Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Біз қазір этно поп ап стордамыз. Мұнда ерекше атмосфера жайлаған. Еске салсақ, аталмыш фестиваль әнші Динара Сұлтанның бастамасымен ұйымдастырылып отыр.
Түрлі тақырыптағы шеберлік сабақтары, музыкалық кештер, этно стильдегі киімдер мен бұйымдар жәрмеңкесі! Аталмыш шара осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының мәдениетін насихаттау, елге таныту.
Динара Сұлтан, әнші:
-Бұл ойға негізі баяғыдан келдім. Баяғыдан, білесіз ғой Дубайда, шетелде тұрып жүрген кезімізде елді, жерді сағынып, өзіміздің киімдерімізді сағынып, неге қазақтар осындай әдемі киіммен жүрмейді дегендей оймен осы жоба ойға келді.
Еске салсақ, Динара Сұлтан шараны түгелдей өз қаражатына жүзеге асырып отыр. Этникалық фестивальге 3 ай бойы қызу дайындық жүрген. Ауқымды жобаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан 50-ден астам бренд қатысты.
Сая Сейталиева, дизайнер:
– Біздің Қазақстанда да тұтынушыларымыз көп, олар бізді желі арқылы бақылап отырады. Аталмыш фестивальге де инстаграм арқылы шақырту алдық. Шараның атмосферасы ерекше. Мұндағы адамдардың барлығы талғамы жоғары, ұлттық коды сақталған жандар.
Динара Сұлтан, әнші:
- Енді менің байқауымша жыл сайын ауқымы үлкейіп жатқан сияқты. Бұйыртса, болашақта одан да үлкенірек қылу ойда бар ма?
- Әрине, ойда идеялар негізі көп. Енді ең бастысы қолдау болса. Қолдау негізінен бұл жолы да, алдыңғы жылы да болған жоқ, біз өзіміздің қолымыздан қалай келсе, өз күшімізбен алып келе жатырмыз. Енді құдайға шүкір, жаман емес. Бірақ масштабно, ауқымды түрде жасайық десек әрине қолдау керек, мемлекеттік қолдау керек деп ойлаймын енді.
Осылайша, Динара Сұлтан сәтін салса, жобаны «Орта Азиялық этно поп ап сторға» айналдыруды мақсат тұтады. Ал аталмыш этникалық фестиваль бұл күні «The Magic of Nomads» тобының кешімен өз мәресіне жетті. «The Magic of Nomads» жобасының жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова соңғы кездері жастардың қазақы нақыш пен ұлттық дүниелерге деген қызығушылығының артқанын алға тартады. Этно поп ап стор да сол сұраныстан туған дүние екеніне сенімді.
Ғазиза Ғабдрахимова, «The Magic of Nomads» тобының жетекшісі:
- Жастар қазір мына «Ою» деген жоба бар, көптеген жаңа шыққан жобалар бар, ютубта мысалы. Онда қазақи жағына көп бұрылған жастар. Текстері қазақша, тіпті рэп дегеннің бәрін қазақша оқиды. Әсіресе жаңа буынның орындаушылары, ол мені өте қуантады және ұлттық аспаптарды пайдаланады өз музыкасында.
Айтпақшы, кеште Динара Сұлтанның өзі де сахнадан табылды. Әншінің соңғы кездері жаңа трек жазуды сиретіп, тіпті сахнадан көрінбей кеткені жасырын емес. Мұның себебін, өнер иесінің өзін сұрап көрдік.
Динара Сұлтан, әнші:
- Шығармашылықтан сәл алыстап кеткен сияқтысыз. Ән айту енді күн сайын сахнада жүру емес қой. Музыканың ішіндемін әл, музыкалық мектеп аштық, оның ішінде керемет студия звукозаписи аштық америкалықтарды шақырып.
Қысқасы, бұл күндері Динара Сұлтан шәкірт тәрбиелеп, жобаларын жүзеге асырудан қолы босамай жүр.