Айқын үйін қанша қаражатқа салды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

Айқын Төлепбергеннің бүгінде бар уақыты мен фокусы баспанасын аяқтап, көшіп алуға бағытталған. Әнші тапқан гонорарын бәрін үйінің құрылысына жұмсап жүр. Себебі, Төлепберген бұған дейін сатып алған 3 бірдей үйін 3 баласының атына аударып қойған. Салынып жатқан зәулім сарайы Жұлдыз екеуінің ұлы – Санжарға бұйырмақ.

– Үйіңізге қашан кіресіз?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Бүкіл финансының бәрі, көңілдің бәрі сол үйге. Оны бітіргеннен кейін, тағы да бір алдыға супер мақсат қою керекта, соған жетем деген. И сонда өмірің кішкене қызығырақ болады.

Айқынның инстаграм парақшасы жарнамалық интеграцияға толы. Көбінесе құрылыс заттарын өндіретін компаниялармен бартер!

– Новоселиеңіз қашан?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Биыл деп жатырмын енді. Қазір мебель алып жатырмын, уже мебель заказ бердім. Сыртты фасад істеп жатырмыз. Биыл деп жатырмын енді бұйырса. Себебі, ең негізгі расходтың бәрі сол екен: мебель, сантехника, сыртқы фасадының бәрі вообщем. Бұйырса, биыл күзде деп жатырмын, қысқа таман.

– Айқынның осы уақытқа дейінгі жинаған барлық қаражаты кетті ме?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Тауып жатқан ақшамды сол жаққа жіберіп жатырмын. Былай басқа да бизнестарым бар ғой енді, алдында істеп қойған. Бірақ, қазір енді қаражаттың барлығы соған кетіп жатыр. Шынында да, қазір қымбат. Любой нәрсе әйтеуір жоқ дегенде миллионнан басталады ғой. Мына миллион, миллион деп.

– Өткенде түсірілім алаңынан Жұлдыз Өмірғалиді көрдік. Жұлдыз айтады: Айқын менің продюсерім,- дит. Ол қашаннан бері?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Үйленгелі бері мен ол қыздың продюсерімін. Оның киносын мен бірінші түсіріп, көрсетіп енді сериалдарға түсіріп жүрдім. Мысалы мен сөйлесем. Ол мысалы қандай киноға түседі, бағасы қанша, қай уақытта барады мен сөйлесем ол жөнінде. Сосын әндер. Ән жағынан да, толықтай.

– Продюсерлер көбіне пайдаға қарай шешім қабылдайды ғой. Ал, сіз ақылдасасыз ба жұбайыңызбен?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Мен қаламайтын жоба болуы мүмкін. Мысалы біреудің қызын ойнағанда да құшақтасуға болмайды. Әйтеуір, индийский кинодағыдай махаббатты ойнау керек. Себебі, қанша дегенмен актрисадан бұрын ол менің әйелім. Сондықтан, ол званияны бәрінен жоғары санаймыз.

Сондай-ақ, биыл Айқынның сахнада жүргеніне 20 жыл. Әнші бұл мерейтойға орай жоспарларының көп екенін айтады. Алайда өнер иесі тыңдарманға әзірлеп отырған ең басты тосын-сыйды құпия ұстап отыр.

Айқын Төлепберген, әнші:

– 20 жыл сахнада жүрмін ғой. Биыл, 20 жыл болады. Сондықтан, үйреніп қалдым. Жаңағы шығарылған әндерім жастарға да ұнайды деген сөз. Жастарға да, үлкендерге де, бүкіл қауымға ұнайды сөз. Әйтеуір, ол менің көңілімді қуантады.

– Айқын Төлепберген сахнада 20 жыл жүрсе, 20 жылдыққа орай қандай жоспары бар?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Концерт әрине. Биыл бір концерт бергім кеп отыр. Тағы бір нәрсе істегім кеп отыр. Бірақ, оны әзірге айтпай-ақ қояйын.

– Кино?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Негізі ой бар, айтпай-ақ қояйын. Ештеңе айтпай-ақ қояйын.

– Бірақ, кино продюсерлігіңізді жалғастырасыз ғой?

Айқын Төлепберген, әнші:

– Иә, әрине. Міндетті түрде.

Еске салсақ, Айқынның кинопродюсерлігімен таспаланған тырнақалды туындысы 3 жыл бұрын жарық көрген еді. Комедияда Айқын мен жары Жұлдыздың өзі басты рөлде. Енді Төлепберген, кезекті туындысында отбасымен бірге бой көрсете ма оны уақыт көрсетеді.