Гүлдана Мұқан, тілші:
- Ерекше образ! Батыл кадрлар! 150 млн теңгеге түсірілген фильм өзін-өзі ақтай ма? Біз танитын актер Жахан Отарғалиев қандай продюсер? Бүгінгі премьерадан кейін белгілі болады!
- Жахан Отарғалиев күллі шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып тырнақалды туындысының тұсауын кесті. Актердің алғаш кинопродюсер ретінде көрерменге ұсынған туындысының атауы «Джохан».
- Біз білеміз, Жахан фильм таспалауды қатты армандады. Тіпті толықметрлі жобасы үшін өзінің үйін сатып, қарызға белшесінен батқан еді. Актер фильм үшін тағы қандай тәуекелдерге барды? Өзінен сұрап білейік.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Қанша күн ұйықтамай жүрдіңіз?
Жахан Отарғалиев, актер, продюсер:
- Бір апта ұйықтаған жоқпын десек те болады. Бас та ауырып кетті, миым ашып кетті, анау да былай, мынау да былай, былай қалай болады. Шақырған кісілер келе ме? Бәрі жақсы бола ма? Соның бәрін уайымдап кеттім шыны керек.
- Продюсер болу оңай емес, қандай тәжірбие жинадыңыз?
- Үлкен тәжірбие жинадым, өте үлкен тәжірбие жинадым. Жалпы өзіңнің дүниеңе, сенің ғана жаның ашиды ғой. Енді мына келген қырғын көрерменнің көңілінен шығып кетсе дейміз.
- Фильм таспалау үшін, үйіңізді сатып үйсіз қалдыңыз ғой. Пәтерде қанша уақыт тұрасыз?
- Алла қаласа білмей жатырмын әзірше. Бауырларымыз бар қолдаймыз деп тұрған, сол пәтер мәселесіне келген кезде, міне Нұрболхан деген бауырым бар, осы кісі көмектесемін деп жүгіріп жатыр, білмеймін хотя бы пәтер алуыңа көметесейінші деп.
- Бір жыл бұрын бізге сұхбат бергеніңізде, түсірілім алаңында актерлар гонорар алмай-ақ түсіп жатыр деген едіңіз, төледіңіз бе бәрін?
- Барлығына келіскен бойынша гонорарлары берілді, бірақ ішінде тегін де ешқандай гонорар алмай келген актер бауырларым да, қыздар, жігіттер бар. Мен айтам постоянно сөйтіп жүріңіздерші деп.
- Неге әке мен баланың оқиғасы?
- Қоғамда өмірде андай ажырасу деген, айтқым келмейді, сол сөз көп болып кетті де, сол себептен сондай азайса екен сондай болмаса екен, жігіттер әйелдерін, әйелдері күйеулерін бағаласа екен деген оймен сондай мақсатпен түсірілді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Бір қызығы лентада Жаханның жарын Балжан Бидаш емес, Сабиркин сомдайды. Сабира Жалгасқызы үшін туынды толықметрдегі алғашқы образдарының бірі.
Сабира Жалғасқызы, блогер:
- Жаханның жары болу қалай екен?
- Фильмде жары болу негізі онша емес, өйткені біздің рөл, біздің жалпы ойнап шыққан фильмдегі оқиға десем қателеспейтін шығармын оқиға кішкене мұңдылау. Бірақ нәтиже жақсы.
- Фильм сізге несімен ұнады?
- Бұл жерде бізде тек қана әзіл ғана емес, тек қана көңіл көтеру ғана емес. Бұл жерде бір мағынасы бар отбасы бағалау керектігі де бар. Халыққа тәрбие беретін, адамдарға ой салатын жерлері бар.
- Жахан қандай продюсер?
- Керемет, шынымен бе бұл салаға бірінші рет келген болса да, өзінің бір бар ақылын, бар тәжірбиесін салып, бірінші рет келді деп айтпайсың бұл жолға.
- Гонорыңыз көңіліңізден шықты ма?
- Мен шынымды айтсам гонорар үшін түскен жоқпын бұл фильмге. Сол себепті мен гонорар туралы ойланған да жоқпын.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Туындының «Джохан» деп аталуына басты себепкер - кісі Анвар Матжанов. Лентаның режиссері. Түсірілім жұмыстары ауырға соқты себебі судың астында да экшн сахналар да кездеседі фильмде. Барлығын енді Анвар ағаның өзінен сұрап білейік.
Анвар Матжанов, режиссер:
- Әне-міне дегенше, фильм жарыққа шықты, бір уф деген шығарсыз?
- Уф деп айтып үлгермедім, қалай бітірдім киноны уже премьерада жүрміз предпоказда. Сондықтан енді киноны көрсетіп болғаннан кейін көрермендерге ұнап жатса. Сол кезде уф деп айтармыз.
- Фильмде ауыр болған сахна?
- Ең соңғы сахналардың бірі, ол жерде бізде өте көп актерлар түседі, қазір айтсам барлық киноны айтып қоямын.
- Ал ең көп дубль жасаған актер?
- Ол Жахан. Жаханның рекордын ешкім жаңартады деп ойламаймын. Сондықтан Жахан.
- Ең ерке актер площадкада?
- Жахан.
- Не себепті?
- Потому что енді өзі ген.продюсер, өзі басты кейіпкер.
Бұл лентадан актер болуды армандайтын Жаханның өзін көруге болады. Бірақ ол құмар ойындарға тәуелді болып, отбасынан айрылмақ. Оған қоса кейіпкерге жақындарын алдау арқылы, жанұясын құтқарып қалу миссиясы берілмек.
- Звук бар ма?
Жанель Мақажан, актриса:
- Үрлеңізші ыстықтап тұрмын.
- Ыстық па, адам көп себебі.
- Фильмді тамашаладыңыз көрермен ретінде көзқарасыңызды білсек.
- Шыны керек бұл, фильмді көп күттік. Досымның ең бірінші бастамасы маған ұнады.
Жансерік Қадырбаев, блогер:
- Кәдімгі кульминациясы бар, эмоция жаңағы, жылайтын жері бар, күлетін жері бар деген сияқты ең бастысы басы бар аяғы бар фильм да.
- Қандай ой түйдің фильмнен?
- Азартқа жоламау керек.
- Жалпы өмірде неге құмарсың?
- Қазір соңғы кездері тамаққа құмар болып бетім томпиып қалды. Соны доғару керек сәл-сәл дегенсің бе. Атқа мінгенге құмармын, футбол ойнағанға құмармын.
Балжан Бидаш, әнші:
- Мен өмірде жалпы, сұлулыққа құмармын, тамақ жасасам тамағымның түрі әдемі болу керек, стол жасасам столым әдемі, киім кисем киімім әдемі болу керек.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Өздеріңіз көрдіңіздер, премьерада ине шаншар жер болмады. «Джохан» фильмі, мықты комедия ма, оны 5-ші мамырдан бастап үлкен экрандардан тамашалап, бағасын беретін боласыздар. Ал Жахан «Джоханмен» тоқтамаймын деп отыр. Ендеше, продюсердің фильміне тағы да келетін боламыз. Сондықтан қоштаспаймыз.