Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бұл лента – Елтебер атты елші туралы. Оқиға 1311 жылы Алтын Орда қағанатында өрбиді. Ең қызығы консул, әлдебір тылсым күштің арқасында қазіргі заманға тап болады. Солайша өзінің 29-шы ұрпағын кезіктіреді. Сюжеттің желісі қызық иә?
Тарихи туындының түсірілімі Алматы қаласынан 60 шақырым жерде Есік қорғанында өтіп жатыр. Өткен ғасырдың батырын әрі елшіні – Олжас Әлжанов ойнайды. Дәл осы кейіпкер үшін Олжас тыңғылықты дайындықтан өткен екен. Процесс кезінде басты рөлдегі актердан интервью алу оңайға соқпады. Өйткені образда болды.
– Біз басты рөлдегі Олжасты күтіп тұрмыз. Себебі қасына жақындауға қорқып жүрмін. Кәдімгідей образға кіріп дайындалып жүрсің иә?
Олжас Әлжанов, актер:
– Дайындалдым шыны керек. Мына жобаға кәдімгідей барынша дайындалдым. Ерлан Карибаев деген мұғаліммен, осы сценарий бойынша. Әр сахнаны қалай ойнаймыз деген сияқты дайындықтардан өткем.
- Ал шашыңды қанша уақыт өсірдің? Өзіңнің шашыңды?
- Өзімнің шашымды бір үш ай шамасында өсірдім. Өйткені маған шаш жалғады ғой. Үш сағаттай отырдым шаш жалғаған кезде. Жалғау үшін маған өсірсін деді. Сақалымды өсірдім. Мына жақтары енді қатты өспейді.
– Фильмге дайындалдым деп жатырсың. Тарихты да ақтарған шығарсың? Елтебер деген елші расында болған ба екен?
– Оны айта берейін ба негізі...? Шынымды айтсам, сценаристің айтуынша бұндай кейіпкер жоқ. Өмірде болмаған. Бұл ойдан тапқан елші.
Туынды да басты рөлдердің бірін – Еламан Есентаев та ойнайды. Бұл Еламан төбе көрсетіп жатқан төртінші толықметр. Есентаев кейіпкерінің құпиясын ашқысы келмеді.
– Жалпы образың туралы айтсақ?
– Жалпы образым қазіргі ХХІ ғасырдың жас баласы. Образ дегенде... Қарапайым жігіт. Городской жігіт.
Жақында ғана өзі кинопродюсерлікті қолға алған актердың бізге гонорары қызық болды. Бірақ Еламан бұл сауалды «Батыр из прошлого» картинасының продюсерлерімен ақылдасуды жөн санады.
– Гонорарыңа тоқталайықшы?
Еламан Есентаев, актер:
– Дәл осы фильмге шыны керек су тегін түсіп жатырмын. Жалпы проект өзіме қызық болды.
– Елтебердің 29-шы ұрпағы – Рамазан Амантай. Кинода – Диас. Қалай өтіп жатыр түсірілім? Неге көңіл күйің жоқ? Әлде қиын болып жатыр ма кірісіп кету?
Рамазан Амантай, актер:
– Жоқ, кеше ғана сапардан келгем ғой. Сол жолдың шаршауын шығара алмай жүрмін. Оның үстіне маған даладағы, қоғалатын сахналар сәл қиынға соғады. Бірақ жандүнием айқайлап тұр. Сіздерді көріп вообще қуанып тұрмын.
– Кинода тарих туралы сөз болады. Ал өмірде ата тегіңді зерттеп көрдің ба?
– Менің әкем өзі шежіреге қатты мән беретін кісі. Шежірені жаттап алған кісі десе де болады. Тек өзіміздің ғана руымызды емес, бүкіл ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз. Барлығының дерлік шежіресін жаттаған кісі. Кішкентай кезімізден құлағымызға құйып өсірді да.
– Дәл қазір жеті атаңды сұрасам айтып бере алатын шығарсың?
– Жеті атамды айтып бере аламын. Ол проблема емес. Қазір просто басталайын деп жатыр.
- Айта салайық та енді?
- Әкеден бастайды ғой бірінші. Болат, Амантай, Мамыт, Тұңғатар, Артық, Нұржау, Нұрбай.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ерекше, шым-шытырық, шытырман толықметр, биылдан қалмай үлкен экрандарға жол тартада. Елтемірдің елшілік қызметіне көрермен, сол кезде баға береді.