DARKHAN JUZZ-дың музыкадағы мұрасы ұлы мен қызына қала ма?
Біз дәл қазір Алматының жүрегі Арбаттамыз. Бірақ, мұнда әдеттегідей көңілді атмосфера, ерекше аура жоқ. Көпшілік – қазақ рэпінде өз есімін қалыптастырып үлгерген - DARKHAN JUZZ-ды еске алып, қайғыға ортақтасуға жиналған. Олар - бір-біріне басу айтып, оның хит әндерін бірге шырқауда...