Сымбат Сағындық, тілші:
- Неонуар – АҚШ-та 70-ші жылдары пайда болған жанр. Ал бізге бұл бағыт «Умри или вспомни» картинасымен енді келді. Лентада жағымды кейіпкер атымен жоқ. Мына қызыққа қараңыз, Жанар Дұғалова, Еркебұлан Дайыров, Төлепберген Байсақалов сынды актерларға түсірілім алдында кастинг жүргізілмеген. Керісінше сценаристер бірден олардың образдарына лайықтап, персонаж жасап шыққан.
Жандос Айбасов, актер, кинопродюсер:
– Неонуар жанрында. Бұрын соңды бұл бағытта Қазақстанда бұндай фильм болды ма?
-Мен әлі көрмедім. Болған жоқ сияқты.
-Бұл бағытты көрерменге түсіндіріп өтсеңіз. Себебі, көпшілігі әлі білмейді. 00:38 – Неонуар дегеніміз ішінде комедиясы да бар, боевигі де бар. Мелодрамасы да бар. Барлық жанрдың қосындысы бар фильмді неонуар деп атап кетсе болады.
Ақан Сатаев, режиссер:
- «Умри или вспомни» - нео нуар жанрында түсірілген. Қазақстандықтарға жат дүние сияқты. Қалай ойлайсыз?
– Қазір көбінесе комедия болғандықтан, бұл бір жаңа серпін, жаңа екпін деуге болады.
– «Умри или вспомни» арт диллерстің араға 4 жыл салып түсірген фильмі. Бұлай ұзақ үзіліс алудың себебі неде?
Жандос Айбасов, актер, каскадер:
– Өздеріңіз білесіздер, «Жаным ты не поверишьті» прокатқа шығарған кезде карантин болды. Кинотеатрлардың бәрі жабылып қалды. Сол карантиннан кейін біз сразу жұмысқа кірісе алмадық. Өйткені қаражат табу керек болды. Сол кезде инвесторлар киноға көп қызығушылық көрсеткен жоқ. Оның үстіне біз тезірек кино түсіру керек деп асыққан жоқпыз. Өзіміз екі жыл отырып студияда сценарий жаздық.
Асан Мәжит, актер:
– Осы басты рөлді сомдайтын өзіміздің театрда бірге жұмыс істейтін бауырымыз – Мерей Мұхтарұлы. Меніңше, күшті фильм болатын сияқты.
Еркебұлан Дайыров, актер:
– Фильмнің қиындығы неде болды сіз үшін?
– Маған ешқандай қиындық тудырған жоқ. Қиындық Мерейге болды. Главный рольдағы, басты кейіпкеріміз. Сол жігітке барлық жағы қиын болды оған.
Танымалдар тілге тиек еткен бұл актер – Мерей Мұхтарұлы! «Умри или вспомни» картинасының бас кейіпкері. Көреремен бұрын-соңды әкем театр сахнасынан көргені болмаса, үлкен экрандарға тіпті кино әлеміне тұңғыш қадам басуы. Жаңа бейне.
– Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Жалпы образыңыз туралы айта кетсеңіз осы фильмдегі?
Мерей Мұхтарұлы, актер:
- Жобадағы кейіпкерімнің аты – Ес. Амалдың жоғынан, қолынан келгенше күн көріп жүрген жас жігіт. Біреуді алдап, анадан алып, мынаған беріп, былайша айтқанда күнін зорға көріп жүрген жігіт қой.
– Трейлерден байқадық, Жанар Дұғаловамен сүйісу сахнасы бар екен.– Неше дубль болды?
Мерей Мұхтарұлы, актер:
– Ой, ұмытып қалдым... Екі сахна болды енді Жанармен сүйісетін. Біреуінде қателеспесем 3 дубль болды. Екіншісінде 4 дубль болды ғой деймін.
Жанар ұзақ уақыт көреремен назарынан тыс қалған еді. Соңғы рет 2017 жылы үлкен экрандардан көрінсе, жаңа ән жазбағанына үш жыл өтті. Дегенмен, кинода ғана комбэк емес, музыкаға да қайта оралмақ.
– Образ өзіңізге ұнады ма? Трейлерді көрдік, фильмді көрдік барлық қиын сахналар сізде болған сияқты?
Жанар Дұғалова, әнші, актриса:
– Әрине бұл менің негізгі мамандығым ғой, актрисалық. Сондықтан мен үшін актерлық жағы қатты қиынға соқты деп айта алмаймын. Мен ләззат алдым. Ол менің мамандығым. Қазақ қыздарына осындай актерлық диапазон көрсететін керемет рөлдер көп деп айта алмаймын. Сондықтан да осы ұсынысты қуана қабыл алдым.
– Музыкаңызда не жаңалық?
- Музыкалық карьерамды да жалғастырамын құдай қаласа. Белгілі бір себептермен кішігірім бір үзіліс болды. Мен өмір бақи әнші боламын. Алла тағала күш-қуат берсін, дауыс берсін. Бұл менің жолым, бұл менің тағдырым. Әрине, мені жоғалтпаңыздар!
Сымбат Сағындық, тілші:
– «Умри или вспомни» Қазақстаннан бөлек, жаһандық прокаттарға шығады. Әлемдік стримингтік алаңдарға сатылып, «А» санаттағы абыройлы һәм элиталы кино бәйгелерде бақ сынайды.