Қазақ кино өндірісінде тың тренд! Актерлар жаппай – кинопродюсер атанып жатыр. Бұл қатарда – Қайрат Әділгерей, Еламан Есентаев, Рамазан Амантай, Жандос Айбасов! Тізім жалғасып кете береді. Олар жылдап жинаған тәжірбиесін осылайша, үлкен киноға салмақ. Мәселен, Дариға Бадықованың киносалада жүргеніне 12 жылдан астам уақыт өтті. Өнер иесі продюссер атанатын уақыт келді дейді. Бадықова бұл істі жалғыз емес, өнердегі әріптесі Рамазан Амантаймен бірге бастамақ,
Дариға Бадықова, актриса:
- Рамазанмен болашақта көп жұмыс істеймін ғой деген ниет бар да. Одан кейін, келесі жылы Құдай бұйырса, екеуміз бір бірлесіп фильм түсірсек па дейміз. Ментальный комедия, бізге отбасылық комедия қазақтарға жетіспейді.
Дариға Бадықованың негізгі мамандығы - «Музыкалық драма және режиссура». Актриса тыңнан түрен салып, режиссер атанып кетсе де таңқалмаңыз.
Дариға Бадықова, актриса:
- Біз американский фильм көрсек те бар ғой, бәрібір ана түбіріміз қазақ болып тұрады да. Бәрібір қазақша көргің келеді, лук турап жатып, картошка турап жатып, әйтеуір бірдеңке көргің келеді, сондай бір ментальный комедия түсірсек деген жоспарда бар, енді ұрысып қалмасақ десең иә.
Дариға Бадықованың кинопродюсерлікке бет бұруының тағы бір себебі – денсаулығының сыр беруі. Аязды күндер мен аптап ыстықтарда түсірілім алаңында тәулік бойы жүру – актрисаға ауыр тиеді.
Дариға Бадықова, актриса:
- Айтатын бәрі 30-дан кейін шығады деп. Сол рас екен, действительно тізем ісіпкетеді, тобығым ісіп кетеді. Жылы ұстаймын ғой, сразу қайтып кетеді. Терлеп отырсам бүкіл жерім қояды. Қызық вообще, терлеп жүру керек болып тұр да. Мынаның ішіненде мысалы мен қалың киініп тұрмын. Ал сәл салқын ұстасам, ұсталып қала береді.
Таяуда ғана Таиландта фильм түсіріліміне қатысып келген Дариға Бадықова, бүгінде денсаулығына көңіл бөліп жүр.
Дариға Бадықова, актриса:
- Енді өзім ойлап отырмын, бір біріне баяғыда киіп жүрдік қой, бурки дейміз ғой, сондай алып барам ғой деп. Онан кейін мына Тайландпен кішкене екі ортада. Тайландта да қатты ыстық болғаннан кейін кондердың астында жатып, буындарға суық тигізіп алдым.