Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бұл туындыда әдеттегідей ауыл мен қала айтылмайды. Бұл нағыз қазақи криминал. Афера, тонау, иллюзия. Біз бүгін «Senbe» толықметрінің жабық көрсетіліміндеміз.
ТОП-актерлардан тұратын алаяқтар. Бұндайды естуіңіз бар ма? «Senbe» сол туралы. Бұл Баха пупердің продюсерлік бірінші жобасы.
– Блогерліктен кинопродюсерлікке! «Сенбе» сенің жобаң.
Бақытжан Акбаров, блогер, кинопродюсер:
– Иә. Мен и Тұрсынай Қамбарова екеуіміздікі.
-Тұрсынай деген кім?
-Ол ген.продюсер. Мен екінші продюсер. Сопродюсер дей ма? Сондай.
– Бұл фильмде сенің де қаражатың бар. Қанша қостың?
– Енді оны пока айта алмаймыз.
-Айтатын шығармыз енді? Басында түсірілім кезінде айта алмадың. Енді қазір айта алатын шығарсың.
-Қазір де айта алмаймыз. Содан кейін барлығы дұрыс болғаннан кейін айтамыз қанша ақша кетті...
-Сонда жалпы соммасын да айта алмайсың ба қазір?
-Жалпы соммасын да пока айтпаймыз деп шешкенбіз.
-Айтпайсыңдар ма әлде әлі есептеп үлгермедіңдер ме?
-Әлі есептеліп жатыр. Әлі кетіп жатыр.
– Прокатқа голливудтық фильмдермен қатар шығып жатырсыңдар. Бір қорқыныш жоқ па?
Бақытжан Акбаров, блогер, кинопродюсер:
– Жоқ. Білмеймін именно голливудскийлардан қорқыныш жоқ. Самый главный өзіміздің қазақстандық, отандық кино жоқ главный. Соған шүкір деп жатырмыз. Басқалардан қорықпаймыз.
Кинода қорқыныш сезімінен ада – Алмагүл Сағындық өмірде адамдардан жиі опық жейді екен. Нақтысын білу үшін актрисаны әңгімеге тарқанымызда, ашылып айта алмады. Яки айтқысы келмеді.
– Кинода сен алдайсың. Өмірде сені алдағандар болды ма?
Алма Сағындық, актриса:
– Әрине болды. Бәрімізде болған шығар.
-Соңғы алданған кезіңді айтсаң?
-Ақшалай алданбаппын, адами әрине. Жеке қарым қатынас қой.
-Жігітің алдап кетті ма? Астына кликбейт кетеді: «Алмагүлді жігіті алдап кеткен»-деп.
-Жоқ. Жалпы тек қана адами қарым қатынас деп тұрғаным личное отношение емес қой.
Киносының ішкі кухнясын барынша жасырған жас продюсер – Бақытжан Акбаров кейбір құпияларымен бөлісті:
– Командадағы ең қымбат актерді айта алатын шығармыз хотя бы?
Бақытжан Акбаров, блогер, кинопродюсер:
– Айта аламыз. Ол главный рольдағы – Жандос Айбасов.
-Райдері бар шығар Жандостың?
-Райдерлары бар иә.
-Орындай алдың ба енді продюсер ретінде?
-Иә, ешқандай жалоба жоқ деп ойлаймын. Жандос енді бүгін келе алмай қалды.
-Келмей ма?
-Ол кісі Өзбекстанға съемкаға кетіп қалды. По этому өкінішті болып тұр.
Жандостың жарын ойнайтын – Қарлығаш Мұхамеджанова. «Тәжірибемдегі ең жеңіл әрі көңілді, еш қиындықсыз өткен алғашқы жобам»,-дейді. Қала берді, түсірілім кезіндегі қызықтар да бар...
– Далабыңыздың дәмін көргендердің бірі – Жандос Айбасов. Қалай ұнады ма? Ыңғайсыз сұрақ па?
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:
– Ыңғайсыз сұрақ да. Бұл енді жұмыс. Солай болуы керек еді. Болды. Болғаны болды.
-Қанша дубль болды?
-Білмеймін, ұмытып қалдым.
-Ұмытып қалғаныңызға қарағанда, біраз болған сияқты ғой?
-Жоқ. Көп дубль болған жоқ. На самом деле мы это очень быстро снимали. Это очень быстрая, которкая сцена.
– Образыңыз туралы айтып беріңізші?
– Образым туралы енді кино айтатын шығар. Бірақ кішкене айтып кетсем, бұл аферист туралы кино. Мен аферистпын. Аферисткамын. Адамдарды... Еркек адамдарды алдап сондай...
-Соблознять етесіз ғой?
-Иә, соблазнительница.
– Біз дәл қазір «Сенбе» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Енді кино ұнады ма деп сұрақ қойсам, бәрі ұнады дейді ғой. Қай эпизоды ұнады? Кім жауап береді?
Бағжан Данай, BayGUYS жобасының авторы:
– Маған эпизод емес. Былай несін айтайын общий. Актерларды керемет таңдаған. Бәрі керемет ойнап тұр. Сол жағымен сценарий ұнады.
Мағжан Нұрғали, BayGUYS жобасының авторы:
– Маған қатты ұнайтыны негізі Баханы басқа қырынан көру да. Өйткені Баха пупер, Бақытжан біздің досымыз. Арнайы Баха бауырымызды қолдап келіп отырмыз. Егер көріп отырсаң: Сәәәәлееем!,-десең!
– Фильм негізі алаяқтық туралы ғой. Өміріңде ұрлық жасап көрген кезің болды ма?
Адина Бажан, актриса:
– Иә болды.
-Не ұрладың?
-Мороженое. Кішкентай кезімде кластас қыздармен бірге, бір магазинге барғанбыз. Бір поселокта тұрғам. 00:20 – Сол жерде магазинге кіріп мороженое ұрлайық деп план құрап. Сондай цель болды.
-Білмей қалды?
-Жоқ. Білмеді.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Кімге сеніп, кімге «Сенбеу» керегін көрермен шешеді. Ал криминалды комедиялар киномандарға қаншалықты өтімді екенін уақыт пен касса көрсетеді.