Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Ол өз хикаясын жұртқа жариялаудан жүрексінбеді. Қалың қауым да оны қолдай кетті. Нәтиже «ZERO» толықметрі. Бағлан Әбдірайым тағы бір туындының түсіріліміне кірісіп кеткен. Жанры қандай? Бұл жолы да әншінің жеке өмірі қозғала ма?
– Бағлан аға, су жаңа лентаңыздың түсірілімімен шын жүректен құттықтаймыз! Кино түсіру ұнап қалған сияқты ғой?
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
– Иә, ұнады. Біз енді 20 жыл «Жігіттер» тобымен сахнада жүрміз. Ол да шығармашылық, бұл да шығармашылық. «Зеро» киносын түсіргеннен кейін, менің өзіме түсірілім алаңы, сосын команда, жалпы жүретін процесс маған қатты ұнады.Сол іздегенім осы деп ойлаймын.
Бағлан Әбдірайым кітабын кино қылып, халыққа ұсынды. «Зеро» өзін ақтады. Инвестор қарызға берген 150 млн теңгені де жапты. Жалпы кассалық жиын 253 миллион теңгеге жуықтаған.
– «Зеро» арқылы, драма арқылы халықтың көретінін, келетінін дәлелдедіңіз. Енді содан кейін инвесторлар кезекке тұрған шығар сізге?
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
– Енді ол заңдылық қой. Ондай кезде: Келесі кино түсіретін болсаң, маған айт, маған айт,-деген кісілер өте көп болды. Бірақ жеме-жемге келген кезде өкінішке қарай тағы да таппай қаласың. Қайтадан сол қаржы тапшылығы. Қайтадан сол қаражат іздеу деген сияқты.
– Бұл фильмнің бюджеті қанша? Қазіргі бюджеті. Ол өсе береді ғой келешекте.
– Қазіргі түсіріліп жатқан киноның бюджеті 80 миллиондай болады.
Бағлан кино бизнесті бастағалы, қасынан бір елі ажырамаған достарының бірі, режиссер – Руслан Расылхан.
– Менің жанымда «Зеро» фильмінің идея авторы, «Бізде басқа вариант жоқ» комедиясының продюсері – Руслан мырза. Фильм туралы айтып берсеңіз? Концепциясы қандай?
Руслан Расылхан, кинопродюсер:
– Бұл фильмнің кішкене ерекшелігі бар. Қай жағынан дейсіздер ма? Біріншіден Рауан бұл жерде өзін ойнайды. Очоу өзін ойнайды. Бағлан Бағланды ойнайды. Мына фильмнің ерекшелігі – бұл стандартный комедия болмайды. Бір өте үлкен эксперимент жасалып жатыр бұл фильмде. Бірақ бұл көрерменге кіре ма, кірмей ма, өте ма, өтпей ма сол жағы енді белгісіз.
Мен түсірілім алаңынан кімді көрдім? Қасымда кім тұрғанын көрдіңіздер ме? Рауанио исполняет любое желанио.
Рауан Рамазан, актер:
– Иногда мне не хватает вниманио. Но это нормальнио. Сондықтан да мені көрген кезде, маған шапалақ ұрғанио деп қуып кетсең иә?
Рауан «Басқа вариант жоқ» картинасында негізгі кейіпкерлердің бірі. Бұл оның толықметрдегі алғашқы басты рөлі екен.
– Бұл фильмде қателеспесем, Рауан Рамазанды яғни өзіңізді сомдайсыз?
Рауан Рамазан, актер:
– Мен де өзім шок болдым если честно. Түсіріп жатқан киномыздың ерекшелігі бұл жерде әр актер өзінің есімімен ойнайды прикинь. Маған режиссер айтты: «Братан, бізге керегі просто өзіңді ойнап берші»,-деді. Енді қолдан келгенше ойнап жүрміз.
– Райдеріңіз бар ма?
– Ондай райдер жоқ менде.
-Мысалы кешке маған мынандай энергетик керек, стейк по-французки, ризотто жеймін деген?
-Жоқ. Оразадағы райдерім конкретно ифтарды четкий организовать етіп берсе болды. Одан кейін түнгі сменалар болып кетеді ғой, ұзақ, шаршаған кезде ортасында бір бір редбул әкеп, кола берсе болды. Ұра береміз ғой.
Қазіргі таңда таптырмас актерлардың біріне айналған – Олжас Абай киноның басты кейіпкері. Сюжет желісі Очоудың айналасында өрбиді.
– Образыңыз да күшті. Шаш деген айқайлап тұр. Химия ма?
Олжас Абай, актер:
– Жоқ химия емес бұл. Осының алдында «Ақ пен қарада» химия боятқан болатынбыз. Енді сол үшін шашымды бұйралайды тек қана.
– Бағланмен бұл екінші жобаңыз. Қалай болып жатыр?
– Жалпы ма?
-Жалпы?
-Жалпы аяқалысы жаман емес. Өйткені киноға бір рет келіп, екі рет келіп, келмей кететіндер бар мүлдем. Сол себептен біз 5 киноға алдыға процесс болсын деп үміттеніп отырмыз.
– Олжай Абайды кинодан жиі көреміз. Бірақ кезіндегі әнші, драйвовый Очоу қайда?
– Ол Олжас кетті.
-Навсегда?
-Жоқ, осы жерде. Бірақ көзқарасын өзгертті. Әнді жазам. Қазір тек саундтректерге ән жазып жүрмін. Бірақ биыл фокусым киноға.
– Енді «Биыл менің жылым»,-деп жатырсыз кинода. Биыл кинода жылы болып жатқан актердың райдері де бар шығар?
Олжас Абай, актер:
– Райдер бар. Райдерім бар, өзімнің жеке продюсерім бар, агентім бар биыл.
-Серьезно?
-Иә, серьезно. Өзгерттім. Киноға деген көзқарасымды өзгерттім. Осы уақытқа дейін бастан талай оқиғалар өтті.
Киноға деген ойы өзгеріп, прокат кезінде түсініксіз жайттардан теперіш көргендердің бірі де – Бағлан. Бірақ әншіні кездескен кедергілер тоқтатпаты.
– Білуімізше, «Зеро» фильмі прокатқа шығып, енді оборот алып жатқан кезде жоғарға жақтан... Біз білмейміз қай жақтан... Қысым болды иә?
Бағлан Әбдірайым, әнші, кинопродюсер:
– 8 күн бүкіл елде зал тола болып тұрған кезде, жағдай 180 градусқа өзгерді. 87 каналды жаптық телеграмнан. Ютубқа 38 мың просмотрмен бір күнде шығып кеткен. Оны жаптық. Сосын өңір, өңірлерден 15 минут көрсетті. Кейде киноның билеттері онлайн сатылып кетіп, басқа киноға кіргізіп жіберген сәттер болды.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Картина күз айларында көрерменге жол тартпақ. Қашан да жігітшілікпен жүретін, салмақты Бағланнан қандай комедия шығатынын бірге көреміз.