Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Әсел Сәдуақасованың назарын өзіне қатаруға, шоу-бизнестегі еркек біткен есі кете дәмеленіп жүр. Әсел де мансабы үшін сол серілердің бірін таңдап, тұрмысқа шығуға мәжбүр. Бұл біз бүгін жабық көрсетіліміне келген «Дубай шіркін арман-ай» толықметрінің сюжеттік желісі.
– Бұл фильмдегі кейіпкеріңіз кім? Қандай қыз?
Әсел Сәдуақасова, актриса:
– Кейіпкерім – Анель. Мансапшыл қыз. Бәрі мықты деп ойлайды, бірақ өте нәзік әрі сезімтал. Жұмысында бастық болғаны үшін ғана қатал кейіп танытады. Кәсіпте көтерілуі үшін құрбысымен бірге айналасын алдайды.
– Кинода таңдауыңыз Дәстен Шәкіровқа түседі. Араңызда химия бола ма?
Әсел Сәдуақасова, актриса:
– Дәстенмен жақын доспыз. 15 жылдан бері араласамыз. Осы аралықта бірге көптеген кейіпкерлерді ойнадық. Бірақ басым бөлігі махаббат бағыты болды. Мысалы осы кинода біздің сүйісу сахнамыз бар. Бұған дейін мен бірде бір жобада бұндай қадамға бармағанмын.
– Это поцелуй? Или поцелуйчик?
– Поцелуй. Прямо поцелуй по взрослому. По этому надо посмотреть.
– Дәстен аға, премьера құтты болсын! «Дубай шіркін арман-айда» кімді ойнайсыз?
Дәстен Шәкіров, актер:
– Менің кейіпкерімнің аты – Арман Алиев. Байдың баласы.
– Даааа?
– Иә. Ол негізі байдың баласы. Бірақ, бұл өмірде өзін өзі тапқысы келеді да. Әкесінің көмегінсіз.
Бір телесериал арқылы бағы жанған – Нұргүл Мыңғатова, бұл туындыда басты рөлде ойнайды. Аталмыш картина, актрисаның өнер жолындағы екінші үлкен жобасы.
– Нұргүл ханым соңғы кезде сізді толықметрлерден жиі көре бастадық. Бұл шығармашылығыңызда өзгерістердің басталғанын білдіре ма?
Нұргүл Мыңғатова, актриса:
– Негізі біз соған талпындық қой актриса болғаннан кейін. Осындай деңгейге жету үшін енді, үлкен экраннан көріну үшін үлкен еңбек жасадым. Кішкентай-кішкентай эпизодтардан бастадым. Сериалдар. Сөйтіп-сөйтіп өзі ретімен келді.
– Кинода Әсел Сәдуақасованың құрбысы болып ойнайсыз иә трейлерден түсінгеніміз?
Нұргүл Мыңғатова, актриса:
– Екеуіміздің оқиғамыз негізі бұл жерде. Детдомнан шыққан қыздармыз. Көп нәрсені армандап түбі жақсылыққа жеттік. Бұл да бір ойлаймын, болашақта сондай балаларға үлкен мотивация болады деп.
Бұл жобаны қазақстандық және қырғызстандық сценаристер жазған. Олар Мейіржан Келемеденов пен Ерлан Абдраимовтар. Лентаның трейлері екі ай бұрын жарыққа шыққан еді. Сол сәттен бастап: «Бұл плагиат. Сандра Буллок пен Райан Рейнольдс ойнаған «The Proposal» (ЗЕ ПРОПОЗЛ) картинасының көшірмесі»,-деген пікір қаптады.
Мейіржан Келемеденов, сценарист:
– Бұл ешқандайда плагиат емес. Фильмнің идеясы, кез келген киноны алып қарайтын болсақ, ол басқа фильмге ұқсауы мүмкін. Бірақ та бұл фильм өзі жеке, ешкімге ұқсамайтын, өзіндік сценарийі бар, біздің менталитетке келетін сондай жоба.
– Біз «Дубай шіркін арман-ай» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Фильм ұнады ма?
Еламан Есентаев, актер:
– Фильм өте жоғарғы деңгейде түсірілген. Режиссеры мықты, сценаристері әсіресе өте мықты жігіттер. Арасында составта менің бірінші класстан бері оқыған досым, роднойым бар – Мейіржан.
– Қай эпизоды ұнады?
Еламан Есентаев, актер:
– Маған анау... Күшті сүйіседі екен. Сүйісетін жері ұнады.
– Әсел мен Дәстен ба?
– Иә, иә.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Кіл танымалдар топтасқан комедия көп көңілінен шыға ма? Көрермен қандай баға береді? «Дубай шіркін арман-ай» расында киномандар үшін ыстық кино бола ала ма? Уақыт пен касса құзырында.