Гүлдана Мұқан, тілші:
«Махаббаттың өлшемі де шегі де жоқ!» Бұл тіркес «Донор» фильмінің ұранына айналғандай. Бүгін тұсауы кесіліп отырған картина байқуатты бизнесвумен мен әлеуметтік жағдайы төмен жалғыз басты әкенің арасындағы махаббатты баяндайды. Мұндай оқиға қаншалықты ойға қонымды? Фильмнен білетін боламыз.
Картина “Донор” аталып, басты назар бүйрек ауыстыруға негізделгенмен, айтар ойы тереңде. Теңін тапса, қай жаста да махаббатқа, отбасылық құндылықтарға орын бары баяндалады. Қай заманда да актуалды болған бай мен жарлының жай-күйі суреттеледі.
Баян Алагөзова, актриса, продюсер:
Дәл осы картинаның түсірілімі барысында Баян Алагөзова Қуандық Шәкіржановпен сүйісіп отырғанын желіге жүктеген еді. Вирустық бұл бейнеролик өте қызу талқыланды. Шынайы өмірде күйеуі бар бикештің өзге ер кісімен мұндай әрекетке баруы көпшілікке нонсанс көрінген-ді. Ал, мұндай хейтті Баян Мақсатқызының өзі қалай қабылдады екен. Бірге сұрап білейік.
Оқымаймын даже, хейт жаман емес, ол любой хейт реклама.Әсіресе Қуандықпен пиар жасаған жақсы, себебі, бір-бірімізге мүлдем келіспейтін жандар сияқтымыз.Не себепті жасап көрмеске?
Сізді фильмдеріне түсіру, әрбір фильмнің арманы сияқты. «Донор» фильмі сізді несімен қызықтырды?
Шыны керек, киноларға аз түсемін, көбіне бас тартамын.Себебі, қазір кино көп.Оның жартысының сапасы төмен. «Күшік құда» фильмінің маған командасы ұнады.«Донордың» мағынасы терең.
Кинопродюсер ретінде сіздің «Бақыт» атты жобаңыз «Берлин кинофестивальінде» «Панорама» секциясында басты жүлдені иеленді. Құттықтаймыз.Отандық көрермен қашан көре алады?
Бүгін ғана келіссөз жүргіздік.Әзірге прокатта фильмдер көп, сондықтан бәрі тынышталған сәт ол қаңтар айы, сол уақытқа жоспарлап отырмыз. Себебі, авторлық фильмнің комерциялық жобалар арасында жоғалып кеткенін қаламаймын.
Қуандық Шәкіржанов, әзілкеш, актер:
Баян ханымның өмірін құтқарып қалатын қаһарман Қуандық Шәкіржанов.Өнер иесі Жарқын атты кейіпкердің рөлінде.
Бүгін фильмде енді Баян ханым екеуіңіздің желіде тарап кеткен видеоңыздың куәсі боламыз, түпнұсқасын көреміз.Ал, өзіңіз сол кездері тарап кеткен хейтті қалай қабылдадыңыз?
Оның еш артықшылығы жоқ, ол өмірдегі өнер адамдарымыз, өнерде де әзілдесеміз, ол кинода да бар сценарий, сондықтан оның артықшылығы жоқ.
Инстаграмдағы охватыңыз көтерілді ме содан кейін?
бірден бүйтіп кетті, бүйтіп кетті демеймін, мен өзі әйтеуір инстаграмға аптасына 2-ақ рет қана қарап қоям жиі нетпеймін енді.Бармыз деп қоямыз арасында.
Дастан Қалдыбаев, продюсер:
1,5 ай бойы сценарийі жазылған фильмнің авторы әрі продюсері – Дастан Қалдыбаев.Кинопродюсердің бұл «Күшік құда» комедиясынан кейінгі екінші толықметрі. «Донор» кассалық табысы жағынан «Күшік құданы» басып оза алама, продюсердің өзінен сұрап білейік.
Тойдың боларынан, боладысы қызық дегендей, қазір енді кішкене толқу да бар, жалпы толқу бар бірақ уайым жоқ.
Әрбір кинопродюсер туындысын таспалаған кезде бір мақсатпен түсіреді ғой, сіздің мақсатыңыз қандай?
Менің мақсатым өзіміздің фантазиямызды, қаншалықты біз жақсы сценарий жаза аламыз, қаншалықты біз комедия жанрында шынымен де күлдірте аламыз деген сияқты, бір жағынан өзімізді сынау.Екінші жағынан көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлау.
«Күшік құда» фильмі сізде табысты болды, «Донордан» қандай үміт күтесіз?
«Донордан» да сондай үміт күтеміз, енді одан асып түспесе, кем түспейді.
Санжар Мәди, актер:
Фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі - Санжар Мәди. Актер туындыда әдеттегідей «краштың» образында!
Продюсер айтып жатыр,Санжар «красавчиктің рөлін сомдайды дейді, сымбатты серілердің образынан шаршаған жоқсыз ба?
Иә мен қайтадан сол образға оралуды жөн көрдім, кішкене өз-өзіме күліп қарағым келді.Себебі, рөл тым сымбатта жігіт емес, альфонс жігіт, самоиронияны көрсеткім келді.
Кез-келген жобаға келісе бермейсіз,ал «Донор»фильм сізді несімен қызықтырды, мүмкін ауқымды гонорар берген шығар, мүмкін сценарий ұнаған шығар?
Сценарий қызықты, бұған дейін мұндай оқиға бізде түсірілген жоқ. Оған қоса, актерлық құрам керемет болды.Мәселен, Баян Мақсатқызы, мен ол кісімен жұмыс істеп көрген жоқпын ғой деген ой келді.
Бүгін күллі Алматылық бомонд дәл осы «Донор» фильмінің жабық көрсетеліміне келген.Дәл қазір танымал тұлғалардың лента жайлы пкірін білетін боламыз.Кеттік....
Қайрат Әділгерей, актер:
22-ші жылдан бастап, өзі қаншама кино түсірілді соның ішінде, тілге тиек ететін ең бірінші осы Дастан Қалдыбаевтің алғашқы премьерасы «Күшік құда» ғой.Сол бір жылда екі топовый комедия шығару, енді ол сұмдық.Мен ойлаймын бұл «Донор», «Күшік құдадан» да асып түседі.
Қабдол Тілеков, «Меховая 8\1» тобының мүшесі:
Мен шыны керек, бір минусым бар андай, білмеймін любой киноға хоть билет сатып алып келсем де, осындай премьераға келсем де, ұйықтап қала беретін бәр жаман әдетім бар...
Бүгін ұйықтаған жоқсың?
Бүгін ұйықтаған жоқпын.Себебі, өте қатты күшті кино болды,душевный кино болды.