Беті ашылған үй! "Назар аудар" мен "Меховая 8/1" бірігіп бір шаңырақ астында не істейін деп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұған дейін келіннің, тіпті көліктің бетін ашты дегенді естідік. Бірақ білдей коттеджге дәстүр арнады дегеннен хабарыңыз бар ма? Еліміздің 14 танымалы бірігіп, саяжайды кеңсеге айналдырған. Мақсат: медиа-контент жасау. Онда: Меховая 8/1, Ақболат Өтебай, Артур Давлетьяров сынды атақтылар жиналған. Жап-жаңа үйде қонақта болып қайтқан тілшіміз Сымбат Сағындықтың материалына назар аударайық.

 

Дәл осы беташардан соң көптің пікірі екіге бөлінді. Бірі – үйдің бетін ашып ұлттық дәстүрді мазақ етті десе, басым бөлігі креативті командадан қазақи сапалы контент күтендерін жазды. Расында жігіттер бұл баспана – үлкен жобалар жасалатын алаң болады деп отыр. Олар - толықметрлер мен сериалдар, хит тректер мен музыкалық жобалар жасауға ниетті.

Артур Давлетьяров, әнші:

– Бұл лейбл да емес, продакшн да емес. Бұл әшейін анандай объединение ғой. Мына жақта бәрі жиналған: актер, сценарист, режиссер, вайнер, тамада, той-пой, әнші. Бәрі бар да в общем.

-Иә, оны түсіндік. Бірақ сіз кімсіз?

-Мен бәрімін десең. Мен әншімін.

– Осы үйде тұрасың ба?

Артур Давлетьяров, әнші:

-Жоқ. Өзімнің үйім бар Алматыда. Осы үйге тек жұмыс жасауға келеміз.

– Үйге нешеде қайтып жүрсің?

– Әртүрлі негізі. Былай айтқанда, әйел бала-шағаммен келем осы жаққа. Уақыт өткіземіз. Былай бірлерде қайтамыз.

Жандос Самалбеков, шоумен, әзілкеш:

– Офистарыңның ашылу салтанатын беташар рәсімі ретінде жасадыңдар. Идея кімнен?

- Идея өзімізден. Общий 14 адамбыз. Толық құрамда, барлығымыз бірге отырамыз күнделікті кешкісін сағат 10 мен 12-нің арасында бізде жиналыс болады. Алдағы күндерде, ертеңгі күні не істейміз деген сияқты.

-Табаққа қанша түсті?

-2 миллион.

-Серьезно?

-Иә. Ол үйдің ремонтына. Оның өзі жетпеуі мүмкін.

-Бұл коттеджді сатып алдыңдар ма? Аренда ма?

- Әзірге аренда. Алдағы уақытта бағасына келісіп те тұрмыз.

-Қанша миллион?

-110 миллион деді ма? 130 деді.

– Айына қанша төлеп отырсыңдар?

– Айына 1 миллион.

Жандос Самалбеков, шоумен, әзілкеш:

Білуімізше, осы жылдың соңында, желтоқсан айына қарай толықметрдің түсіріліміне кірісесіңдер?

– Ол мүмкін желтоқсан болуы мүмкін. Бірақ қазір біздің есеп бойынша алдыға жылжуы мүмкін. Мүмкін келесі жылдың мартына қалуы мүмкін. Бірақ міндетті түрде үлкен фильм биыл түсірілуі керек.

– Біз негізі Бауыржанды биші деп ойлайтынбыз ғой. Бірақ біз бүгін аспаз Бауыржанды көріп тұрмыз. Баука қалайсың?

Бауыржан Салайдин, биші:

-Жақсы, жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар?

-Не пісіріп жатырсың?

-Біз рожки пісіріп жатырмыз. Мен негізі тамақ істеу білмеймін. Мен анандай салат істегенді жақсы көремін.

– Бұл жерде кімсің?

– Мен бұл жақта хареографпын.

-Кімге би қоясың? Артурға би үйретші.

-Артур да билейді, Тукен де билейді, Меховая да билейді, мен де билеймін. В общем бүкіл команда скоро билейтін болады. Ол үшін біз ертең төменде зал құрамыз. Прямо студия болады.

Ғиззат бізде Меховаяның көптеген хит әндерін жазған. Солай ғой?

Ғиззат Калесов, музыкант, композитор:

Иә, иә, иә. Дәл солай. Осыдан екі жыл бұрын ораза айында Жандос пен Қабдол мені Оралдан Алматыға алып келген. Содан студия құрғанбыз, әндеріміз шықты. Ең бірінші хит болып шыққан ән ол Қанайдың «Ол қыз әні». Одан кейін «Тойға шашу» Меховая.

– Тағы кімдерге ән жаздың?

– Біраз әншіге ән жаздым.

-Айта кетейік?

-Айта кетсек, ең бірінші: Айқын ағамызға жаздым. Сұлуым деген әні. Содан Нұрболат ағамызға жаздым. Нұрболат Абдуллин. Қайрат Нұртас ағамызға жаздым.

– Біз негізі өте ыңғайсыз уақытта келген сияқтымыз. Қанша түр бермеуге тырысып жатсам да, ыңғайсызданып жатырмын. Себебі жігіттер тамақ ішіп жатыр.

Қабдол Тілеков, әзілкеш, шоумен:

Бұл жер кухня. Мына жерді бұйыртса ремонтын енді жасаймыз. Мына жерден бөлінеді. Дәл осы жерден бөлінеді. Сосын мына жақ гостевой болады. Мына жерде қонақтарды қарсы аламыз. Сосын ары қарай сол қонақтарды шығарып саламыз. Осы жерде отырамыз, осы жерде ақылдасамыз. Жиналыс жасаймыз. Мына жерде полный сахна болады. Мына жақ та сахна болады. Сосын мына жерде фотосессия жасайтын не болады. Мына жерден ары қарай швейня болады. Сосын ортасында ма білмеймін қай жерінде, танцевальный не болады.