Гүлдана Мұқан, тілші:
«А-Студиолықтардың» айтуынша, «Джулия» заманауи Қазақстандық мәдениеттің төлқұжаты болады. Отандық мюзикл жанрын дамытуға үлес қоспақ. Сәйкесінше, актерлік, вокалдық һәм хореографиялық шеберлігі шыңдалған шоу-бизнес өкілдерін іріктеп алған.
Бродвей стиліндегі мюзикл сахналау идеясы – «А-студио» көшбасшысы Байғали Серкебаевқа 2016 жылы келген екен. Ойын жүзеге асыру үшін жылдар бойы ізденген. Бастапқы концепция да, сценарий де толық өзгеріп, аңыз ұжымның шлягерлері мен көрерменге жетпей қалған 20-ға жуық туындысы шырқалатын жаңа дүние жасалып шықты. Байғали Ермекұлы: - «Мюзикл әртістерінің плеядасын тәрбиелейтін алаң жасау мақсат болды», - дейді.
Байғали Серкебаев, «A-Studio» тобының мүшесі:
Елімізде мюзикл жанры енді ғана дамып келе жатыр бізде. «Джулия» несімен ерекшеленбек?
Мюзикл жанры бізде мүлде дамымаған. Бір реттік қойылымдар ғана болмаса, Нью-Йорктегідей ауқымды жобалар жоқ. Қазақстан бізді күткен шығар. Себебі, Джулия Америкалық стильмен жасалған алғашқы мюзикл болады.
Гүлдана Мұқан, тілші:
«Джулия» мюзиклінің желісі – «А-Студионың» 90-ыншы жылдардағы ғұмырына негізделген. Ұжымның құрылуы, аяққа тұруы, хит әндерінің өмірге келуі сынды кезеңдер көрерменге таныстыралды.
«А-студио»-ның 35 жылдық тарихының бір үзігі болу кез-келген әртістің арманы. Сондықтан болар, алғашқыда жоба авторларына Қазақстандық және шетелдік 3000 өнер иесінің өтінішін саралауға тура келген. Нәтижесінде, елге енді танылып келе жатқан жандармен бірге, аты аңызға айналып үлгерген өнерпаздар іріктеліп алынған.
Рүстем Нұржігіт, әнші:
Барлығымызды кастинг арқылы шақырды, үш кезеңнен ба төрт кезеңнен ба өтті. Шын айтсам мен үшін, ойламаған жерден, қуаныштымын.
Әдетте, сахнада ән айтып жүрсіздер, бұл енді мюзикл актерлық шеберлікті талап етеді және театр сахнасы, өзіңізге қаншалықты қиынға соғып жатыр?
Ең басында қиындау болған сияқты.Өйткені менің тәжірбиемде бұл бірінші рет.
Не күтеміз мюзиклдан?
Осы мюзиклдің ерекшелігі әрине ол, «А-Студионың» әндерін орындау, «А-Студионың» әндерін барлығымыз білеміз.
Байғали Серкебаев, «A-Studio» тобының мүшесі:
Мюзиклдің кастингінде болдық, көптеген әртістер кастингке келді, олардың ішінен ең үздігін таңдау қиынға соқпады ма?
Кастинг ең күрделі жұмыс. Тіпті талантты адамды байқамай қалуың мүмкін, ал сенген адамың дайындықта сені ұятқа қалдыруы мүмкін. Бұл жолы қателескен жоқпын. Нәтижеге көңілім толды.
Ал, Джулияның образы әнші - Дана Сағынбайға бұйырған. Еске салсақ, өнерпаз 4 жыл бұрын продюсер Ерік Тәстембековтың қол астында жұмыс жасаған еді.
Дана Сағынбай, әнші:
Енді сізді мюзиклдің басты кейіпкері деп айта аламыз ба?
Иә. Бізде басты кейіпкер бесеу. Мен бір кезеңін сомдаймын. .
Қандай әсерде болдыңыз басты рөлге өтіп Джулияның образына бекітілген кезде?
Менде шок болды. Өйткені мен күтпедім.Бірақ, маған айтқан кезде қатты қуандым, сенбедім.
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш:
Бүгінгі «Джулия» мюзиклінің алғашқы қонақтары қасымда - Жахан, Балжан. Қайырлы кеш, көңіл-күйлеріңіз қалай?
Күшті көңіл-күй тамаша.
Джулияның кішкене ғана бөлігін көрдіңіздер, енді не күтесіздер бұл мюзиклдан?
Қазақстандағы ең алғашқы эстрадный ерекше мюзикл деп айтсақ болады. Мюзикл деген ол актерлік шеберлік, ән бар ол жерде өте керемет. Үлкен еңбек жатыр, дүние жатыр.
Шәріп Серік, актер:
Өте күшті, өте стильді.Менің ойымша Алматинский вайб бар ғой білесіз ғой, Панфилованың бойында, қызыңмен кешке серуендеп жүрген кезде сондай адамдар осы мюзиклға міндетті түрде келу керек деп ойлаймын.
Гүлдана Мұқан, тілші:
50 – ден аса музыканттар мен әртістер қатыстырылған мюзиклдің тұсауы желтоқсанның 26-сы Алматы театрында кесіледі. Келер жылдың 8-ші қаңтарына дейін үздіксіз сахналатын туындыға билеттер қазірден бастап сатылып жатыр.