Гүлдана Мұқан, тілші:
- Ерекше локацияны көріп, мені қайда келді деп тұрған шығарсыздар! Менің қолымда Оскар марапаты. Өнер адамдарының бір жыл еңбегін саралайтын премияда кім үздік шықпақ? Айтпақшы, бүгін ауқымды түрде алғаш рет өтіп отырған марапатта спортшылар, киногерлер мен музыканттар жүлдеге ие болмақ. Ал кім үздік шықты сәлден кейін анықтайтын боламыз.
- Бүгінгі жиынның атауы «Тикетон Award»! Премия бұған дейін үш жыл қатарынан онлайн форматта өткен еді. Енді міне алғаш рет оффлайн болмақ. Ал ауқымды фестивальдің әділ-қазылары қарапайым халық. Көрермен бірнеше ай бойы мәдениет саласының үздіктерін дауыс беру арқылы анықтаған.
Дариға Бадықова, актриса:
- Былай алыңызшы, қырынан аласыз қазір...
- Давайте.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Менің қасымда қазақ киноиндустриясының «үздік актрисасы» Дариға ханым! 467 дауыс жинап үздік атанды. Құттықтаймыз!
- Жалпы, мен істеген ісімнен ештеңе күтпеймін. «Үздік жыл актрисасын» 3 жыл қатарынан алдым мен. Әрине, біріншіден көрермендерге үлкен алғыс білдіремін.
Ал, жылдың үздік актері – Дәурен Серғазин атанды. Киногер бұл номинацияда Жан Байжанбаев, Нұрлан Қоянбаев, Мұрат Бисембин, Төлепберген Байсақалов сынды танымалдармен бәсекеге түскен-ді.
- Дәл осы Дәурен Серғазин басты рөлді сомдаған «Портье: Мальчик на побегушках» фильмі «Жылдың ең үздік картинасы» атағына ие болды. Продюсері Тимур Бақтыбаев. Еске салсақ, туынды карантин кезінде таспаланып, көрерменге ұсынылған еді.
- Карантин кезінде тәуекелге барып таспалаған фильміңіз «Портье: Мальчик на побегушках» үздік фильм атанды. Өзіңіз күттіңіз бе?
Тимур Бақтыбаев, кинопродюсер:
- Қандай да жарыс болмасын, жеңем деген өзімде бір ой болды. Себебі өткен жылы «Любовь на миллион» атты киномыз бірінші орын алған болатын.
- Сіздің фильмініз несімен ерекше деп ойлайсыз?
- Менің ойымша, концепциясымен. Себебі, фильм ерекше. Біздің Қазақстандық стильде емес.
- Номинаттар тізімін қарадық, танымал продюсерлер, белді режиссерлар бар екен.
- Үздік фильм ретінде кімге дауыс берер едіңіз?
- Біздің конкуретіміз «Бизнес по-казахски Туркияда» болды.
Бүгінгі премияда киносы үздік шыққандар арасында тек актерлар ғана емес спортсмендер де бар. Соның бірі Қуат Хамитов. Күштілеп дайындалып келіпті.
Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек файтері:
- Таңғы жаттығудан келе салып, кешеден бері костюм таппай, маған енді смокинг керек деді де, сонымен мен размеріме келетін, маған ұнайтын, смокинг табу өте қиын болды.
- Актер ретінде премияға ие болып жатырсыз, актерлық карьераңыз қалай болып жатыр?
- Актерлық карьерам жақсы, бірінші кинодан кейін, осы жақында тағы бір екінші киноға түстім Алла бұйырса осы портьенің екінші бөліміне түсейін деп жатырмыз осы жазда. Сондықтан спорттан бөлек те, кино карьерам жақсы жүріп жатқан сияқты.
- «Эстрадалық концерттік турне» номинациясы «Найнти Уанға» және «Ордаға» тиесілі. Еске салсақ, өнер өкілдері былтыр үлкен ән кешін өткізген еді. Ал, жігіттер бүгін кеште қонақ болып ғана қоймай, өз өнерлерін де көрсетпек.
«Ninety One» тобы:
- Звук бар ма, Дәурен аған?
- Звук бар ма, Дәурен аға?
- Жігіттер, сәлем! Сендерді көргеніме қуанштымын. Қалдарыңың қалай?
- Керемет, хәліміз күшті. Рақмет.
- Жеңімпазсыңдар «Эстрадалық концертік тур» номинациясы бойынша. Күттіңдер ме?
- Шынымды айтсам, күткен жоқпыз, өзіміз естіген кезде кішкене таңқалып қалдық. Бізге дауыс берген адамдарға, дауыс берді ғой ол жеде иә, көп көп рақмет.
- Енді концерт өткізу жоспар бар ма?
- Жалпы иә, бізде жоспар көп, Міндетті түрде осы жазда, келесі айда біздің тур болады Қазақстанда 8 қала Қазақстанда бір қала Ташкентте.
- Осы жылы үздік шықтыңдар, келесі жылы да номинацияда ұту ойда бар шығар?
- Бізде номинацияны ұту мақсат емес, бізде сапаны ұстап отыру одан да және күшейту. Егер де сол сапамызды бағалайтын болса біз ашықпыз.
- Бала сөйлемей қалды ғой...
- Мен ештеңе естіп тұрғам жоқ, барлықтарыңызды жақсы көремін, бізбен бірге болыңыздар. Біз қайтадан келдік.
- Рақмет жігіттер!
- «Тикетон Award» шарасында музыка ғана емес, спорт саласының үздіктері де бар. Дәл қазір менің жанымда, «үздік спортсмен» атанған біржан Оразов.
- Үздік шығамын деп олйадыңыз ба?
Біржан Оразов, аяқдопшы:
- Әрине ойлаған жоқпын, бірақ кім маған голос берді, голосовать етті, мен үшін уайымдады соларға алғысым шексіз. «Спортсмен года» дейді ғой, берген голостарыңызды ақтауға тырысамын.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Осылайша 2021-ші жылдың үздіктері анықталды. Өнер өкілдері үшін марапат мотивация болары анық. 2022-ші жылда кім топ жарады, оны келесі жылы білетін боламыз.