Ирина Кайратовна «Сходим фест» сахнасын өртеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін «Первомай» тоғанындамыз. 5000 қонақ, 10-ға тарта ТОП әншілер, 4 сағат тек үздік әуендер ойнайтын – «Сходим фесттеміз»!

Фестке еліміздің түкпір-түкпірінен келгендер көп болды. Кейбірі тіпті өзінің сүйікті әншісі ат арытқан.

Кеш шымылдығын: Suliko, LieLie, Крайм Волшебник ашты. Ары қарай өзінің сиқырлы даусымен халықты еліткен Аршат, алты бірдей ән орындады.

Аршат алдымен «Денсаулық» деген әнін, артынша: «Бәрі бекер», «Мейрам», «Шағала», «Бақыт», «Шаршаған кезде» атты тректерін тарту етті.

– Фесттің алдында ауырып қалғаныңызды білеміз. Бүгін толықтай жазылдыңыз ба? Әлде сол сырқат күйі шықтыңыз ба?

Arshat, әнші:

– Мұрын бәрі бітіп тұр, мен әлі ауырып жүрмін.

– Негізі мүлде білінген жоқ сіздің ауырып тұрғаныңыз сахнада.

– Сахнаға шыққан кезде ауруыңның бәрін осы жерге тастап кетесің ғой.

Айта кетейік, бұл Аршаттың алғашқы ауқымды фесті. Әншіні қолдап, барлық танымал достары келген. Атап айтқанда, Алмагүл Сағындық.

– Алмагүл Аршатпен 11 жылдан бері дос екенсің, иә? Осы туралы айтып берші?

Алмагүл Казихан-Сағындық, актриса:

– Біз он бес жасымыздан бастап доспыз. Жақынбыз. Колледжде бірге оқыдық. Сол достығымыз бірге жұмысқа ұласты. Қазір әлі күнге дейін біргеміз.

Аршаттың артынан сахнаны Dudeontheguitar өртеді. Әсіресе оның пакеттен жасалған образы көп назарын аудармай қоймайды.

– Dudeontheguitar осы қазір қойылымын аяқтады. Бірден ізін суытпай барайық. Халық қалай қарсы алды Дюд?

Dudeontheguitar:

– Халық қалай қарсы алды?

- Өте жылы, өте жылы.

- Шайқадың негізі.

- Қолдан келгенше, иә.

– Образ?

– Пакет қой, пакет.

- Кімнің идеясы? Тігіп қойған.

- Міне, менің командам.

- Осы қыз тікті ма?

- Осы қыз. Екі-үш қыз бірге. Міне бас идея осыныкі.

Сахнаға Райм «Кайф» трегімен шығып, жиналған жұртты билетті. Одан бөлек 7 бірдей хит туындыларын орындады.

Ары қарай аңызға айнаған QP тобы жиналған жұртты ностальгияға бөледі. «Стрекоза», «Санта лючия», «Ты так красиво» тректерінен бөлек, 13 ән шырқады. 8000 адам әр туындыны қосылып айтты.

Кештің қорытынды шығарылымы әрі бас хэдлайнерлері «Ирина Кайратовна» болды. Олар да 15-ке тарта трек орындады. Әсіресе жақында жарық көрген, айтюнстың алдын бермей келе жатқан «Чина» әні жұртты билетті. Клипке түскен Рауан Романи де аталмыш туындыдан кейін көшеде танымалдығы артқанын айтады.

– Көрдіңдер ғой? Бұл Чина братан. Атыңды ешкім білмейтін шығар?

Рауан Романи, актер:

– Иә, қазір Чина дейді. Бірақ есімім Рауан Романи.

– Рауан негізі бұған дейін Голливудтық киноларға түскен екен. Өзің айтып берші осы туралы?

– Осыдан 12 жыл бұрын массовкаға түстім. «Железный человек 3». Сонымен қатар, 2-3 проекттер бар Америкалық. «Бизнес по казахски в Америке».

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Осымен еліміздегі ең ауқымды фесттердің бірі өз мәресіне жетті. Көңілді музыка, дәмді тамақ, танымалдар тусовкасы. Келер жылы дәл осы тоғанда жолыққанша!