«Бостандық», «Жаныма кел», «Сұп-сұлу» сынды тректермен танылған Серік Гамза-задені соңғы кезде сахналардан сирек көретін болдық. Бұған қатысты Серіктің өзі былай дейді:
Серік Гамза-заде, әнші:
– Соңғы кезде мен Шымкенттемін. Өзімнің туған жеріме көштім. Алматыда 5-6 жыл жұмыс жасап, продюсермен жұмыс тоқтаған соң, ата-анам жалғыз үйде. Қастарына қолғабыс болайын деп. Сол кісілердің қасындамын және біраз уақыт пауза ұстадым. Енді-енді бастап жатырмын әндер шығарып.
Төрт ай бұрын жарық көрген «Ұнадың» әні ютуб хостингінде 1 миллион 700 мың қаралым жинап, хит болған еді. Трек тиктокта да тренде. Туындыға жарты миллионға тарта видео түсірілген.
– Кездейсоқ солай тренд болып кетіп жатыр ма? Әлде тиктокқа ықшамдап, ыңғайлап жазып жатырсыз ба?
Серік Гамза-заде, әнші:
– Менде ешқашан тиктокқа ыңғайлауым керек, инстаграмға ыңғайлауым керек деп ойламаппын. Өзіме қандай ән ұнайды, сондай ән айтқым келеді. Оның үстіне тиктокта жүрген әндердің көбісін мен ұзақ уақыт ала алмай жүріп, қолыма түскен әндер. Үлкен еңбегі бар әндер болғаннан кейін халыққа ұнаған шығар деп ойлаймын.
Серік іздеген, хит болған тректерінің авторы – Қазыбек Құрайыш екен. «Қазіргі таңда Қазыбекпен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұйыртса жақсы туындылар жарық көреді. Арамызды атақ та, ақша да бұза алмаған досым ғой»,-дейді Серік.
Серік Гамза-заде, әнші:
– Арамызда ақша жүрмепті әлі Қазыбек екеуіміздің. Осы концерттен кейін сұрай бастамаса уже. Брат, мен уже қымбат әншімін деп.
– Алматыға көшіп келу, қайтадан келу жоспарыңызда бар ма?
Серік Гамза-заде, әнші:
– Алматыға келу негізі ойда бар. Бірақ қазіргі заманда продюсер дегеннің заманы емес қой қазір. Өз әніңді шығарып, әлеуметтік желі деген қатты дамып кетті ғой. Қай қалада болу маңызды емес сияқты менің ойымша. Семей, Өскеменде де отырып алып хит болып жүрген жігіттер бар да.