«ҚЫЗЫҚ LIVE» ЖАҢА МАУСЫМДА!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Менің сіздерге айтар керемет жаңалығым бар. Еліміздегі ең рейтингі жоғары жоба - «Қызық life» енді НТК-да! Тізгін өздерің жақсы көретін – Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинда. Түсірілімнің қызықтары мен қиындықтары туралы сіздерге айтып беремін. Кеттік!

«Қызық лайф» жобасы бүгінде брендке айналды. Әртістердің бәрі осы жобаға қатысуға құмар. Жетістік феномені неде деп ойлайсыздар?

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

- Біз енді өзіміздің жұмысымызды сүйіп, жақсы көріп істейміз. Мүмкін сонда шығар.

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:

- Бәлкім бұл сұрақтың жауабын көрермендердің өздерінен опрос жасап сұрап көру керек. Өйткені біз бірінші кезекте көрермендер үшін жұмыс істейміз және бағаны да сынды да айтатын біздің көрермен.

Эфирдегі әр дүние, үлкен дайындық пен редактурадан өтетінін айтқан жүргізушілер, осы маусымға да сақадай сай екендерін жеткізді. «Ерекшеліктер көп болады», - деді олар.

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

- Бұның барлығы тыңғылықты дайындықтың нәтижесі. Ал импровизация ол 10 процент шығар. Бірақ негізінде көп нәрсені алдын ала дайындап, жазып қоямыз. Бірақ түсірілім барысында, көп нәрселер шығып жатады. Ол енді ситуацияға байланысты және қонаққа байланысты.

Еркебұлан мен Марат келетін қонаққа да жіті мән береді. Бірақ кей кездерде шақырған жұлдыздары, жасалған жоспарды бұзып, қатыса алмайтындарын айтады екен. Нәтижесінде график өзгеріп, сценарийді басынан жазуға тура келеді. «Соған қарамастан, оларға түсіністікпен қараймыз», - дейді өздері.

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

- Адамның өмірінде түрлі ситуациялар болады ғой. Келе алмай қалады.

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:

- Иә, түсінуге тырысамыз. Келмегендерді одан кейін шақырмаймыз. Әзіл, әзіл, әрине.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Дәл қазір «Қызық лайфта» үзіліс. Режиссер Айгүл Ақсамбиева көрерменді орындарына отырғызып, команда беріп жатыр. Түсіріп алсаңыз болады. Енді біз барып интервью алуға тырысайық. Негізі қатал режиссерлардың бірі.

- Көңіл-күйіңіз қалай? Түсірілім қалай жүріп жатыр?

Айгүл Ақсамбиева, режиссер:

- Біздің көңіл-күй әрдайым өте жоғарғы деңгейде. Себебі бұл біздің сүйікті жобаларымыздың бірі. «Қызық лайф» дегеннің өзінің үлкен тарихы бар.

- Жүргізушілердің арасында кешігіп, сізден ұрыс естіп қала беретіні бар ма?

- Өзімнің туған бауырларым сияқты. Сондықтан біз ешқашан ұрсыспаймыз. Бір бірімізге түсіністікпен қараймыз. Сондықтан ешкім кешікпейді.

- Бір түсірілім толықтай күйіп кеткен кезі, жарамсыз болып қалған кезі болды ма?

- Бізде кейде болады дыбыстан кей ақаулар... Қазір тоқтай тұрыңыз. Чина, үндемей тұра тұршы а?! Өмірімдегі жұлдызды сәтімді үзбе... Не деп едім... А, кейде дыбыс жағынан ақаулар болады. Болмаса видеодан кішкентай ғана ақаулар болады. Профессионалдар жұмыс істеген соң, ондай жағдайларға ұшыраған жоқпыз.

Кештің жұлдыз қонақтарының бірі – Тұрсынбек Қабатов, өзінің неліктен көптен бері ел көзінен тасада жүргенін карантинмен түсіндірді. Қала берді әзілкеш «Қызық лайфқа» алты жыл дегенде алғаш келіп отырғанға ұқсайды. «Уақыттың сәті енді түсіпті», - дейді өзі.

Тұрсынбек Қабатов, әзілкеш:

- Наурыз айынан бастап, барлық бағдарламаларымызды қайтадан көретін боласыздар. Көп бағдарламаларға өз басым қатыса бергім келмейді. «Қызық лайф» енді, «Бас проның» басшысы Ақылбек жан досым. Оған дейін де негізі шақырып жүретін. Келмеймін деп айтпаймын. Менің де съемкаммен қатар болып қалады. Менікі Астанада болып жатса, оныкі Алматыда болып жатады. Сол секілді, алдын ала былтыр звондады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Жаһан Отарғалиев, Сабиркин, Шавкат Рахмонов, Нұрмұммед Жақып, Калифарния да «Қызық лайфта» төбе көрсететін болады. Олармен не туралы сұхбаттасқандарын жаңа маусымда, 6-шы наурыздан бастап НТК-дан көре аласыздар!