Қайрат Әділгерей енді кинопродюсер! Әзілкеш саяси комедия таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Жарты миллион доллар жұмсалған саяси комедия! «Хотя бы кинода 2» – актерлық құрамы мықты толықметр. Онда: Очоу, Дариға Бадықова, Шерхан Пірназар мен Қанат Әлжаппаров ойнайды. Басты рөлде – Қайрат Әділгерей. Қала берді, бұл Қайрат продюсерлік еткен тұңғыш туынды.

– Премьера құтты болсын! «Хотя бы кинода» сиквелі. Франшизасын сатып алдыңыз ғой?

Қайрат Әділгерей, актер:

– Жоқ. Сатып алғанда қалай, сатып алған жоқпыз. Бірінші бөлімді біз досымызбен инвестормен бірге бірігіп түсірдік. Екіншісінде біріктік бірақ басты продюсерлік позицияны маған берді. Өзім қолға алдым. Ішкі кухняны білетін болғандықтан.

– Досыммен бірге продюсерлік еттім дедіңіз. Соған қарағанда демеушіні ұзақ іздемеген сияқтысыз иә?

– Иә, қатты іздеген жоқпыз. Өйткені мені қолдайтын достарым шүкір көп.

– Шын өмірде аттас шенеунік бар ма екен? Тексердіңіз ба?

Қайрат Әділгерей, актер:

– Жалпы балалар тексерген болатын. Бірақ шенеунік емес, қарапайым адам екен. Айтбаев Қайрат деген бар екен. Бірақ әкесінің аты сәйкес келмейді.

– Тайландтағы түсірілім 22 күнге созылыпты. Оңай болмады деп айтқан едіңіз. Локация, тамақ жағы. Басқа қандай қиындықтар болды?

Қайрат Әділгерей, актер:

– Шетелге қаражатты алып шығу жағы қиын. Егерде электронды шотқа аударатын болсаң, оның проценттік займы көп болды. Әрбір балаларға 10 мың, 10 мың доллардан деген сияқты. Сондай бір қиыншылық болды. Сосын аппараттарды шетелдік границадан өткерген кезде біраз қиыншылықтарға тап болдық.

–Биыл кинода Олжас Абайдың жылы! Қатарынан түсіп жатқан бұл нешінші киноң?

Олжас Абай, актер:

–Бұл негізі бесінші кином.

-Қазір қарап тұрмын, шашыңды алып тастағансың. Тағы бір киноға дайындық па?

-Жоқ, бұл енді адам қалпына қайтадан келу.

– Бұл кинодағы кейіпкерің Тайландтағы кайфарик. Былайша айтқанда бандит. Образдарың бір - біріне ұқсап кеткен жоқ па?

Олжас Абай, актер:

– Жо-жоқ. Бұл образдың ерекшелігі біріншіден кайфарик емес. Екіншіден бандит емес. Бұл - чиновниктің орынбасары. Оны кино барысында кім екенін көресіздер. Бірақ ол - өте ақылды, текті адам. Киноның соңында кінәлі емес болып шығады.

– Тайланд туралы айтайықшы. Массаж қалай ұнады ма?

– Тайланд енді өзінше ерекше ғой енді. Мен айтар ем, жұмақ та, тозақ та сол жақтан басталатын шығар деп. Бірақ біз барған жер 99 пайыз мұсылмандар. Сол себепті біз жаман іс-қимыл әрекеттерін көрген жоқпыз.

– Қарлығаштың кейіпкері – компьютерный гений. Жасырын агент солай ғой?

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Иә, солай. Ажырасып кеткен жасырын агент.

-Кейіпкеріңді алып шыға алдың ба?

-Менің ойымша иә. Бірақ оны экран көрсетеді.

– Тайландтағы түсірілім кезінде, жұбайыңыз да жүрген екен. Жұмыс бабымен ба? Әлде сізді қолдап барды ма? Әлде қызғанғандықтан ба?

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Жоқ, жәй демалып жатқан.

-Демалысқа барды иә?

-Иә.

-Сол 22 күн бойы жүрді ма? Әлде демалып қайтып кетті ма?

-Жоқ, қасымызда жүрді. Өйткені көбісі отбасымен барды. Тайланд болғандықтан.

– Тебя много, Шера! Саған олай көрінбей ма?

Шерхан Пірназар, актер:

– Енді... Солай шығар... Солай болып жатыр, шүкір Аллаға!

– «Хотя бы кинода 2» сиквелінде сен Ербол атты кейіпкерді ойнайсың. Ол бұрынғы тергеуші. Тағы не айта аласың? Сипаттап берші.

– Енді бұл ерлі-зайыпты. Өнердегі енді... Жоқ, сол сахна бірге енді... Сценарий бойынша ерлі-зайыптымыз ғой енді. Сонымен енді сол жерде өзіміздің отбасылық проблемалар болады. Киноның ең соңында хэппи энд болып қосыламыз.

– Киноларда неше түрлі әдемі актрисалармен түсесің. Жалпы жүрген жерің қыз-қырқын, сұлулар, сылқымдар. Айжан яғни келіншегің қызғанбай ма? Қызғанбайды деп өтірік айтпай-ақ қой.

– Қызғанады. Жасырмаймын, қызғанады. Енді басында, жоқ қызғанбаймын, бәрі нормально деп айтатын. Қазір енді уақыт өте келе...

-Танымалдылық артқан сайын?

-Иә, енді жәй-жәй... Болады енді ондай.

-Телефоныңды тексере ма?

-Көзімше тексермейді. Ұйықтап қалғанда тексеретін шығар.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Тайландқа тығылған шенеуніктің шаруасы қалай шешіледі? Көрермен саяси комедияға қандай баға береді? 200 миллион теңге жұмсалған жоба өзін ақтай ма? Ол уақыт пен кассаның құзырында.