Айдана Мәулен, журналист:
«Клиптегі киімдерімнің өзі 1 миллион тұрады», - деп алдын ала жар салған блогер Айтуған Ғалымов бүгін бейнебаянын таспалауға кірісті. Мына жерде қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Алғашқы бейнебаяны болған соң ба, Айтуған аса қобалжулы сияқты...
Соңғы кездері ән салып кеткен блогерлер көп. Мысалы: Мерей Абилова, Алишер Қонысбаев, Анель Кенжебекова сынды желі жұлдыздары. Енді солардың қатарына «Краш team»-дық Айтуған Ғалымов та қосылды. Айтуғанның бүгінде тиктокта 120 мыңнан астам фолловері бар.
- Айтуған, тиктокер-блогер ретінде халық сені онсыз да таниды. Ән айту қандай қажеттіліктен туды?
Айтуған Ғалымов, тиктокер:
- Бала кезден арманым болды негізі. Атырауда жүрген кезімде айттым ғой, «клип түсірсем екен, әнімді шығарсам екен» деп. Жақында Аллаһтың қалауымен, жолдастарымның, Фархадтың, Калифарнияның арқасында бір өлең туындап соны жарыққа шығарамын деп шештік.
- Әннің тақырыбы қандай, сюжеті қандай клиптың сол туралы айтып кетсең?
- Әннің тақырыбы «Ай» деп аталады, әннің өзінің аты. Ай, өзімнің есімім - Айтуған. Ғашықтарға арналады негізі. Бірақ бір билейтін лирика аралас. Билеуге де болатын, адамның құлағына жағымды, керемет ән болып тұр.
- Әнді кімдермен жаздыңыз? Өзіңіз негізі ән жазасыз ба?
- Бала кезімнен ән шығарып, өлең шумақтарын шығаратын болғанмын. Бұл әнді Калифарния бауырларымыз бар, Нәке бауырымыз бар, Ақтөбеден келген жігіттер бар, команда, Калифарнияның командасы сол кісілермен ақылдаса отырып осындай ән бар деп, тыңдап бір ауыздан шығарған ән.
Айтуған әншілік карьерасындағы алғашқы туындысы болғандықтан, тиянақты дайындалыпты. Бейнебаяндағы бэнд пен актрисалар образына миллионнан аса қаражат жұмсаған.
Айдана Мәулен, журналист:
- Киімнің өзі млн тұрса, клип қанша тұрады екен? Қанша шығындалдың?
Айтуған Ғалымов, тиктокер:
- Жеткілікті. Бірінші дебют болған соң ешнәрседен бас тартып жатқан жоқпыз, Аллаға шүкір.
- Ал, мына үстіңіздегі киіміңіз қанша тұрады?
- Мынау, біздікі, өзінікі десең, иә? Жоқ, мынау арзан тұрады, өзімнің образым. Этикеткалар жоқ па біреудің? Этикеткасын алып үлгермедік, 165 мың теңге. Бұл 80 жылдардағы кофта, отыра беріңіз. 130 мың теңге рубашка, просто мынау көрдіңіз бе, стразымен. Бұл арнайы тігілген, гитаристерге примерно. Болды, анау өзінің 5 мың теңгелік көйлегі.
Бұл Айтуғанның алғашқы клипы болғанымен, бірінші әні емес. Оның «Nall» деп аталатын «Kahluа»-мен фиті бар. Ал, соло орындайтын «Ай» трегі махаббат тақырыбын қозғамақ. Бірақ, «Сюжеттік желісі қызық әрі өзгеше болады»,- дейді Ғалымов.
Айдана Мәулен, журналист:
- Біздің елде махаббат, лирика тақырыбында ән көп деп ойламайсың ба?
Айтуған Ғалымов, тиктокер:
- Көп. Клипті түсірер кезде режиссермен ақылдастым. Біз ойланған кезде сразу алып тастадық та махаббатпен біреуге ғашық болып қалады. Біреу сүйіп қалады. Больницаға жатады, сондай нәрселер өте көп те. Біз ондай нәрседен мүлдем алыспыз. 80 жылдардағыдай басталады.
- Қалай ойлайсың, ән хит бола ма?
- Да, Алла бұйырса, ән хит болады деген ойдамын. Көрермендерге ұнайтын болса бізді көтеріп алады әп-сәтте.
- Бүгінгі клипке кімдер түседі?
- Бұл клипке мен негізі көп ойландым. Шыны керек, көп ойландым. Қазіргі таңда блогерлерді көп қосатын болсаңыз қаралым көп болады да. Сөйтіп ойладым да, айналадағы блогер бауырларым, қарындас-әпкелеріміздің көбі клипқа түскен. Халыққа мүмкін ойладым, басқаша жанрдағы бірнәрсе керек шығар деп. Сондықтан өзіміздің бауырларымыз, Атыраудан келген қонақтар бар.
- «Краш team»-дық достарыңыз жоқ, енді көбісі блогерларды клипіне түсіру үрдісін қалыптастырып кетті. Сіз сол жақтан алшақтап жатыр екенсіз, иә?
Иә, себебі бұл жерде «Краш team»-дық командада харизмасы бар балалар өте көп. Бірақ бұл жерде қазір сіздер көресіз клиптың шет жағасын мынау 3-4 адам тұр ғой бұл кісілердің харизмасы алып кетеді деп ойлап тұрмын.
- Продюсерің бар ма?
- Ешкім жоқ, өзімізге өзіміз.
- Айтуған, енді блогерліктен түбегейлі кетіп әншілікке бет бұрмақ па?
- Алдияр бауырымызға рақметімді айтқым келіп тұр. Осыдан 1,5 жыл бұрын мені обычный көрерменнен блогер қылып, қазіргі клип түсіріп, оқырмандарым бар қаншама. Блогерліктен ешқашан кетпейміз.
Клипте басты рөлде - Айтуғанның өзі. Әншінің ойыны режиссерге қиындық туғызып жатқан жоқ па? Режиссердан сұрайық...
- Айтуғанның актерлік шеберлігі қалай екен? Режиссер ретінде қандай баға бересіз?
Әділбек Қойшекенов, режиссер:
- Айтуғаннның актерлік шеберлігі жақсы негізі, потому что мен берген задачаларды ол орындап шығып жатыр да. Өзінің ритміне чувствовать етіп.
- Өзінің музыкасын өзі сезіп кіріп жатыр, негізі.
- Айтуғаннан қанша гонорар сұрадыңыз?
- Енді ол жағы құпия болып қалсын. Но, нормально.
Айдана Мәулен, журналист:
- Айтуған Ғалымовтың қыруар қаражат жұмсап түсірген клипін санаулы күннен кейін көресіздер! Бағасы қымбат бейнебаян бағаланады деген үміттеміз!