратса, жауапқа тартылады. Бұл үшін 69 мың теңгеден бастап, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Желіде ауқымды аудиториясы бар блогерлердің тағы бірі – Нұрдәулет Бектұрсын. ННН: «-Салық төлеу біздің міндетіміз,» - дейді.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Мысалы, мен өзім аз жарнама жасаймын. Шамамен 1 жылда басқа компаниялармен қосқан кезде бір 700 мың төлеген шығармын налог алдынғы жылы. Иә, 700-800 мың. Көбінесе менде енді ағаларыммен, достарыммен жұмыс істеймін ғой. Содан айтты, олар енді өзі маған рақмет ретінде береді. Оларға енді налог төленбейді.
Экс-Юфреймдік Артур Асқарұлы салық мәселесі туралы заң шықпай тұрып алдын алған. Себебі, блогер жеке кәсіп ашып, саласын өзгертті.
Артур Асқарұлы, блогер:
- Карьерамызды бастағанда бухгалтерлеріміз бізге ерте ме, кеш пе салық төлейтінімізді айтқан болатын. Біз бірден құжаттарымызды заңдастырдық, Келіп түскен жарнамалардан 3 пайыз қазына қоржынына салып отырдық
Бастысы Қазақстандықтар қолданатын онлайн платфомалар мемлекеттік тілге аударылып, қазақ тілді контентті көбейту керектігі де заң жобасында көрсетілген.