«Жас қанат» байқауының гранд-финалы өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Димаш Құдайберген есімі – жаһанға етене таныс! Тума талантты байқап, шамшырағын жаққан «Жас қанат» байқауы еді. Бүгін де Әлібек Дінішев, Байғали Серкебаев, Ринат Гайсин, Нұрлан Абдуллин, Динара Сұлтан сынды кіл фирмачтар жаңа жұлдызды іздеуде! Атағы әлемге шарықтайтын өнерпазды дөп таба ала ма?

– Супер финалға 7 емес, 8 қатысушы өткен иә? Бұрын соңды бұндай болмаған.

Арманжан Байтасов, кәсіпкер, «Жас қанат» байқауының бас продюсері:

– Жарыс болғаннан кейін, баға қойылатындықтан сандар сәйкес келіп қалуы мүмкін. Бүгін сондай жағдай болды. Бірдей ұпай алғандар супер-финалда. Сәйкесінше, жүлде қорын да кеңейттік. Бәрін әділ өткіздік.

– Нұрлан ағамыз 1995 жылы, осыдан 28 жыл бұрын «Жас қанатқа» қатысқан екен иә? Жастық шағыңыз есіңізге түсіп, керемет күй кешіп жүрген шығарсыз?

Нұрлан Абдуллин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

– Әрине. Маған сөз берген кезде айтқам: «Жігіттер, біз де осыдан пәленше жыл бұрын аяқ-қолымыз дірілдеп, сахнаның арғы жағында қобалжып тұрған жағдайларымыз болған. Сол күйге түсіп отырмын, сендерді түсінем»,-деп жатырмын ғой енді.

– Финалда Алмагүл есімді қатысушы сіздің трегіңізді орындаған болатын. Қалай айтты? Нақышына келтіріп орындай алды ма?

Динара Сұлтан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

– Менің ойымша, өте жақсы орындады. Ең бастысы әйгілі немесе басқа хиттарды орындағанда өзінше немесе оданда жоғары, жақсы деңгейде орындау керек деп айтамын. Сондықтан Алмагүлдің «Сый» атты әнді орындағаны маған өте ұнады. Көңілімнен шықты.

Алматылық Алмагүл Батталиева бұл бәйгеде үшінші орынды қанжығалады. «Еш өкінбеймін. Еш қай жерде қателескен жоқпын. Бұйырғаны»,-деді қатысушы.

– Ән айтқан кезде тоналистен, мәтіннен қателескен жоқсың?

Алмагүл Батталиева, «Жас қанат» байқауының үшінші орын иегері:

– Жоқ, жоқ. Мүлдем. 100 пайыз.

– Өз өзіңді естіп тұрдың ғой?

– Өз өзімді естіп тұрдым. Ушной мониторинг деген нәрсе болды. Бәріне қуаныштымын. Мен үшін ең бастысы ол – алған тәжірибе. Өйткені «Жас қанат» деген мен үшін аты аңызға айналған конкурс.

– 29-шы республикалық жас орындаушылар байқауының екінші орын иегері – Беназир. Риза. Бас жүлде алған қыз сияқты кәдімгідей?

Беназир Әлімходжаева, «Жас қанат» байқауының екінші орын иегері:

– Бәріне сәлем! Мынандай серебро костюмға прямо жарасады. На этом конкурсе я исполняла свои авторские композиции. Из своего дебютного альбома. Которым скором времени выйдет.

– Нарғыз, неге жылап тұрсың? Бірінші орынға көңілің толмай тұр ма?

Нарғыз Жанұзақ, «Жас қанат» байқауының бірінші орын иегері:

– Жоқ әрине. Қуаныштың көз жасы. Өте қатты қуаныштымын. Бұл тәжірибеден де өттім. Ненің қандай екенін білдім.

Бас жүлде Атыраулық Ерназар Жұбанға бұйырды. Ол 26 жаста. Ерназар 1 миллион теңгеден бөлек, Швейцариядағы джаз-әншілер жарысына жолдама алды.

– 1 миллион теңге жеңіп алдың. Ол аз ақша емес. Қайда жұмсайсың?

Ерназар Жұбан, «Жас қанат» байқауының жеңімпазы:

– Бұны мен өз творчествома жұмсаймын. Мен оны үймен ақылдасамын.

– Бас жүлдеден бөлек, Байғали Серкебаевтың арнайы жүлдесін алдың. Швейцариядағы жарысқа жолдама.

– Шілде айының бесі екен. Оған дейін дайындалу керек. Мен ұтып алғанда қуандым. Содан кейін сразу ойладым: Қалай? Қандай әндер айтам?-деген сияқты.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Міне, осымен үш күнге созылған байқау өз мәресіне жетті. «Жас қанат» тағы бір таланттың бағын жақты десек артық айтқанымыз емес. Жеңімпаздың ары қарай жұлдыздай жарқырауына енді бәріміз куә боламыз.