- 3 000 мың орындық Республика сарайында қазір Айқын мен Райм кеш бермек! Расында екі бағыттағы әншінің бұл ортақ концертін көрермен күтпеген еді. Екі хитменді біріктірген не? Бірге білейік!
Айқын, әнші:
- Айқын бұл сенің нешінші концертің?
- Ой, білмеймін, көп қой. 19 жылдағы концерт көп болды ғой. Енді Республика сарайына беріп жатқан үшінші концертім. Бірақ бұл сольный концерт емес, бұл - солянка.
- Неге Айқын Райммен бірге концерт өткізіп жатыр?
- Негізі мен емес, ол осы концертті ұйымдастырып жатқан адамдардың шешімі. Айқын мен Райм екеуінің тыңдарманы ұқсайтын шығар бір-біріне, келетін шығар деген сияқты. Только Раймдікі кішкене кішірек. Мамалары мен қыздары келеді деп ойлаған шығар.
- Райммен ортақ фит бола ма?
- Райммен фит ойда бар. Оған жіберіп жүрмін әндерді былай-былай. Көреміз енді, Райм қазір енді краш болып жүр ғой, келетін әндер болса болады міндетті түрде.
Айдана Мәулен, журналист:
- Алматыға сирек келетін Райм, бүгінгі концертте өнер көрсетеді. Ол қазір мына бөлмеде дайындалып жатыр. Онымен тілдесіп, сұхбат алайық...
- Райм, сенімен ортақ жұмыс істеу үшін әншіде не болуы керек? Ақша, атақ, танымалдылық, өнер т.б
Raim, әнші:
- Гонорар төлеу керек десең, иә. Жоқ, ол ешқандай не емес. Әркіммен концерт қоюға болады. Біздерге сондай ұсыныс түсті. Айқынмен бірге Алакөлде қойдық екі концерт өте жақсы сәйкестік болды.
- Концертке қанша уақыт дайындалдың?
- Турмен жүргендіктен почти сол турда дайындалып щықтық қой концертке. Бізде бір аса қатты дайындық жоқ ондай. Концерттегі адамдармен сөйлесу соның өзі коцнертті қызық қылып шығарады.
- Айқын екеуің екі бағыттағы әншісіңдер. Қалай ойлайсың, бұл жерде кімнің көрермені көп жиналды?
Әркімнің өзінің тыңдармандары бар. Әркімге өзінің тыңдармандары жиналады ғой. Бөліп жара алмаймын.
Айдана Мәулен, журналист:
- Бүгінгі концертке кімнің фанаттары көп келді екен? Оны тыңдарманның өздерінен сұрап көрейік...
- Концертке кімді тыңдау үшін келдіңіз?
- Раймды
- Айқын
- Раймды
- Айқын
- Қай өлеңін жатқа білесіз? Айтып көріңізші?
- «Ауылда» деген музыкасы бар еді ғой, сол.
- «Алтыным»
- «Самая вышка» ең сүйікті әнім
- «Асылым»
- Айтып бере аласыз ба?
- Ауылымды сағындым, бауырымды сағындым. Ұмытып қалдым сөзін, бірақ білемін.
- Қарагөз ең алғашқы сүйген қызым, көктемім жазым менің күзім, қысым. Я не помню дальше.
- Қазір айтамын бір минут. Ең әдемі нананана самая вышка.
- Қарап алсаңыз болады телефоннан текстін.
- Ұмытып қалыппын, интернет ұстамайды мына жерде. Самая вышка, хеееей самая вышка. Самая, самая, самая...
- Сөзін өзгертіп тастадыңыз ғой...
- Ыыы менің дауысым жоқ қой.
- Бірге айтамыз, Асылым...
- Ғашығым, айтшы маған ашығын, қайдан іздеймін сені...
- Рахмет!
Айқын концерттерін тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де өткізіп жүр. Ол ақпан айында Америкаға аттанып, Майами, Лос-Анджелес, Нью-Йорк қалаларында өнер көрсеткен еді.
Айдана Мәулен, журналист:
- Шет елге шығып концерт өткізу кім үшін және не үшін қажет болды?
Айқын, әнші:
- Ақш-та да дәл осылай. Просто ол жақтың қазақтары сағынып, кішкене сағынышы молырақ та. Себебі енді ана шет елде жүреді да Қазақстаннан бір әнші келгенге қуанып кәдімгідей, рахмет келгендеріңе деп, рахмет «Қазақ пати» істеп жатқандарыңа деп қуанышпен қарсы алады.
- Шетелде және Қазақстанда концерт өткізудің айырмашылығы: артықшылығы, кемшілігі?
- Шетелде концерт дегенде өткізсең үлкен сахна ала алмайсың. Ол жерде енді 3000-1000 адам жинай алмайсың. Көп болса 100 адам, 150 адам келеді.
- Қазақтар көп емес. Бірақ сонда да жақсы кеш өткізуге болады.
- Тағы қайда концерт өткізу жоспарда бар?
- Жалпы Ресейге барғым келіп жүр. Ресейдің бер жақтарына, жаңағы Башқұртстан, Татарстан деген сияқты. Немесе қазақтар көп шоғырланған жерлеріне барғым кеп жүр. Қытайға да хабар келіп жүр. Қырғызстнда болдық, Өзбекстан, Ташкентке барғым келіп жүр.
Бұл кешке Айқын Төлепберген тыңдарманына ерекше тосын сыймен келіпті. Концерт соңына таяу, экс «Ninety one» мембері Эйзимен бірге «Сұр мұңлы-ай» атты жаңа әнінің тұсауын кесті.
Айдана Мәулен, журналист:
- Халық екі хитменнің өнерін сағынып қалғандай. Бүгінгі концерт аншлагпен өтті. Оны мына қошеметтен-ақ байқауға болады.