Біздің команда шоу бизнесте болып жатқан барлық актуалды оқиғалардың ортасында жүріп, сіздерге сенімді ақпараттар таратты. Нәтижесінде ТОП-әртістердің өздері бізді іздеп, бағдарламамызға сұқбат беруді көздеді.
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
– Мен бар ғой, бүкіл сұрақтарды сендерге қалдырып қоямын анандайларды..
– Рақмет, эксклюзивтің бәрін?
– Иә...
Дариға Бадықова, актриса:
– НТК телеарнасына мен алғыс білдіремін. Келіп қолдап, осындай бір тырнақалды ісін бастап жатыр деген ниетпен келгендеріңізге мен мың алғыс білдіремін. Енді біздің площадкадан тамақ-шәйларыңызды ішіп, осы тауға қарап кетсе екен деген ниетім бар.
Бағдарлама тілшілері көптен бері көрермен көкейінде жүрген сауалдарды, әртістерден еш тайсалмастан қойып шықты. Тұшымды жауап ала алды.
– Сіз жайлы мақала жариялаған екен. 2018 жылы. Сіздің ориентацияңызға қатысты.
Алишер Каримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Танымал адамның артында неше түрлі сөздер болады. Өсек болады. Ешқашан да мән берген емеспін.
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Жасаған нәрсенің айыбын алып, заңға бағынамыз. Бауыржан атамыздың тәртіпке бағынған құл болмайды дегеніндей.
Ел намысын әлемдік аренада асқақтатып жүрген чемпиондар да алғашқылардың бірі болып біздің бағдарламаға сұқбат берді. Қызық деректермен бөлісті.
– Санжардың анасы Астанадағы «Артем» базарда қаттама сатқан деген рас па?
Санжар Тәшкенбай, бокстан әлем чемпионы:
– Конечно рас. Біз осы Астанаға келгенде саудадан бастадық. Сол қаттама деген нан анам өзі сатып бастайтын.
Асланбек Шымбергенов, бокстан әлем чемпионы:
– Жамбыл облысының әкімі үш бөлмелі пәтер сыйлады. Ауылымның тұрғындары бір ат мінгізді. Достарым бір ат мінгізді.
– Сұқбаттарыңның бірінде қызыңның бар екенін айтқан болатынсың. Той қашан? Сүйінші жаңалық қашан?
Дулат Бекбауов, бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
– Осы карьерамызды дұрыстап алғаннан кейін Құдай қаласа, осы жақын арада жақсы жаңалықты күтіңіздер.
Асу Алмабаев, UFC файтері:
– Иә, келісімшартқа отырдық. Алла бұйыртса жекпе-жектің уақыты бәрі белгілі. Дайындық үстіндеміз.
Қаламызда ұйымдастырылған ең ауқымды концерттердің қадірменді қонағы болдық. Атап айтқанда: Esquire piknic, беу, сходим, фэнтези фесттер.
Біздің ұжым шетелдік әртістерден сұқбат алып, соңғы жаңалықтарын білді. Атап айтқанда: Улукманапо, Сон Вон Соб.
Қазақстандық тыңдарман қалай қарсы алып жатыр? Гастрольдік сапарыңыз қалай өтіп жатыр?
Сон Вон Соб, музыкант:
– Астана, Шымкент қалаларында концерттерім керемет өтті. Алматыда да ине шаншыр жер болмады. Өте қуаныштымын.
– Улукман, қайырлы кеш. Алматыға қош келдің! Алматылық тыңдарман қалай қарсы алды?
Ulukmanapo, рэпер:
– Өте жылы қарсы алды..
Қала берді, Қазақстанның қай түкпіріне бармасын аншлаг жинап жүрген Бағжан Октябрьден сұқбат алып, Ирина Кайратовнаның үлкен құпиясын білдік.
Сіз концертімді өткіземін деп жарнаманы салған сәттен бастап бірден өте бастайды. Бұның сыры неде деп ойлайсыз?
Бағжан Октябрь, виолончелист:
– Үшіншіден менің де бір қасиетім бар шығар. Ол виоленчелдің емдік қасиеті бар.
– Аджара Гуджу әніне сендер бейнебаян таспаладыңдар. Бірақ бейнебаян белгілі бір себептермен шықпай қалыпты. Кім кедергі болды?
Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:
– Сөз жоқ. Бізге айтуға болмайды кешіріңіздер, иә. Бірақ қазір шешіліп жатыр енді ол мәселе.
Жұлдыздар біздің журналистерден жан жарасын жасырып қала алмады. Бүгіп жүрген бар құпияларын білдік. Біріншілердің бірі болып, Тұрар Ыдырыстың продюсері әншінің лақап аты мен әндерін тартып алғанын да әртістің өз аузынан естідік.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Менің бұл анам мен әкемнің қойған аты ғой Тұрар деген. Право на изображение ешкімнің құқығы жоқ.
Раймнан бөлінгеннен кейін Артур Давлетьяровты шоу-бизнес пен БАҚ беттерінен таппай қалып едік. Алматыға қоныс аударды дегенді естіп, түн жарымда, ол тұратын шаңыраққа аттандық.
– Біз кезінде Артурды сұқбаттарға мүлдем шақыра алмаушы едік. Себебі үлкен бір принципі болған: Оралдан басқа жаққа шықпаймыз деген. Бірақ Алматының қақ төрінде жүр.
Артур Давлетьяров, әнші:
– Қазір болды уже үйленгем. Балам бар. Осы Алматыға көшіп келдік. Алматыда тұрам.
«Revue news» командасы мезгіл мен күн таңдамай, мүлгімей-қалғымай 24/7 түсірілімнен табылып, талай эксклюзив ақпараттарды өздеріңізге ұсынды. Біз Алматыда атқарылған 50-ге тарта концерт, 35-тен аса жабық көрсетілімдерге қатыстық.