Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһанды қолдады! Қандай көмек берді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

  • Жаһан Отарғалиев кинопродюсерлікке келгелі айы оңынан туып тұр! Алғашқы фильмі 850 млн бокс офис жинап, қаланың қақ ортасынан үй алуға, тағы екі толықметр таспалауға жетті. Бүгін Жаһанның тағы бір туындысы «Джохан-2»-нің жабық көрсетіліміне келдік! VIP кештің атмосферасымен қазір бөлісетін боламын.

Кинопродюсер әдеттегідей өнердегі әріптестері мен күллі шоу-бизнес өкілдерін жинады. Жаһан тіпті бұл жолы президентті де жабық көрсетілімге шақырған.

Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:

  • Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты шақырған болатынмын. Біз сияқты қарапайым жігіттерді қолдай ма ағаларымыз деп, сүйтіп шақырған болатынмын. Аллаға шүкір, өзі келе алған жоқ, бірақ кеше премьераға президент аппараты келді, сол жақтан қонақтарымыз келді. Отбасыларымен келіп, Мәдениет министрі келді, бәріне ұнады.
  • «Джохан» көрерменнің көңілінен шықты бірақ сіз екіншісін одан ерекше дедіңіз, несімен ерекше болады?
  • Отбасылық құндылық, екіншісінде сол нәрсе екі есе көрсеттік деп ойлаймын.
  • Сіз кинопродюсер атанғалы бері, айыңыз оңынан туған сияқты, үй алдыңыз, үйлену той жасадыңыз, үшінші картинаңызды таспаладыңыз....
  • Осы жолы мен бірден үй алып тастадым, көрермен уайымдап жүрген. Енді тек көрерменге міне киномызды ұсындық, соны барып көрсе болды.

Балжан Бидаш, әнші, блогер:

  • Бұл енді біздің отбасылық туынды десек болады. Сондықтан қобалжу бар.
  • Бірінші «Джохан» фильмінде сенің әндеріңді естіген едік, екінші бөлімінде атсалыстың ба?
  • Осы фильмнің композиторы, Мона, Мона Сонгз деген әнші жігіт. Маған арнайы ән жазып берген болатын. Соны енді қосты ма, қоспадым ба білмеймін әлі.

Dameliya Sweet, блогер:

  • Дәл қазір менің жанымда «Джохан 2» фильмінің басты кейіпкерлерінің бірі Dameliya Sweet тұр. Алғашқы толықметр деп айта аламыз ба?
  • Иә, алғашқы, алғашқы
  • Толықметр өте жауапкершілігі мол деп жатады, сол жауапкершілікті сездің ба?
  • Иә негізі, блогер ретінде айтсам, камераның артында 2-3 адам тұрады, бірақ кинода 40 адам сені күтіп тұрады. Ол кішкене маған қиын болды.
  • Жахан айтып жатыр, Дамелия қазақ тілінен қиналды деп?
  • Кинодағы қазақша әдеби болғанда, «қалыңыз қалай», «көмектесе аласыз ба», «енді не істейміз» деген сондай сөздер да. Біз негізі өмірімізде «че там» «қалың қалай» «не» солай сөйлейміз да.

Шерхан Пірназар, актер:

  • Кезекті премьера құтты болсын, бүгінгі таңда премьерадан уақытыңыз жоқ сияқты?
  • Аллаға шүкір.
  • Бүгін премьерада байқап қарасам қызыңызбен келдіңіз, отбасыңыздың барлығы келді ма?
  • Жұбайым, жолдасым одан кейін қызым.
  • Сізге деген сұраныстың артуының сыры бар ма?
  • Білмеймін, мүмкін...
  • Жоқ, ол немен байланысты, талантыңыз ба әлде таныстыңыз ба?
  • Кастингке шақырады, бағымды сынап көремін, енді, Алланың қалауымен өтемін.
  • Бір қызығы сіздің жұбайыңыз кастинг директоры, ол кісінің ықпалы тимей ма?
  • Жоқ енді оның ешқандай қатысы жоқ. Кейде бір жобада жұмыс істеп қаламыз, бірақ енді дегенмен ол жерге мен таза режиссердің шақыртуымен кейбір жағдайда сол бірге фильмдерге түсемін.

«Джохан 2» фильмінің премьерасы «Меховая 8\1» тобының концертіне айналғандай. Жігіттер жабық көрсетілімде өздерінің су жаңа әндеріннің тұсауын кесті.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

Көрермен ретінде өзіңіздің пікіріңізді білгіміз келеді?

  • Кино бойы жыладық, күлдік, көңіл-күй, біресе түсті, біресе жыладық. Серік Ибрагимов, әнші:
  • Екіншісі басынан бастап адамды өзіне қарай алып кетті, оқиғаның үстіне оқиға, керемет, өте жоғары деңгейде баға беремін.
  • Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
  • Фильм барысында қанша рет телефоныңды шұқыладың?
  • Мен мүлде шұқылаған жоқпын. Мен бұл киноны екінші рет көріп тұрмын, жабық көрсетіліміне барғанбыз.
  • Ұнады ма?
  • Иә, ұнады
  • Қай сахна есіңде қалды?
  • Кинода аяққа пышақ тығатын жері. Өте қатты.

Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:

- Бірінші бөлімі 850 млн жинады деп айттыңыз, екіншісі миллиардттан аса ма?

- Үмітіміз бар. Ар жағында қанша табыс табады, қалай болады, ар жағында маңдайымызға жазғанын көреміз.

- Сіз инстаграмда бір қызығы премьера алдында аяғымнан шалатын адамдар көбейеді деп салған едіңіз...

- Ол көреалмаушылықпен жасалатын дүние деп ойлаймын өзім негізі. Енді оны кім жасап жатқаны, мен өзім білмеймін, айтқым келетіні, қазақтан бір-біріміздің аяғымыздан шалмайықшы.

Жахан үшін бұл күн ерекше. Себебі, дәл осы күні актерға су жаңа

гелендваген сыйға тартылды. Ал, Отарғалиевке көлік берген фильмнің басты демеушілері.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:

  • «Джохан - 2» картинасымен Жаһан 1 миллиард касса жинауды межелеп отыр! Мықты бәсекеге төтеп беріп, талғамы өскен көрерменнің патша көңілін таба ала ма? Касса көрсетеді!

Мадина Сәдуақасова, әнші:

  • Фильмде отбасылық құндылықтар көрсетіледі, сіздердің отбасыңызда маңызды құндылықтарды атап айта аласыз ба?
  • Ой жаным, енді ең бастысы ол әрине, сыйластық, сыйластық, махаббат. Енді құндылыққа жата ма ол міндетті түрде. Ер адам, әйел адамды, өзінің жарын, ал жары өзінің жолдасын міндетті түрде сыйлап құрметтеу керек.

Серік Ибрагимов, әнші:

  • Жалпы бір-бірін сыйлау, құрметтеу, түсіну, бір-біріне қолдау көрсету. Өсіріп жатқан ұлымыз бен қызымызға жақсы тәрбие беру.

Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:

  • Бір-бірімізді түсінеміз, сыйлаймыз, бір-бірімізбен әзілдесеміз.