Сымбат Сағындық, тілші:
- Осыдан 4 ай бұрын басталған, 16 қыздың киіну үлгісін сынға салған «Сәнді алмаста» бүгін ақтық мәре! Сонымен «ең стильді» атанып қана қоймай, 1 миллионды қанжығасына байлайтын сылқым кім? Бірге білейік.
Жарыс 5 сағат бойы тікелей эфирде өтті. Осы уақыт ішінде 16 қыздан жобада тек, 3 ару қалды. Сайыстың әр санында қыздар түрлі тақырыпқа байланысты, образ таңдаулары керек. Жартылай финалдан шығып қалған Сара Құспан: «Менің потенциалымды ашқан бағдарлама болды», - дейді.
Сара Құспан, «Сәнді алмас» жобасының қатысушысы:
- Менің ойымша, бұл өте бір мықты бағдарлама болды. Еще бұл бірінші рет болған бағдарлама. Біздің елде сән туралы бағдарлама бұған дейін болған емес.
- Бір өзгеріс болды ма, осы үш айда стильіңізде?
Ардақ Ділдәбек, «Сәнді алмас» жобасының қатысушысы:
- Әрине, бұл бағдарламаға кіргенде мен қандай едім? Мүлдем стильден хабарым жоқ еді. Бұл бағдарламадан шыққан кезде, мен өзін қорғай алатын, стиліне сенімді, не айту керегін нақты білетін өзіне сенімді азаматшаға айналып шықтым.
- Жалпы нәтижеге көңіліңіз толды ма? Жоба әділ өтті ме?
Жанаргүл Әділова, «Сәнді алмас» жобасының қатысушысы:
- Жоба негізі әділ өтті, көңілім қатты толды. Қыздардың бәрі молодцы. Мен де молодецпін. Бірінші маусымнан кейін, екінші маусым болса екен деген іште үміт бар. Себебі, Қазақстанда киіне алмайтын қыздар өте көп. Сондықтан мына бағдарлама өте дұрыс жасалған.
- Жеңіс бар жерде, жеңілістің де болары белгілі. Неге көзіңізге жас алып тұрсыз?
Алма Зәкіржанова, «Сәнді алмас» жобасының қатысушысы:
- Негізі мен осы уақытқа дейін барымды салдым. Істемегенді істедім. Нағыз стильдің не екенін, дәлелдедім. Қатты толқып тұрмын. Ойлаған жоқпын, что конец осындай болады деп.
- Реніш бұл жерде кімге: қатысушыларға әлде редакцияға немесе өзіңізге? Кімге? Әлде дауыс берген көрерменге ме?
- Жеңген адамға. Басқа қыз жеңеді деп ойлайтынмын. Бірақ өзіме до конца сендім. Жюридің балынан да жақсы келе жаттым. Халық та дауыс берді. Неге бұлай болып кетті? Өзім де түсінген жоқпын.
Бас жүлде 1 миллион теңгені Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының тумасы – Баян Медешқызы жеңіп алды. Мамандығы бойынша - медбике. Бірақ бүгінгі таңда сән салонында жұмыс істейді екен. «Стильді киінгенді жаным сүйеді», - дейді.
- Баян, сәлеметсіз бе! Енді бүгінгі жеңісіңізбен құттықтаймыз! Әсеріңізбен бөліссеңіз?
Баян Медешқызы, «Сәнді алмас» жобасының жеңімпазы:
- Әсерім өте керемет! Рақмет сіздерге! «Сәнді алмаста» мен ұтсам да, өмірде мен басқа қыздарға жеңіс тілеймін. Қатты қобалжып жатырмын. Бірінші кезекте халқыма қатты ризашылығымды айтамын. Алғысым өте-өте шексіз.
- 1 миллион енді аз ақша емес, қайда жұмсайсың?
- Өзімнің анамды құдай қаласа, меккеге апарғым келеді.
- Жалпы жылап жатқан қыздар бар. Әділетсіз болды деп жатқандар да бар. Неге олай?
- Енді ол өздерінің ойлары. Енді мен мықты болғаннан кейін. Осы уақытқа дейін бір-бірімізбен солай келдік қой. Бақталасып келдік. Бірақ мені халық қолдап жатыр. Сол халықтың арқасында жеңімпаз болып тұрмыз.
- Біз енді дәл қазір кімді көріп тұрмыз? Анара Батырхан, Айдай Исаева! Қалыңыз қалай, Айдай?
Айдай Исаева, «Сәнді алмас» жобасының жүргізушісі:
- Өте керемет! Мына жақта шампанское атып жатыр если что, басымызға тиіп кетпесін.
Анар Батырхан, әнші, актриса:
- Күшті бағдарлама! Бүгін финал болды. Өте қызық тартысты жоба болды, менің ойымша.
- Анара бүгін екінші рет төрешілік етіп отыр. Өте керемет. Жүргізуші ретінде де. Жалпы біздің көңілімізден қатты шығып жатыр. Сондықтан саған рақмет!
- Айдай да молодец! Жоғарғы деңгейде бүгін өткізді.
- Біз келісіп қойғанбіз «бүгін бір-бірімізді мақтаймыз» деп.
- Жобадағы ең қатал әділ қазылардың бірі деп айтып жатыр. Енді мен Жадо ханымды ондайға қимаймын негізі. Қалыңыз қалай? Қалай өтті финал?
Jado, дизайнер:
- Бәрі тамаша. Көп-көп сіздерге рақмет! Нтк телеарнасына, басшыларына. «Сәнді алмастың» ұжымына, продюсеріне. Керемет өтті, жақсы жоба. Мен ойлаймын, әрбір қызымыздың ханшайым болуы тиіс. Әрбір қызымыз әдемі киінуі тиіс деп ойлаймын. Сондықтан да бізге өте қиын болды. Дегенмен де, менің ойымша бұндай жоба болуы керек. Біз шынын айтсақ, екінші сезонды күтеміз.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Финал НТК арнасының тікелей эфирінде өтті. Өте тартысты болғаны сөзсіз. Ал біз өз атымыздан, жеңімпаз сұлуды шын жүректен құттықтаймыз