Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– «Бітпейтін той» актерлық құрамы мығым толықметр. Туындыда: Артур Төлепов, Дина Тасболатова, Еркебұлан Тоқтар төбе көрсетеді. Сонымен үйленейін деп жатқан кім?
– Еркебұлан бізге көптік етпейді. Тағы бір түсірілім алаңындамыз. Тағы да Еркебұлан. Образы өте керемет. Мен шынымен танымай қалдым.
– Бұл образға ұзақ көндірді ма сені?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Негізі 29 апрель төбелесемін. Соған дайындық жасаймын. Съемка мешать етеді деп айтқам негізі басында. Бірақ сценарийді оқығаннан кейін, өзім түскім келіп кетті. Өте қызық сценарий, фантастика ғой. Фантастика менде болмаған.
– Линза көріп тұрмыз көзіңнен. Жасыл. Күніне 7 сағат қана тағуға болады иә қателеспесем? Сен қанша сағат тағасың?
– Біз... Әне тұр ғой линейный продюсер. Қанша сағат тағып жүрміз?– Суткасына 16-17 сағат жұмыс істеп жатырмыз.
-Зрением төмендеп кетеді деп қорықпайсың ба?
-Алдыңғы бойда, кулачкада мен раговицам жыртылып кетті. Зрением нашарлап қалған. В общем бәрін тындырып барып, көзді емдеймін енді.
– Фильмге қысқаша шолу жасап өтсек, не туралы?
Мейіржан Келемеденов, сценарист:
– Фильм жаңағы басты кейіпкер Мұхамеджан деген жігіттің өмірі туралы. Оның типажы: жұмыс істемейді, қаңғырады сондай, анасынан күнде қашан үйленесің деп ұрыс естіп жүрген жігіт туралы.
-Оны кім ойнайды?
-Оны Еркебұлан Тоқтар ойнайды. Сценарий барысы бойынша ол ең жақын досының жігіт жолдасы болады да. Сол той күнде қайталана беретін болып қалады ғой.
– Кімді ойнайсыз? Образыңыз?
Артур Төлепов, актер:
– Бұл жерде Тамерлан деген жігіт. Шетелде оқып келген жігіт. Өте ұқыпты, баратын жеріне 10 минут ерте барып алады. Жалпы өзіме қатты ұқсайды деп айтпай-ақ қояйын енді. Бірақ осы рөлді қатты ойнап та жатырмын деп айтпай-ақ қояйын. Шамалы образға қосқанымыз бар.
– Жанымызда басты рөлдердің бірін сомдайтын – Айжұлдыз Адайбекова. Банально болса да бұл сұрақты қойғым келіп тұр: рөл, образ, концепция?
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
–Менің рөлім өте сүйкімді, әдемі қыздың рөлі. Америкада оқып келген студент десек болады негізі.
-Репликаңнан бір-екі ауыз ағылшынша жібере аламыз ба қазір?
-Айкен спик фле ю ноу. Негізі ондай реплика жоқ. Бірақ басында идея болған сценарийге ағылшын тілін қосу дейтін.
– Біздің жанымызда сұқбатты тамашалап, Айжұлдыздың партнері тұр – Еркебұлан Тоқтар. Мүмкін қосыласың? Еркебұлан қандай партнер?
Келші, келші.
-Қалай қалай? Қандай сұрақ?
-Еркебұлан қандай серіктес?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
-Серіктес... Қандай серіктеспін сен айтсай, сен ғой ойнап жүрген.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
– Ашық. Көңілді. Кез келген адамның көңілін таба алады. Қамқор.
-Капризный емес па?
-Капризный, бар арасында. Мен де бар ол, бәрімізде бар адам болғаннан кейін.
– Фильмде сүйісу сахналары бар ма?
– Бар, бар, бар.
-Актер, актриса болғаннан кейін, бұндай этаптарға менің ойымша дұрыс қарау керек деп ойлаймын.
-Бірақ біз аккуратно, қатты кіріспей...
– Негізі көптеген фильмдерден байқап жатамыз, осылай ғашықтарды ойнаған актер, актрисалар бір бірін ұнатып қалып жатады-мыс?
– Қайдан біліп қойдыңдар и?
-Иә, болды уже.
-Ұнатып қалдыңдар ма бір біріңді?
-Ой, страшно вообще. Ажырамаймыз.
– Біз мына жерде картинаның режиссері – Дархан мырзаны көріп тұрмыз. Көңіл күйіңіз қалай?
Дархан Сәркенов, режиссер:
-Өте керемет. Өздеріңізде?
-Неге «Ойбай» дедіңіз?
-Аяқастынан келдіңіздер ғой. Айтпайсыздар ма? /смех/
– Актерлық құрам керемет деп айтып жатыр.
-Кім айтып жатыр?
– Проект туралы бір ауыз сөз?
– Проект туралы... Жүрсеңізші, былай қарай сөйлесейік та.
- Жоқ тұра берейік. Живой болып жатыр, живой.
Сұқбат соңында фильм режиссеры – Дархан Сәркенов пен Еркебұлан Тоқтар, лентаның қашан прокатқа шығатынын айтқылары келді:
– Мя, бәрін айту керек.
-Айта ғой?
-Жазда по-моему да?
-Күзде.
-Сен айт.
-Құрметті көрермендер «Бесконечная свадьба» фильміне, көрсетіліміне шақырамыз. Кинотеатрларды лық толтырып, продюсерлердің де қалтасын лық толтыра беріңдер.
-Келіңіздер, көріңіздер! Күшті комедия болады.
-Надеемся.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Бітпейтін той! Биылдан қалмай үлкен экрандарға жарыққа шығатын толықметр. Кезекті көп комедияның бірі ме? Әлде көрермен сүйіп көретін картина ма? Уақыт пен касса көрсетеді.