Сымбат Сағындық, тілші:
– Біз бүгін белгілі ақын, танымал телепродюсер – Мақпал Жұмабайдың «Қолыңды бер» атты бейнебаянының тұсаукесеріндеміз. Клип не жайында? Мақпал бейнеүзік арқылы нендей шерін жеткізгісі келді? Бүгін білеміз...
Maqpalsher өз шығармашылығында көкейкесті сұрақтарды көтеруімен ерекшеленеді. «QOLYNDY BER» жаңа бейнебаянында да адами және адамзаттық құндылықтар туралы бірнеше өзекті мәселені қамтиды.
– Біз шығармашылығы қашанда сырлы, шерлі – Мақпал Жұмабайдың бүгін бейнебаянының тұсаукесеріне келіп тұрмыз. 00:17 – «Қолыңды бер» туындысының концепциясы туралы айтып берсеңіз?
Мақпал Жұмабай, продюсер:
- Бұл шығарма негізі жәй ән түрінде, мәтін түрінде мағынасы бір жақты болуы мүмкін. Ал бұны біз, былайша айтқанда кино туындыға, клипке айналдырған кезде, мен өзім төрт мағынаны салдым. 00:41 – Мен бұл жерге: сана мен бейсананың күресі, үміт пен күдіктің күресі, сонымен қатар индустриялық ревалюциямен, табиғаттың қарым-қатынасы. Сонымен қатар, шындық пен виртуалды шындықтың арпалысы туралы. Сол идеяларды осы клипқа салғым келді.
“Қолыңды бер” әні Берлиндегі Jazzanova Recording Studio-данеміс музыканттарының қатысуымен жазылды. JRS – 2013 жылы негізі қаланған Еуропадағы озық дыбыс жазу студияларының бірі.
Мақпал Жұмабай, продюсер:
– Қарап отырсаңыз бұл клип, менің ойымша біздің өткен өміріміз туралы және бара жатқан болашағымыз туралы. Сол жолда біз бір бірімізді қалай сақтауымыз керек. Өзімізді қалай сақтауымыз керек. Мен сол туралы адамдардың есіне салғым келеді. Жер бетіндегі қауіптер туралы тағы бір рет айтқым келеді. Сол жерде бізді барлығынан, бұзып-жарып алып шығатын,
– Бүгінгі тұсаукесердің, кештің жүргізушісі, біздің – Молдияр мырза. Жалпы Мақпал ханым айтып жатыр, клипті көрген 2 адамның бірі сіз деп. Алғашқы әсеріңізбен, ойыңызбен бөліссеңіз?
Молдияр Ергебеков, өнертану докторы, кино және медиа зерттеуші:
- Менің ойымша қазірге дейінгі 3 жылда, қазақ популяр музыкасында жақсы-жақсы клиптер түсіріліп келе жатыр. Қазақстанда популяр музыка саласында бір индустрия қалыптасып келе жатыр. Бұл «Қолыңды бер» деп аталатын әнге жазылған, жасалған клип өте жоғарғы дәрежеде. Эстетикалық тұрғыдан болсын, философиялық тұрғыдан болсын. Маған қатты ұнаған жері, егер бір сөзбен ғана айтатын болсақ: «Қолыңды бер» деген ән біраз адамдардың арасындағы қарым қатынастың алшақтап кетуі жайында ғой. Клипте тунельдің соңында бір жарықты көреміз. Бізді бір үмітке шақыратын, сондай бір керемет хабарламасы бар. Мессейджы бар.
– Негізі актрисаларды қазіргі жастарды бұндай кештерде көру өте сирек.
Алма Сағындық, актриса:
– Қазақта сөз бар ғой: «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» деп. Әсіресе осындай творческий, шығармашылық жұмыстарды қолдауға келіп, поддержка беруге всегда дайынмын. Бұл жерде енді соц.сеть қой. Келіп, көріп, түсіріп: «Осындай нәрсе шықты. Осындай дүние шықты. Көріңіздер» деген сияқты. Сондықтан мен қалмауға тырысамын. Керісінше осындай шығармашылықта бір бірімізге барып, қолдау көрсетіп, коммуникация жасау керек деп ойлаймын. Кино, музыка, театр деп бөлінбеу керек.
Сымбат Сағындық, тілші:
– Мақпалдың шерлі шығармашылығына, тағы бір тың туынды кеп қосылды. Көрерменнің көңілінен орын тебер, тағдырлы тармақтар болсын дейміз.