Ажырасу, депрессия, қаржылық қиындық... Элизат Берікова бұл проблемаларды қалай еңсерді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Бүгін түсірілімі басталған лента – балерина болғысы келетін Мика есімді кішкентай кейіпкер туралы. Сюжет сән әлеміне жетелейді. Картинада: Бақытжан Әлпейісов, Элизат Берікова, Чингиз Капин ойнайды. Сонымен алаңды бірге аралайық.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

-Көптен бері көрінбей кеткен Элизат Берикованы түсірілім алаңынан таптық. Қайдасың, қалың қалай?

-Жақсы, рақмет. Бүгін полнометражный фильмнің бірінші күні съемочный. Мен бұл жерде Даяна есімді модель қызды сомдаймын. Басты рөлдердің бірі. 3 жылдан кейінгі перерывтан 1-ші рет шығып жатырмын.

- 3 жыл үзіліс тым ұзақ емес па өнер адамы үшін?

-Ұзақ оның да бір несі бар негізі... Қалай айтсам болады, себебі бар. Өйткені екі ұл дүниеге келді оның ортасында. Ол да бір үлкен жетістік деп ойлаймын. Сондықтан да кеш емес. Міне балаларымды аяқтандырып, аяққа тұрып енді міне жұмысқа кірісіп жатырмын.

-Балаларыңды кімге қалдырып кеттің? Түсірілім кезінде кіммен болады?

-Күндіз олар садикқа барады. Садиктан кейін үйге келеді, менің мамам қарайды, апалары.

-Гонорар жағына тоқталсақ бола ма?

-Болмайды. Негізі ол айтуға болмайды деп ойлайм. Біреуге аз, біреуге көп болып көрінуі мүмкін. Сондықтан ол кішкене не боп қалсын чуть-чуть секретик боп қалсын.

- Машинаның маркасымен есептей аламыз ба?

- Жоқ.

- Бір пятнашка алуға келе ма?

- Ол қанша тұрады?

- 1 млн 200...

- Ондай алуға болады бірнешеуін.

Бақытжан Әлпейісов, актер:

- Бақытжан аға, сізді көргенімізге қуаныштымыз. Енді бүгінгі кинодағы образыңыз туралы айтып берсеңіз. Кімді ойнайсыз?

 

- Өзімнің жасыма сәйкес басты кейіпкер Мика деген қызымыз, сол қыздың атасын ойнаймын. Атасы кейіпкерімнің қызы қайтыс боп кеткен сол немересі қолында қалған. Сол немересін тәрбиелеп, жақсы атаға лайықты тәрбие беріп, әдемі қылып өсіріп кееле жатқан қыздың , сол оқиғасы басынан өткен.

- Қатал атасыз ба?

- Жоқ, меніңше, аталар қатал болмайды-ау немерелерге келгенде.

-Аға, енді сіз Кеңес одағынан бері келе жатқан кино және театр актерысыз. Өзіңіздің беделіңіз бар. Райдеріңіз де бар шығар?

- Ол не нәрсе?

-Райдер деген мысалы...

- Білмейді екем.

- Білмейсіз ба?

- Мысалы актерлар былай істейді. Маған площадкаға келген кезде каппучино деген сияқты. Мен түсте 2 сағат ұйықтап алуым керек.

- Мінекей, кеңес кезінен деп отырсыз ғой. Сол кезде бастағанбыз. Кеңес кезінде бастаған актерлерде райдер деген мүлде болмайды. Себебі, біздің мектеп райдерсіз өткен мектеп. Ешқандай талап жоқ, сыйласа жақсы, сыйламаса біз әртүрлі жағдайда әр кез келген жағдайға өзімізді бейімдеп жүреміз.

Жақында ғана өзге жобасын аяқтаған Чингиз Капин

«Мика» толықметрінде басты рөлді ойнайды. Бір қызығы бұл туындының дайындығы, барлық түсірілімдерінен бұрын басталыпты.

- Біздің жанымызда Чингиз Капин. Негізі бүгін бұл кісінің түсірілімі жоқ. Дегемен біз үшін, түсірілім үшін арнайы келіп отыр. Көңіл күйіңіз қалай?

Чингиз Капин, актер:

- Бүгін түсірілімнің алғашқы күні. Киноның концепциясы, сценарийі бірден ұнады. Кейіпкерім – қатал, есепке қатты жігіт. Өзінің сән үйі бар. Қысқасын айтқанда, бәрін байыппен шешетін адам. Маған мүлде ұқсамайды. Сонысымен қызық.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

- «Мика» биыл үлкен экрандарға шықпайды. Жарты жыл пост продакшн. Бір жыл жаһандық кино фестивальдерге қатысады. Сәттілік тілейміз!