Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Адина Бажан шаңғы теуіп жүріп, белгілі меценатты соғып кетті. Бизнесмен есінен айырылып, делі-құлы күй кешіп қалған. Енді Адинаның үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Кәсіпкердің жады қалпына келе ме? Бұл «Ессіз ғашық» толықметрінің сюжеттік желісі. Бүгін жабық көрсетілім.
Адина Бажанның бұл лентадағы кейіпкері – Әсел. Өте аңғал, жақсылыққа сенетін, арманшыл қыз. Кездейсоқ жолықтыратын сүйіктісі – Рүстем Алмағамбетов.
– Рүстеммен сүйісу сахналары бар ма?
Адина Бажан, актриса:
– Жоқ. Өкінішке орай десең иә? Шучу.
– Жігітің қызғанбай ма?
– Жоқ, бәрі жақсы. Ол менің жұмысымды бағалайды. Мені бағалайды.
– Бұл фильмде Рүстем екеуің ерлі-зайыптыларды ойнайсыңдар. Негізі өзің өмірде тұрмысқа шығуға дайынсың ба?
– Иә, дайынмын. 25-темін если что. Конечно дайынмын. Я хочу родить ребенка по идее. Не хочется рожать его в 30 лет.
«Краштардың» қатарын толықтырып жүрген – Рүстем Алмағамбетов. Актердың мансабында өрлеу басталған. «Ессіз ғашықтан» бөлек, Рүстем басты рөлді сомдаған 3 бірдей картина күз айларында жарыққа шықпақ. Айтпақшы, Алмағамбетов актерлықтан алыс.
– Фитнес-жаттықтырушыдан, актерға дейін. Спорт зал қалды ма?
Рүстем Алмағамбетов, актер:
– Мен қазір әлі де жұмыс істеп жатырмын. Спорт залда тренер болып. Және осы съемкаға қатысамын.
– Аз уақытта бірнеше толықметрде басты рөлді сомдап үлгердіңіз. Күн санап көтеріліп бара жатырсыз. Крышаңыз кім?
– Крышам «Tiger films».
– Ал өмірде есіңізді жоғалтып ғашық болып көрдіңіз ба?
– Енді олай... Жоооқ.
– Сізге қарасам, тек өзіңізді жақсы көретін сияқтысыз.
– Жоқ, жоқ. Олай емес.
– Танымалдығыңыз артып жатыр деп жатырмыз ғой. Соған байланысты жазатын қыздар да көп шығар? Жауап бересіз ба? Дайрект оқисыз ба?
– Жоқ жауап бермеймін.
– Бәсе, менің сообщениемді оқымадыңыз ғой.
– Достар, мен ессіз ғашық болып қалдым.
Аз уақытта танылып үлгерген Рүстемді желіде Айжұлдыз Адайбековамен қосатындар көп. «Жарасасыңдар», «Керемет жұп», «Бақытты болыңдар» сынды пікірлер тола. Бұған қатысты Джулидің өзі былай дейді:
Айжұлдыз Адайбекова, блогер, актриса:
– Біздің бір бірімізге қарым-қатынасымыз ағалы-қарындасты сияқты. Себебі былай қарасаңыздар, біз ұқсаспыз. Біз ұқсаймыз және біздің жасап жатқан контент, неше түрлі коллабтар өте жақсы өтеді. Себебі, біздің ішкі дүниеміз де ұқсайды.
Фильмде алдау-арбау көрініс табады. Ал: «Шоу-бизнес өкілдері қаншалықты сенгіш?»,- деген сауалды жұлдыздарға қойып көрдік. Бағлан Әбдірайымовтың жауабы былай болды:
Бағлан Әбдірайымов, әнші, кинопродюсер:
– Егер мен алданатын болсам, яғни мен кезінде біреуді алдағам. Соның қарымтасы маған келді деген сияқты.
– Карма ма?
– Иә, иә.
– Егер менің хақыма кіріп алдап кететін болса, ол қалай болғанда да өзінің түбі желкесінен шығады.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ессіз ғашықтардың хикаясы қалай аяқталады? Адина мен Рүстемнің махаббаттары не болмақ? Рүстем сүйгенінің өтірігін кешіре ала ма? Үлкен экрандардан көре аласыз!
«Ессіз ғашық», режиссер: О. Бахтеев