«Бір болайық» жобасында той! Ерасыл мен Аружан қашан үйленеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Біз бүгін тағы да «Бір болайықта» қонақтамыз! Эфирдің аяқталғанын күтіп тұрмыз. Келген себебіміз жақында жобада 10-шы жұп шаңырақ көтермек. Олар Ерасыл мен Аружан! Той қашан? Дайындық қалай жүріп жатыр, өздерінен сұрап білейік.

- Сәлем! Қалдарың қалай? Ақтөбеге қалай барып келдіңдер?

Аружан Балмұханбетова, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:

- Қалай барып келгенімізді Ерасылдан сұрау керек сияқты, ұнады ма?

Ерасыл Жазықбаев, «Бір болайық» жобасының экс-қатысушысы:

- Керемет болды. Аэропорттан түскеннен күтіп алды. Әкесі күтіп алды. Көлігімен үйге апарып, қоныстанып, заттарды тастап, одан кейін шығып тойға бардық. Тойға барам деп ойламадым негізі. Ұзатуға да, үлкен тойға да қатысып кеттім. Әжесінің алдынан өтуге барғанмын ғой. Батасын алдып, керемет жағдаймен қайтып келдік.

- Бір сұхбатыңда туысқандарыңның Ерасылға деген көзқарасы әлі түсініксіз екенін айтқан едің. Қалай оларды көндірдің?

- Негізі ұзақ уақыт бойы Ерасылды мақтап жүрдім. Бірақ көздері шынымен Ақтөбеге барғанда жетті, менің сөздерімнің рас екеніне. Қазір көзқарастары оң.

- Бұйыртса, күйеу бала боламыз ғой деп жүгіріп жүрдік қой. Сөйтіп көзқарастары оң болды ғой.

Ерасыл мен Аружанның жұп болғандарына 1 айға жуықтаса да, шынайы махаббаттарын елге дәлелдеп үлгерді. Аз уақытта біраз қиындықтан өткендерін айтады. Ерасыл бүгінде «Бір болайықта» редактор қызметін атқарады. «Аруға жұмыс кезінде көзім түсті», - дейді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Енді ерте ме, кеш пе үйленуге ұсыныстың жасалатыны белгілі ғой. Іштей дайынсың ба?

- Дайынмын, иә!

- Шаһ-Керім мырза, жақында тағы бір жұптың тойына куә болады екенбіз, бұйыртса. Аружан мен Есконың махаббатына көпшілігі сенбеді бастапқыда. Неге?

Шаһ-Керім Кәрмен, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі:

- Енді телебағдарламада болып жатқаннан кейін ол - заңдылық. Әуелгі баста біз сенбейміз. Көрермен ретінде айтып отырмын. Содан кейін ара-қатынастың мәніне үңілген кезде, бәлкім, олар шынымен ғашық па деп ойлап қаламыз. Содан кейін той көрген кезде, ертең отбасында шілдехана тойланып жатқан кезде, сол кезде ғана толығымен сенім болады. «Мәссаған, бұлар шынымен де үйленіпті ғой» деген сияқты. «Бұл рөл емес екен ғой» деп.

Жобаның жалғасып жатқанына 5 жылға жуықтады. Тіпті соңғы маусымдарда 10-ға тарта жұп шаңырақ көтеріп үлгерді. Десе де, бағдарламадан шыққаннан кейін, жолдары екі жаққа кеткендері де бар. «Бір-бірімізді тани алмаппыз, уақыт жеткіліксіз болды», - дейді көбісі.

 

Сымбат Сағындық, тілші:

- Бір үміткермен жұп болып, оған тұрмысқа шығамын деген ойға келу үшін қанша уақыт керек саған?

Аружан Беркімбаева, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:

- Негізі мен андай адаммын да, бір адамды көрсем, екі-үш кездесуден кейін өзімнің адамым екенін сеземін. Егер де, менің талғамымнан шығатын үміткер келіп жатса, мен ұзаққа, көпке созғым келмейді.

- Ал тұрмысқа шығуға қай уақытта дайын боласың?

- Тұрмысқа шығуға негізі 1-2 ай жетеді деп ойлаймын өзім.

- Аз емес па?

- Аз емес деп ойлаймын.

- Қыз баланы тану үшін саған қанша уақыт керек?

Кенжебек Ниязов, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:

- Ол адамға байланысты. Мен айтуым мүмкін қазір «1-2 күнде танимын, 1 айда» деп. Бірақ, смотря қандай қыз бала. Тұйық болуы мүмкін, ашық болып, бақылау қиын болуы мүмкін. Мінезін шығару деген сияқты. Ол адамға байланысты.

- Негізі саған келетін үміткерді тану үшін қанша уақыт керек? Жалпы өзің адам тани аласың ба?

Малика Қалдарбек, «Бір болайық» жобасының қатысушысы:

- Иә, негізі, адам тани аламын. Қанша уақыт керек дегенде, үміткерлер бірден бізге ашыла қоймайды. Олар бізді көрген кезде, олар тв-да отыр. Звезда. «Қазір бірдеңе айтсам, ұнамай қалуым мүмкін» деген ой туындайды да оларда. Сондықтан, өздері бірден ашылмайды. Біз қанша ашылып тұрсақ та. Жайлап-жайлап көрген сайын, танысқан сайын үйрене бастайды.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Иә, адам тағдырын тоғыстыру оңай іс емес. Десе де, бұл шаруаны «Бір болайық» бұлжытпай орындауда. Ал біз жақында өтетін Еско мен Арудың тойына дайындалайық!