Гүлдана Мұқан, тілші:
- Бұзақы болып жүрген ауылдың қарапайым екі баласы, қалай әлем чемпионы атанады? Жеңіл атлетикадан жарыстан үздік шыққан екі жігіт туралы оқиға бүгін «Алға» фильмінде айтылмақ. Дәл қазір мен сол фильмнің тұсаукесеріне келдім.
- Қазақ киноиндустриясына жаңадан қосылған туындының басты кейіпкерлері Жандос Айбасов және Ербол Семқұлов. Ал бас продюсері Максим Акбаров.
- Үш жыл бойы таспаладыңыздар, ұзақ созылуына не себеп болды?
Максим Акбаров, продюсер:
- К сожалению вмешалась пандемия, и мы испытали проблемы с заменой режиссера, сценаристов главных актеров все поменялось все изменилось и вот за 2,5 месяца после пандемии мы уже быстро все сняли.
- Не себепті спорттық драма?
- Потому что, хотелось сделать что то спортивное. Потому что тогда не было спортивных картин у нас в Казахстане вообще.
- Біздің білеуімізше марқұм Фархад Абдраимов продюсердің бірі?
- Фархад был одним из продюсеров, он был только нашим продюсером другом братом, мы работали вместе с ним на многих проектах и это был один из проектов, где он так же был продюсером. И эту картину я посвятил ему.
Түсірілім тобы кәсіби мамандардан құралған. Мәселен, Ернар Нұрғалиев режиссерлық етсе, Азамат Дулатов операторлық тізгінді ұстаған. Сондай-ақ, Ресейде кеңінен танылған қазақстандық актер Алексей Шемес фильмге арнайы шақырту алған көрінеді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Жандос қайырлы кеш, тағы да тұсаукесер алаңында көргеніме қуаныштымын. Премьера құтты болсын!
Жандос Айбасов, актер:
- Рақмет
- Енді соңғы кездері, проектарыңыз көбейіп жатыр, көбінесе драма, спорт жанрында, неге комедия жоқ?
- Аллаға шүкір, иә проектерім шығып жатыр. Мына фильмнің өзі толықтай драма деп айта алмаймын, бұл жерде комедияның да элементтері де бар.
- «Алға» фильмі жастарға мотивация береді деп ойлайсыз ба?
- Тек жастарға ғана емес, біздің өзіміздің туған жаңағы ауылдың жігіттеріне де жақсы мотивация береді деп ойлаймын. Бұл жаңағы кино ауылдың жігіттері жайлы.
- Фильмде қиыншылықтан құтылу үшін бұзақылықпен айналысып кетесіздер, өмірде қиыншылықтан құтылғанда қандай тәсіл қолданасыз өзіңіз?
- Біз қалай бастаймыз, екі кейіпкерді бұзқы жағынан көрсетеміз, кейін олар өзгереді, сондықтан, бұзақыға барып, жамандыққа барып ол өзгеру деп жақсылыққа бару деп есептемейміз, өйткені оның энергетикасы жаман, өздеріңіз білесіз, ұрлыққа да баруға болмайды. Басқа да қылмысқа баруға болмайды, сондықтан таза адал жұмыс істеу керек.
Туындыда дебьютанттар да бар. Солардың бірі – Карина Кудекова. «Сәке» веб-сериалы арқылы танылған актрисаның бұл алғашқы толықметрі. Карина фильмде Жандос Айбасовтың ғашығын сомдайды.
Жандостың туған бауырын өмірдегі және өнердегі досы Ербол Семқұлов сомдайды. Еске салсақ, актер талай жылдан бері кино мансабында үзіліс алған еді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Көптен бері кинодан көрінбей кеттіңіз оған не себеп?
Ербол Семкұлов, актер:
- Оған дейін білмеймін енді өз жұмыстарыммен жүрдім.
- Ол қандай жұмыстар ?
- Каскадерлықпен жүрдім. Каскадерлықпен жұмыс істеп бүкіл уақытымды соған арнап кеттім.
- «Алға» фильміне қалай тап болдыңыз?
- Кастинг болды, негізі екі рет кастинг болды, басында басқа режиссер болу керек еді, сосын жарты жылдан кейін тағы хабарласты.
- Кәсіби спортшы емессіз, спортсменнің өзін сүру, өзіңізге қиындық тудырмады ма?
- Кезінде мен футбол ойнадым ғой 5 жыл ЦСКА-да, сондықтан бұл кинода жүгірген кезде маған кішкене оңай болды.
- Бір қызығы талай жыл түскен кинода да бет-әлпетіңіз сымбатты, бірақ өзгермейсіз, оның сыры бар ма?
- Білмеймін, мүмкін әкеме рақмет деп айтатын шығармын ол үшін.
- Мүмкін спорт, диета?
- Өзім натурам сондай шығар...
Гүлдана Мұқан, тілші:
Бұл фильм үш жылы бойы таспаланған. Осы уақыт аралығында актерлерлық құрам да сан мәрте өзгерген. Елімізде онсыз да сирек таспаланатын спорттық драма жанры көрерменге ұнай ма? Үш жылдық еңбек ақтала ма? Оны көрермен өздеріңіз шешесіздер