Оқапов, муд видео таспалап, бұрыннан бар әнмен камбэк жасауын заманның талабымен түсіндіреді. Қазіргі қоғам, жастар жаңашылдыққа құмар. Мен Еркенің әнін өз өңдеуімде орындап шықтым. Әлі тағы бір трек пен муд видеомыз бар,-дейді әнші.
Әли Оқапов, әнші:
– Осы өткен аптада қатарынан 2 муд видео түсірідік. Өйткені қазіргі таңда формат бойынша сұраныс нарық бойынша үлкен ауқымды бейнебаяндар емес, осылай қарапайымдылау, яғни музыканың өзіне көбірек әсер жеткізетін муд видеолар көзайымға айналуда.
Өткен жылы ғана үлкен сахнада 10 жылдығын атап өткен Әли, репертуарында хиттардың аз екенін жасырмайды. Қала берді Әли тректің тез танымал болуына емес, сапасына жұмыс істейтінін айтады.
Әли Оқапов, әнші:
-Хиттер деген әншіге байланысты емес. Әнді хит қылатын тек қана тыңдарман. Біздің тарапымыздан біздің міндетіміз әнді жалпы шығару. Ал ол хит бола ма болмай ма бізге байланысты емес. Сондықтан хиттердің шықпағаны әншілердің кінәсі емес, оны тек нәтиже бойынша хит деп атай аламыз.
Бұған қоса Әли жақын уақытта жанұясы және тұңғышы Зейін туралы трек жазуды жоспарлап жүргенге ұқсайды. Бірақ өзіне нақты бір дедлайн қоймапты.
Әли Оқапов, әнші:
- Қазір ойластырудамын. Бірақ әзірге шынымды айтайын, уақыт жетпей жатыр. Өйткені ол үшін шынымен де 1-2 күнге студияға қамалып, шабыт іздеп өз зейінімді өз әніме барлығын дәлелдеп, сөйтіп жасау керек. Бірақ әзірге тіпті жұмыс емес, кей кездері уақыт ұйқыға да жоқ. Сондықтан көрерміз енді. Келешекте бәлкім сол бірдеңе болар. Өйткені оны өзім де жүзеге асырғым келеді.
Ал жұбайыңыз Ақерке Бүркітбаймен дуэт бола ма?,-деген сұрағымызға бірден шорт кесіп «Жоқ» деп жауап берді. Себебі былай түсіндірді:
Әли Оқапов, әнші:
- Әзірге ондай жоспар жоқ. Өйткені ол да бір жағынан жеке өмірінің арқасында рейтинг жинау. Ол да бір жағынан жеке өмірін сату меніңше. Білмейм енді бәлкім шатасып жатқан шығармын. Бірақ әзірге мен үшін орынсыз. Өйткені білмейм әзірге дайын емеспін ондайға. Мен үшін тіпті әзірге жоспарда да жоқ.