«Дегдар» гуманитарлық қорының қайырымдылық бастамасы өз мәресіне жетті. Мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін жоба Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалаларында өткен еді.
Қайырымдылық аясында аталған үш өңірдегі 1000-ға жуық отбасы қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Көмек көрсетілгендердің қатарында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар бар.
Это очень большая помощь! Потому что сейчас продукты очень даже дорожают. Картошки все эти овощи и масло пятилитровая. Вот так вот.
Я получила такое количество подарков, которое даже не видела не то что принимала. Я даже в растерянности.
Әрқайсысы шамамен 65 килограмды құрайтын себетте тұрмысқа ең қажетті тауарлар қамтылған
Картошка, лук, морковька, там есть гречка, тушенка, масло, мука и конечно сахар. Чтобы жизнь была сладкой. Ну и конечно порошок. Ты рада? Да!
Бұл көмек материалдық табысы төмен адамдарға көрсетілген айтарлықтай қолдау болды. Олардың көбісі берілген азық-түлік себеттерінің бір айға жететініне қуанып, үнемделген ақшаны енді өзге де қажеттіліктерге жұмсайтынын жеткізді.
Такая помощь, вообще, классная! Я месяц могу смело об элементарных вещах не думать. Ну это тоже очень классно! Спасибо еще раз!
«Дегдар» гуманитарлық қорының қайырымдылық бастамасы көптеген отбасыларға жаңа жыл алдында ерекше көңіл-күй сыйлады. Тіпті кей тұрғындар қуаныштан көзіне жас алып, қорға алғыстарын жаудырды.
Мүгедек баланы тәрбиелеуші ана болып табыламын. Өзім жұмыс істей алмаймын, 24 сағат бойы баланың жанында отыруым керек. Сондықтан бүгінгі мына сіздердің жасаған сыйлықтарыңыз, столымыз керемет жайнап, одан біз неше түрлі тәтті-дәмді жасаймыз. Наурызға арналған бауырсағымызды пісіреміз. Бешбармақ жасаймыз, сіздерге көп-көп рақмет! Осы жақсылықтарыңыз сіздердің үрім-бұтақтарыңызға ары қарай жалғаса берсін.
Бұндай қайырымдылық шараларын «Дегдар» гуманитарлық қоры 20 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Бұл акция келешекте да жалғасын таппақ