Тұрар Ыдырыс 1,5 миллиард халқы бар Қытайды бағындыруға ниетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері сынақтан көз ашпай кеткен Тұрар: «Бұл сапардан серпіліс алғандаймын. Тіпті санамда жаңа әндер туып, бойымды ерек шабыт билеп барады», - дейді. Әншінің Қытайда концерт қойып жүргеніне қарамастан сұқбат сұрадық. Уақыт тауып, видео-интервью жолдады.

 

Тұрар Ыдырыс, әнші:

- Бұл ұсыныс жалпы бізге осыдан бір, бір жарым ай бұрын түскен болатын. Өзімізге де қызық болды. Бұл жақтағылар мені тыңдай ма деген сияқты. Менде өзімде қорқыныш болды кішкене. Бірақ ұйымдастырушылар бұл концертті жасар алдында өздері сауалнама жүргізген екен өздерінің әлеуметтік желілерінде: Кімді шақырайық?,-деп. Сол кезде енді бұйырып біз бірінші орынға шыққан екенбіз.

 

Мини-триптың Тұрарға ұнап қалғаны сонша, енді бұл елде үлкен концерт қоюды жоспарлап отыр. «Қолдаймыз, келіңдер», - деген демеушілер де, жанкүйерлер де жетерлік.

 

Тұрар Ыдырыс, әнші:

- Өте керемет деңгейдегі концерттер болды шынында. Тек қана қазақтар емес, бұл жақта ұйғыр халқы да көп және тағы да басқа халықтар көп. Солардың барлығы келді. Енді бұйырса 10 концерт жасаймыз деген ниетіміз бар. Ұйымдастырушылардан сондай ұсыныс түсіп жатыр. Осы жаққа концерттік бағдарламаларымызбен келеміз.

 

Төрт миллион тұрғыны бар шаһардағы Тұрардың тыңдармандары оны қатты таңғалдырған. «Құшағым гүлге толып, сыйлықтар сыймай кетті. Жанкүйерлік ету мәдениеті жоғары екен», - деп таңдай қақты.

 

Тұрар Ыдырыс, әнші:

- Қызық оқиғалар… Енді бұл жақтағы көрермендердің, тыңдармандардың ықыласы бөлек. Әрбір тыңдарман өзінен бір сыйлық жасауға, бір гүл ұсынуға немесе ойыншық болсын бірдеңе беріп қалуға тырысады. Сондықтан өте керемет деңгейдегі естеліктер болды. Өте күшті көңіл күймен елге оралып жатырмыз. Біз қазір Пекин қаласындамыз. Бір-екі күнде Құдай қаласа елге ораламыз.

 

Тұрардың концерттері жалғасады. Ендігі бағыт — Қызылорда. 21 мамыр күні тұңғыш астана тұрғындары, қазіргі хиттар мен оның авторының кешіне куә болмақ.