- Алло?
- Алло?! Иә, сізді тыңдап тұрмын!
- Гүлдана Мұқан ба?
- Иә, Гүлдана Мұқанмын!
- Телефоныңызға келген кодты айтып жіберіңізші....
- Қандай код? Менің телефоныма келген кодты неге мен сізге хабарлауым керек?
- Сау болыңыз!
Гүлдана Мұқан, тілші
-Дәл осылай сіздің қалтаңызға, нақтырақ айтсақ картаңызға тұзақ құрған кибер қарақшылармен сізде талай тілдескен шығарсыз? Авантюраға арбап, қас пен көздің арасында тақырға отырғызып кетуге талпынатындар көп-ақ. «НТК» өміріңіздегі осындай оқиғалар негізінде криминалдық драма таспалауға кірісті.
- Бұндай жоба - Қазақстандық теленарықта бұрын соңды болған емес. Сіздің тіпті ойыңызға кіріп шықпаған, алаяқтардың нақты схемаларын барынша ашып көрсетеді.
Туындыда 11 қарақшы бірігіп афералық жоспар құрады. Онда IT маманы, ұрылар, қала берді банк қызметкерлері де бар. Телехикая шынайы оқиғаларға негізделген. Ал, бұл кейстер мен нақты фактілерді құқық қорғаушылардың өздері сериал авторларының қолдарына табыстаған. Мақсат – арбауға шырмалып қалғандардың санын мейлінше төмендету.
Рүстем Омаров, актер, продюсер
- Фильмде алынған барлық схемалардың бәрін қайдан алдыңыздар? Шынай оқиғаға негізделген деп жатыр.
- Кейбір нәрселерді ДВД берді, кейбір нәрселерді біз ютубта оқыдық, адамдар айтты, неге бұл Мошенничество деген қазіргі кезде үлкен проблема. Сол проблеманы біз көрсетеміз. Сатира ретінде, проблема ретінде.
-Жобада сіздің образыңыз ерекше болады. Яғни құйтұрқы әрекеттерге бару үшін сіз өзіңіздің имиджіңізді өзгертепсіз, психолог ретінде адамдарды арбауға кірісесіз, қанша уақыт жұмыс істедіңіз?
- Сценарийді өзіміз жаздық, образды да өзіміз жаздық, сондықтан қиын емес. Бір аптадай қарадық зерттедік, енді әр түрлі сериалдарға біз уже түстік опыт бар дегендей.
Детектив, триллер, криминалдық драма жанрлары ұштасқан лентада актриса Фариза Ескермес вебкам-модель рөлінде.
Фариза Ескермес, актриса
- Бүгін енді площадкада ерекше Фаризаны көріп тұрмын, имиджіңізге тоқталсақ?
- Өмірімде бірінші рет болып тұр енді бұндай рөл және өмірден алынған на реальных событиях.
- Сіздің образыңызға тоқталсақ, ол ерекше яғни, вебкам арқылы, камера арқылы сексуалды қызмет көрсетіп, ақша табатын қыздың образы...
- Жоқ... олай емес...
- Қалай?
- Тек қана вебкам емес, ол жақта көп нәрсе бар. Ол үшін сіздер сериалды көру керексіздер.
- Өзіңіз осындай образда ойнауға жүрексінген жоқсыз ба?
- Жоқ, актриса кез-келген рөлді ойнап шығу керек. Не үшін актрисамыз біз, егер де тек қана келіндерді ойнай берсек, тек қана жақсы персонаждарды ойнай берсек.
Рүстем Омаров, актер, продюсер
- Бұл жобада лакшери өмірді көрсетеді деп жатыр, реквизиттер, үлкен локациялар қыруар қаржы кетті, соның бәрін жүзеге асыру үшін оңайға туып жатыр ма?
- Ақша көп кетіп жатыр, бірақ НТК ақша беріп жатыр, біз енді ақшаны алып жатырмыз. Негізі, негізі бюджеті үлкен басқа біздің жобаларға қарағанда. Өйткені мында 11 басты кейіпкер, режиссер Олжас Нұрбай.
Олжас Нұрбай, режиссер
- Енді сериалдың форматы ерекше деп жатыр, кадр сыртында болған оқиғаны баяндап отыратын кейіпкер болады. Бұндай форматта түсіру қиындық тудырмай ма?
- Бізге тек қызық, негізі біз өзіміздің жұмысымызды өзіміз қиындатып бір күрделендіргенді жақсы көреміз. Себебі менің мақсатым әр жоба сайын жаңа бір деңгей қою. Ол біреу үшін емес, ол өзім үшін.
- Кәсіби актерлардан бөлек, сіз типажды актерларды табу үшін сіз жалпыхалықтық кастинг жасадыңыз. Өзіңіз қалаған актерларды дөп түсіп таңдай алдым деп ойлайсыз ба?
- Иә, иә, әсіресе Мақсаттың рөлін ойнайтын, оны мен ойнаймын. Жоқ, шыны керек күшті кастинг жасадық, менің басты мақсатым жаңа актерлар табу болды, жаңа бір кейіпкерлер табу болды. Халық жаңа актерларды қалайды.
- Қанша адам келді?
- Где-то по моему 500-ден астам адам келді ғой деймін.
Қарақшылардың қылмыстық схемаларынан бөлек телеөнімде көрермен құқық қорғау қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарына да куә болмақ.
Рүстем Омаров, актер, продюсер
- Лентадағы басты месседж қандай болады? Көрермен не үшін көруі қажет?
- 01:47 Адамдар көріп, бір-біріне айтып, сондай мошенниктер бар екенін, байқау керек дегендей.
Шынайы оқиғаға негізделген туынды 2023 жылдың күзінде НТК эфирінен көреременге жол тартады.