Еркебұлан Тоқтар ММА-ден кетеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз бүгін Балуан Шолақ спорт сарайында, октагон лигасының алтыншы кәсіби турниріндеміз. Ол оралды! Еркебұлан Тоқтар бүгін ирандық Паям Назаримен жекпе жекке шығады. Еркебұлан 2021 жылы, маусымда дебют алған еді. Екі жеңілісі, бес жеңісі бар.

Бұл кештің басты хедлайнері – Еркебұлан Тоқтар болды. Одан бөлек, 28 файтер бақ сынасты. 16 кездесу өтті.

– Нұраддин октагон лигасының негізін қалаушы әрі президенті. 15-ке тарта біздің қазақстандық қыз-жігіттер бар екен. Қалай іріктеп аласыздар?

Нұраддин Садықов, «Octagon league» президенті:

– Бұл жекпе жек әуесқой емес, кәсіби болғандықтан әлемдік «Fait matrix» және «Tapolji» деген сайттар арқылы, сол жерде кімнің рейтингтері жоғары солармен жұмыс жасаймыз. Сол арқылы іріктеліп алынады.

– Еркебұлан Тоқтардан бөлек, кештің ен айтулы бойы кімде?

Нұраддин Садықов, «Octagon league» президенті:

– Енді бұл жерде мынау деп астын сызып айту қиындау. Басты жекпе жек, көпшілік күткен бұл жартылай орта салмақтағы чемпион, бахрейындық – Магомед Магомедовпен, қазақстандық Әділ Боранбаев арасындағы жекпе жек. Одан бөлек Олжас Есқараев пен қырғызстандық Ақылбектің жекпе жегі. Одан бөлек, Феруза Шарипованың да жекпе жегі бар.

Феруза Шарипова ресейлік қарсыласы Илона Бондаренконы 13 секундта жайратты! Бірақ қарсы тарап реванш сұрады. Ферузаның өзі болса: Мен кез келген ұсынысқа ашықпын,-деп отыр.

– Реванш сұрады?

Феруза Шарипова, спортшы:

– Без проблем.

- Қанша уақыт керек саған?

- Ертең болса да шыға берем

- Шын ба?

- Иә.

- Бүгін міне... Түсіре аламыз ба? Қолдап кішкентай ұлың келді иә?

- Иә.

- Тағы кімдер келді?

- Анам, әкем, ағаларым.

Еркебұлан Тоқтар октагон алаңына шыққанға дейін, кеш көркін Упучук лақап атымен танылған файтер әрі блогер Әділет Айтжанов қыздырды. Ол қырғызстандық аттасы Әділет Ақылбековты бірінші раундта-ақ сұлатып салды.

– Бүгінгі бойдан гонорарыңа не аласың?

Әділет Айтжанов, блогер:

– Гонорарымды әкем мен анама беремін. Өйткені олар қатты уайымдады. Екеуін санаторийға жіберемін.

– Миллионға жете ма ақшаң?

– Сондайдың төрт бесеуі.

Асыға күткен жекпе жек 1,5 раундта-ақ аяқталып қалды. Отандасымыз ирандық Назариге есе жіберіп алды. Қылқындыру әдісін қолданған Паям жеңіске жетті. Өнер өкілдері мен Еркебұланның достары оған барынша қолдау білдірді.

Altair, әнші:

– Еркебұлан жақсы жігіт өте. Спорт болғаннан кейін жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Жеңілген ешқашанда адамға оңай келмейді. Ол жігіттің эмоциясы бар. Жалпы маған қойылған сұрақ болғаннан кейін, мен ол сұраққа жауап бере алмаймын никак.

- Өзің өйткені жеңіліп көрмегеннен кейін иә?

- Мен жеңіліп көрмегеннен кейін ондай нәрсені айта алмаймын. Ертең мен жеңілсем, мүмкін одан да жаман нәрсеге барар ма екенмін.

Еркебұланның дәл осы сөзі, әлеуметтік желіде мемге айналып кетті. Бірақ аға-бауырлары оған барынша қолдау білдіру керектігін айтады. Жекпе жектен кейін актердің сұқбат беруге шамасы болмады. Орнына ресми мәлімдемені бауыры, досы жасады.

– Бой бітті. Біз өкінішке қарай Еркебұланнан сұқбат ала алмадық. Бірақ бізге оның бауыры, ағасы – Марғұлан. Осы ситуацияға жалпы сипаттама беріңізші?

Марғұлан Тұрсынбеков, Еркебұланның досы:

– Адам деген 3-4 ай дайындалды. Түні-күні ұйықтамады. Бауырлары келіп отыр, достары келіп отыр. Ол бала негізі бірінші раунд жеңіп келе жатқан. Сенімді жеңіспен жеңіп келе жатқан. Оған енді соққы келді. Күтпеген жерден жеңіліп қалды. Эмоцияда бәрімізде болады. Боқтаймыз да. Ол өзіміздің қанымызда бар нәрсе. Бауырымызды жеңісте де, жеңілісте де қолдай білейік. Біз кейде жеңіліс болса, оны жерге тығып тастаймыз.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ер жігіттің мойынында қыл арқан шірімес. Бұл жеңіліс Еркебұланның сағын сындырмайды. Керісінше мықты ете түседі.