Ғалым Тобжанов, актер:
Қазіргі балалар бұрынғыдай емес, басқаша. Ойлау қасиеті, басқаша ойлайды. Заманауи спектакль қойған дұрыс деп ойлаймын негізі. * 00:41 «Золушка» спектаклінің маңыздылығы - Принц деп ойлаймын. Ешкіммен жаңағы Принц сөйлеспейді. Өзімен өзі. И ғашық болған деп ойлаймын енді. Ғашықтық бәрі. Адамды өзгерткен.
Сондай-ақ, өнер ордасында биыл мерейтой. Әйгілі театр 120 жылдығын әдеттегідей, көрермендерімен атап өтті.
1,5 сағатқа созылған қойылым француз жазушысы Шарля Перроның ертегілер желісінде жазылған. Шытырманға толы спектальге театр ұжымының ең талантты актрисалары таңдалып алынған.
Кристина Золочевская, актриса:
– Біздің театрдың ерекшелігі біз қойылымдарды кішкентай көрермендерге ғана емес, олардың ата-аналарына, ата-әжелері, тіпті мұғалімдерге де арнап қоямыз. Отбасылық театр десем артық айтпаспын. Себебі, әр ертегі көрерменге қай жаста болмасын берері бар.
Маңызды күнде театр ұжымы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балақайларын арнайы шақырған. Тек бүлдіршіндер ғана емес, олардың ата-аналары да меймандар қатарында.
Алишер Эйнис, актер:
- Дебют болды. Иа, осы театрда мен тек қана зайчик, сосын антогонист болдым. Осы спектакльда маған, біздің главный режиссер маған басты рөлді берді.
Ертегінің ерекшелігі - басты кейіпкердің кішкентай көрермендермен ортақтасып жұмыс істеуі. Себебі, қойылым барысында бүлдіршіндер жасырылған құпияларды бірге іздеп, Күлбикеге тура жол көрсетуге көмектесіп отырды.
Ғалым Тобжанов, актер:
- Енді, ол дұрыс деп ойлаймын бір жағынан қарап тұрсаңыз. Өйткені зрительдермен де қарым-қатынас, көңіл-күйлерін де, залға шыққанымызды да көріп қазір зрительдер қарап, колжетімді деп қасымызда жүргені дұрыс деп ойлаймын негізі.
Келген кішкентай көрермендердің көңілінен шығу үшін, театр ұжымы сахнаға ерекше декорация орнатқан. Оған қоса, өнер өкілдері балаларды мерекесімен құттықтап спектакльден бөлек, тәтті балмұздақтарды да тегін таратты. Балақайлардың көңіл-күйіне қарағанда, мереке керемет өткені сөзсіз!