Махаббат шабыттандырды! M’Dee қашан шаңырақ көтермек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

- Трендтегі нью-скул әншілердің ұстазы, продюсер, композитор, хитмейкер - M’Dee! Біз бүгін оның жеке кешіндеміз. Әнші Ресейден елге оралғалы белсенді. Мәди Тоқтаровтың жеке өмірі, лейблы және шығармашылығы туралы дәл қазір сұқбаттасатын боламыз.

«Закрытый клуб» - M’Dee былтыр күзде ашқан лейбл. Жас болса да продюсер әрі музыкалық жетекші ретінде Мадидің жетістіктері көзге ұрып тұр. Ayau, abdr, Rusha, Qair – хитмейкерлер қатарында!

M’Dee, музыкант, продюсер:

- Сіздің «Закрытый клуб» лейблыңыз кеңейіп жатыр. Qair есімді жаңа әртісті таныстырдыңыз. Qair-дың жетістіктері қалай болып жатыр?

- Қаирда әзірге тек тректері жарық көріп жатыр. Мүмкін күзге қарай EP альбом жасайтын шығармыз. Әзірге Каир есімін таныстырып алғымыз келеді.

M’Dee, музыкант, продюсер:

- Қалай ойлайсыз, Каир Аяудың жетістігін қайталай ала ма?

- Негізі иә, мен біздің лейблдағы әрбір әртіске сенемін. Бірақ музыканттарды бір-бірімен салыстырмаймын. Әрқайсысының өзіндік болмысы, стилі болуы керек.

- Ал әртістерді қалай таңдайсыз?

- Ең бастысы «X-Factor» сияқты болса деймін. Ән жаза алмаса да, тіпті музыкамен кәсіби айналыспаса да болады. Мен үшін маңыздысы олардың ниеті.

M’Dee лейблындағы әртістердің барлық жағдайын жасап қойған. Музыкант өнерпаздадың әнін жарнамалайтын дистрибютерлік орталық та ашты.

M’Dee, музыкант, продюсер:

- Сенің «Закрытый клуб» лейблыңнан бөлек «3K» атты дистрибютерлық орталығың ашылды. Өзің Ресейде жинап келген тәжібриеңді осы жақта салып жатсың ба?

– Тәжірбиені енді жинап жатырмын. Жақындағы жасым 24-ке толды. Қазір қателік көп жасаймын, бизнес болған соң, кіріс те шығыс та болатынын түсіндім. Әсіресе өнерде.

«+1 инста жұп» дәл осылай 7 ай бұрын M’Dee желіде өзінің сүйіктісін таныстырды. Өнерпаздың ғашығы да танымал. Ол фэшн блогер әрі модель - Гүлсезім Хасен. Еске салсақ, Гука НТК телеарнасындағы «Шыңға шық» телехикаясында бой көрсеткен еді.

M’Dee, музыкант, продюсер:

- «Асыл жаным» бейнебаянында Гүлсезім Хасенді байқадық, басты рөлде, бұл кімнің идеясы болды?

- Бұл менің идеям. Гукаға деген махаббаттан шыққан ән. Оның басты рөлді сомдауы заңдылық.

- «Асыл жаным» соңғы шығарған туындыларыңыздың бірі. Ең бір қызықты факт, тректің авторларының бірі – Гука екен. Сіз өзіңіз көмек сұрадыңыз ба?

- Иә. Қазақ тілінде ән жазу үшін менің сөз байлығым жеткіліксіз болғандықтан Гукадан көмек сұрадым. Автор ретінде жұмыстың көп бөлігін Гука жасады.

M’Dee, музыкант, продюсер:

- Осыдан 7 ай бұрын инстаграмм парақшаңызға «+1 инста жұп» деп Гукамен ресми түрде мәлімдегеніңіді білеміз, оқырмандарыңыз тойды күтіп жүрген сияқты?

- Тойға әлі ерте, біз бұл туралы әзірге талқыламаймыз.