Қазыбек Құрайыш қарызға кіріп кеткен! Оны қиындықтардан құтқарған не нәрсе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бүгін мұңды, сырлы кештеміз. Қазыбек Құрайыш – қазіргі таңда шоу-бизнестегі ең жұмбақ әртістердің бірі. Бүгін ол Алматының қақ төрінде, республика сарайында жанды дауыста жеке кешін өткізіп жатыр.

Қазыбектің концертінің билеті екі аптаның ішінде-ақ солд аут болған. Кеш кезінде жұрт құлағында жатталған 15-ке тарта ән шырқалды. Шара жүргізушілер Аңсаған мен Дәке болды.

– Қазыбек туралы бір қызықты факт айтшы, біз білмейтін? Ел білмейтін, инстаграм жұртшылығы білмейтін?

Дәулет Исраил, блогер:

– Қазыбек басында өлеңдерінің бәрін қарыздарын, несиелерін жабу үшін шығарған. Ән жазып, сатқан. Қазір өзіне жазады. Бір оқиғасы бар, Астанада концертте айтып берген. Асүйде отырып, несиесінің уақыты асып кеткен соны төлей алмай тұрған ғой.

Кештің арнайы қонақтарының бірі – Серік Гамза-заде. Серік қазіргі таңда Қазыбекпен тығыз шығармашылық байланыста екенін айтады. Әнші досымен болған қызық жайтпен де бөлісті.

– Қазыбекпен бір қызық оқиғаңыз бар ма? Айтып беріңізші?

Серік Гамза-заде, әнші:

– Ол тойда ғой. Бір бай кісілердің тойы болып жатты.Бізге айтқан ғой тек қана флешка алып келесіңдер. Аукс деген нәрсе болмайды деп. Ал Қазыбектің қасында, қойылымдарында мен жүрем, көмектесем. Бізге ноутбук табылмайды. Бізге флешка алып келіңдер болды деді. Біз флешкамен барамыз. Қазыбекті хабарлап жатыр Қайрат Әділгерей. Ал біздің екі флешка да оқымай қалады ғой. Ана кісілер қарап тұр бізге телефондарыңды қалдырып кетіңдер деген ғой. Біз қалдырып кеткенбіз. Телефон да жоқ қолда. Музыканттың ноутбугында бар екен. Қазыбектің минусовкасы, музыкантта бар екен.

Қазыбек Құрайышты сұқбатқа көндіру оңай болмады. Әртістің ішкі принциптері бар екен. Бірақ шара жайлы, бірер ауыз айтуға келісті. Қала берді, НТК-ға берген тағы бір уәдесі де бар.

– Бүгін НТК-да расында да эксклюзив! Себебі Қазыбек Құрайыштың бірде бір сұқбаты жоқ. Бүгін бізге: «Бір ғана сұрақ қойылсын»,-деген райдермен келісім беріп отыр. Неліктен?

Қазыбек Құрайыш, әнші:

– Мен негізі сұқбатта не айтатынымды білмеймін. Бүгін бізде Алматы қаласындағы алғашқы жеке концерт. Сіздердің келгендеріңізге көп-көп рақмет! Бұйыртса бір жақсы багаж жинап алған кезде, үлкен сұқбатпен барам программаларыңызға. Көп-көп рақмет! Енді... Сол күнге жете берейік, енді не дейміз...

Кештің тағы бір күтпеген қонақтарының бірі – Бағжан Октябрь. «Япыр-ай» мен «Кара севданы» орындағанда жұрт сілтідей тынып, тебіреніп тыңдады. Бағжан мен Қазыбектің бұл концертке келісімдері қызық болыпты:

– Қазыбекті қай уақыттан бері танисыз? Қалай таныстыңыздар?

Бағжан Октябрь, музыкант:

– Қазыбекпен өмірде бүгін ғана көрісіп тұрмын бірінші рет. Біз бүгін алғашқы рет көрістік. Былай инстаграмда осыдан 6-7 ай бұрын өзім сторис салған: Дауысы әдемі екен,-деп. Мен шыны керек ол кезде көп білмейтін едім біздің қазақстандық әншілерді. Қазыбекті салдым, сөйтіп жазылдық бір - бірімізге.

– Бір ай бұрын концерт туралы келісімді қайда жасадыңыздар? Инстаграмда ма? Вацапта ма?

– Инстаграм, директта.

  • Директте кәдімгідей осындай үлкен концерттің келісімшартына баруға болады?
  • Болады.
  • Мәссаған.
  • Арада қандай да бір гонорардың келісімшарты, қаржылай келісімшарт бар ма?
  • Жо-жоқ. Ондай ештеңе жоқ.

– Қазыбекті қай уақыттан бері танисыз? Сол «Таптым-ау» шыққалы бері ма?

Серік Ибрагимов, әнші:

– Негізі оның алдында танысқан екенбіз. Біздің таныстығымыз біртүрлі болған негізі.

  • Қызуқанды Секе бірнәрсе айтты, немесе...
  • Жоқ. Қазыбекпен, қасында Ізбасар деген бауыры досы бар. Сол бауырымның студиясына Астанаға барған кезде, танысып сол кезде. Бірақ ол кезде ол ән жазбаған. Бірақ сол студияда ән айтады, қарайды, тыңдайды. Сол кезде танысып қайтып бара жатқан кезде, барлығымен қоштасып, сол Қазыбектің қолын алмай кеткенмін ғой байқаусызда. Сөйтіп қолын алмай кеткем. Қазыбек бүйтіп қалып кеткен ғой енді. Содан Қазыбек ыңғайсызданып қалған ғой, ұялып. Ішінен ойлаған ғой: Е мына ағамыз кеткен екен ғой. Көкірек, тәкаппар. Мен оны байқаған жоқпын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Есті әндердің орындаушысы, әлі талай хиттермен тыңдармандарымды қуантамын дейді. Ал бүгінгі 2 сағатқа созылған кеш те мәресіне жетті.