Еркебұлан Тоқтарды соққыға жығып, денсаулығына кінәрат келтірген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

«Бітпейтін той» актерлық құрамы мығым толықметр. Туындыда: Артур Төлепов, Дина Тасболатова, Еркебұлан Тоқтар төбе көрсетеді. Сонымен үйленейін деп жатқан кім?

Еркебұлан бізге көптік етпейді. Тағы бір түсірілім алаңындамыз. Тағы да Еркебұлан. Образы өте керемет. Мен шынымен танымай қалдым.

Бұл образға ұзақ көндірді ма сені?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Негізі 29 апрель төбелесемін. Соған дайындық жасаймын. Съемка мешать етеді деп айтқам негізі басында. Бірақ сценарийді оқығаннан кейін, өзім түскім келіп кетті. Өте қызық сценарий, фантастика ғой. Фантастика менде болмаған.

– Линза көріп тұрмыз көзіңнен. Жасыл. Күніне 7 сағат қана тағуға болады иә қателеспесем? Сен қанша сағат тағасың?

– Біз... Әне тұр ғой линейный продюсер. Қанша сағат тағып жүрміз?– Суткасына 16-17 сағат жұмыс істеп жатырмыз.

-Зрением төмендеп кетеді деп қорықпайсың ба?

-Алдыңғы бойда, кулачкада мен раговицам жыртылып кетті. Зрением нашарлап қалған. В общем бәрін тындырып барып, көзді емдеймін енді.

– Фильмге қысқаша шолу жасап өтсек, не туралы?

Мейіржан Келемеденов, сценарист:

Фильм жаңағы басты кейіпкер Мұхамеджан деген жігіттің өмірі туралы. Оның типажы: жұмыс істемейді, қаңғырады сондай, анасынан күнде қашан үйленесің деп ұрыс естіп жүрген жігіт туралы.

-Оны кім ойнайды?

-Оны Еркебұлан Тоқтар ойнайды. Сценарий барысы бойынша ол ең жақын досының жігіт жолдасы болады да. Сол той күнде қайталана беретін болып қалады ғой.

– Кімді ойнайсыз? Образыңыз?

Артур Төлепов, актер:

Бұл жерде Тамерлан деген жігіт. Шетелде оқып келген жігіт. Өте ұқыпты, баратын жеріне 10 минут ерте барып алады. Жалпы өзіме қатты ұқсайды деп айтпай-ақ қояйын енді. Бірақ осы рөлді қатты ойнап та жатырмын деп айтпай-ақ қояйын. Шамалы образға қосқанымыз бар.

– Жанымызда басты рөлдердің бірін сомдайтын – Айжұлдыз Адайбекова. Банально болса да бұл сұрақты қойғым келіп тұр: рөл, образ, концепция?

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

Менің рөлім өте сүйкімді, әдемі қыздың рөлі. Америкада оқып келген студент десек болады негізі.

-Репликаңнан бір-екі ауыз ағылшынша жібере аламыз ба қазір?

-Айкен спик фле ю ноу. Негізі ондай реплика жоқ. Бірақ басында идея болған сценарийге ағылшын тілін қосу дейтін.

– Біздің жанымызда сұқбатты тамашалап, Айжұлдыздың партнері тұр – Еркебұлан Тоқтар. Мүмкін қосыласың? Еркебұлан қандай партнер?

Келші, келші.

-Қалай қалай? Қандай сұрақ?

-Еркебұлан қандай серіктес?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

-Серіктес... Қандай серіктеспін сен айтсай, сен ғой ойнап жүрген.

Айжұлдыз Адайбекова, актриса:

Ашық. Көңілді. Кез келген адамның көңілін таба алады. Қамқор.

-Капризный емес па?

-Капризный, бар арасында. Мен де бар ол, бәрімізде бар адам болғаннан кейін.

– Фильмде сүйісу сахналары бар ма?

– Бар, бар, бар.

-Актер, актриса болғаннан кейін, бұндай этаптарға менің ойымша дұрыс қарау керек деп ойлаймын.

-Бірақ біз аккуратно, қатты кіріспей...

– Негізі көптеген фильмдерден байқап жатамыз, осылай ғашықтарды ойнаған актер, актрисалар бір бірін ұнатып қалып жатады-мыс?

– Қайдан біліп қойдыңдар и?

-Иә, болды уже.

-Ұнатып қалдыңдар ма бір біріңді?

-Ой, страшно вообще. Ажырамаймыз.

– Біз мына жерде картинаның режиссері – Дархан мырзаны көріп тұрмыз. Көңіл күйіңіз қалай?

Дархан Сәркенов, режиссер:

-Өте керемет. Өздеріңізде?

-Неге «Ойбай» дедіңіз?

-Аяқастынан келдіңіздер ғой. Айтпайсыздар ма? /смех/

– Актерлық құрам керемет деп айтып жатыр.

-Кім айтып жатыр?

– Проект туралы бір ауыз сөз?

– Проект туралы... Жүрсеңізші, былай қарай сөйлесейік та.

- Жоқ тұра берейік. Живой болып жатыр, живой.

Сұқбат соңында фильм режиссеры – Дархан Сәркенов пен Еркебұлан Тоқтар, лентаның қашан прокатқа шығатынын айтқылары келді:

– Мя, бәрін айту керек.

-Айта ғой?

-Жазда по-моему да?

-Күзде.

-Сен айт.

-Құрметті көрермендер «Бесконечная свадьба» фильміне, көрсетіліміне шақырамыз. Кинотеатрларды лық толтырып, продюсерлердің де қалтасын лық толтыра беріңдер.

-Келіңіздер, көріңіздер! Күшті комедия болады.

-Надеемся.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Бітпейтін той! Биылдан қалмай үлкен экрандарға жарыққа шығатын толықметр. Кезекті көп комедияның бірі ме? Әлде көрермен сүйіп көретін картина ма? Уақыт пен касса көрсетеді.