Айдана Шалқар, @aiudna
- Берік Айтжанов, Асқар Ілиясов, Данияр Алшынов, Еркебұлан Дайыров! Сіздіңше бұл актерлардың қайсысы үздік болуға лайық? Дәл қазір бірге көретін боламыз! Себебі, біз бүгін дәстүрлі түрде өтетін «Сыншылар таңдауы» байқауының марапаттау кешіне келдік! Тартысты бәсеке болары сөзсіз.
- Сіздер үміткерлерді таңдаған кезде қандай талаптар қоясыздар?
Дана Әмірбекова, кинотанушы
-Біздің негізігі критерий ол әрине кәсібилік, идея. Себебі, жақсы идея болмаса, мықты сценарий болмаса ешқандай туынды дұрыс шықпайды.Біз сыншы болғандықтан біз жай көрермен сияқты көрмейміз, өкінішке қарай. Біз оны кәсіби тұрғыда бағалаймыз, бағамдаймыз. Және бұл жолы бізге өте қиын болды. 1 жылда өздеріңіз естігендей 60-қа жуық фильм жарыққа шықты. Бәрін осы 1 жыл көлемінде көріп шығуға тура келді.
-Сіздер осы шорт листке, лонг листке енген номинацияларды қалай таңдайсыздар?
-Дауысқа салу арқылы.
Үздік актер – бұл жылы Берік Айтжанов! Қанжығасына мүсіншені салып берген – Әділхан Ержановтың «Голиаф» арт-хаус картинасы. Бірақ, актердің өзі жүлдені алуға келген жоқ. Себебі, Өзбекстанның Хиуа қаласында түсірілімде жүр. Мұнда Нетфликсте көрсетілетін «Темірлан» картинасы таспаланып жатыр.
Жандос Айбасов, актер:
- Біз жақында Өзбекстаннан қайттық. Қазір Америка, Өзбекстан, Қазақстан бірігіп «Темірлан» деген тарихи кино түсіріліп жатыр. Бұл біздің өзіміздің Ақсақ Темір жайлы Темірлан. Біздің өзбек бауырларымыз Америкаға шығып, Америкамен бірігіп, сол киноны нетфликске шығармақшы болып жатыр.
-Ерболат аға, бүгінгі марапаттау кешінде «Қосалқы рөлдегі ең үздік актер» деген марапатқа ие болдыңыз. Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Қандай әсерде тұрсыз?
Ерболат Әлқожа, актер:
- Бұл менің өмірімде 2-ші рет алып тұрған сыйлығым. И осы бір фильмнан «Бақыт» арқылы. Мысалы, Испанияда ең үздік ер адам рөлін алсам, ал осы жерде Қазақстанда ең үздік ер адамның екінші пландағы жүлдесін алып отырмын.
-Жалпы сіздің «Бақыт» туындыңыздан кейін сіздің образыңызды кейбір көрермендер қабылдай алмады. Бұл сізге психологиялық тұрғыда әсер етті ма сізді көрермендердің қабылдай алмауы?
- Олар мені қайрады. Енді әрі қарайғы бағыт тағы да көрерменді таңғалдыру үшін мен қазір жұмыс үстіндемін. Әрине маған да ауыр болды. Мен енді сол фильмға түскенннен кейін сол рольды бір 6 ай ма, бір жылдай ма шыға алмай жүрдім ғой.
Берлиналиде көрермен көзайымы болған «Бақыт» биыл олжалы. Себебі, «ең үздік әйел бейнесі» жүлдесі де драманың қоржынына салынды! Мүсінше -Лаура Мырзахметоваға бұйырды!
Ал «Бақыт» фильміндегі образыңызды сіздің жақындарыңыз, отбасыңыз қалай қабылдады?
Лаура Мырзахметова, актриса
-Менің өзімнің әке-шешем ағаларым бауырларым көрген жоқ. Бірақ отбасымнан жолдасым көрген жоқ. Көрмей-ақ қояйын деді. Жалпы ол менің түскен фильмдерімді көрмейді, театрдағы ойындарыма бармайды, көрмейді. Көрмей, тыныш жүре бергенім жақсы дейді.
-Неліктен сіздің түскен киноларыңызды көрмейді?
-Енді көңілім қалып қояды деп ойлайды. Мүмкін басқа біреулер күйеуімді ойнайды, қызғанып қалам деп ойлайтын шығар.
Үздік драмалық фильм -Макс Акбаровтың продюсерлігімен таспаланған – «Ағайындылар» туындысы! Ал, үздік дебют – Айсұлтан Сейітовке тиесілі! Сыншылар пікірінше «Қаш» жыл жаңалығы болды.
Үздік жанрлық фильм мүсіншесі – «Дос-Мұқасан» картинасына бұйырды! Байопик сыншылар түйсігінде – тыңнан түрен сала алды!
Бұған қоса каскадерлікке қосқан үлесі үшін арнайы жүлдесі – Номад станс жетекшісі Жандарбек Күнғожиновке табысталды. «Сыншылар таңдауы» байқауында 21 сыншы қазылық етті. «Бұл сайыста ең бастысы кәсібилік пен идея» - дейді сыншылар.