Сымбат Сағындық, тілші:
- Біз қазір «Квартирант» актерлардан сұқбат аламыз. Олардың қатарында Айым Сейтмет, Асқар Ілияс бар. Сонымен, жалдамалы пәтерден, жұлдыздардың қалтасы қанша мыңға жұқарып жүр?
Пәтер жағалап жүргендердің жағдайы мен жанайқайын киногерлер де көтеруде. «Квартиранттардың» күйін күні кеше тұсауы кесілген «Күшік құда» картинасы айқын көрсетеді.
- Білуімізше, қазіргі таңда өзің де пәтер жалдап тұрып жатырсың, иә?
Айым Сейтмет, актриса:
- Біз негізі үй сатып алдық. Бірақ қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан, қазір өзіміз «Квартирант» болып жүрген жайымыз бар. Пәтер жалдап тұрамыз.
- Қазір Алматыда пәтер бағасы қанша болып жатқанын білесің бе?
- Иә, өте, өте қымбат. Үш комнаталық квартира хорошая, в центре от пятиста тысяч и выше. Это очень дорого я считаю. Я не знаю почему такие не нормальные цены. Это прямо боль, нашего народа.
- Жаңа үлкен үй салып жатқаныңды айтып қалдың. Енді қоныстойды қай уақытқа жоспарлап отырсыңдар?
- Бұйыртса, жазда деп отырмыз. Себебі керемет, жылы мезгіл ғой. Сол уақытқа үлгеру үшін тырысып жатырмыз.
- «Күшік құда» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын, елімізге танымал актрисалардың бірі – Бақыт Әліпбаевадан қазір сұқбат алатын боламыз. Ол кісі басқа арнаға сұқбат беріп, фильмнің мән жайын айтып жатыр. Біз енді күтейік.
- Бақыт ханым, премьера құтты болсын! Енді фильм көрерменге несімен өтімді деп ойлайсыз?
Бақыт Әліпбаева, актриса:
Менің ойымша, бұл фильм шынайылығымен өтімді болатын сияқты. Осы фильмнен кез келген адам өзінің мінез-құлқын өзін көріп қалуы мүмкін. Сондықтан, қызықты болады деп ойлаймын.
«Қоғамдағы мәселені кино арқылы көрсеткіміз келді», - деген Жан Байжанбаев, картинада басты рөл, құданы сомдайды.
- Өзіңіздің пәтер жалдап тұрған кезіңіз болды ма?
Жан Байжанбаев, актер:
- Иә, болды бірақ, бәрі пәтер жалдап тұру кезеңінен өткен сияқты. Қазір де бұл сұрақ өте өзекті болып тұр. Біз соны кино арқылы жеткізгіміз келді.
- Трейлерден байқап қалдық. «Есік көрсету», «Құдалық» сынды салт-дәстүрлер бар. Негізі сіз өзіңіз салт дәстүр ұстанасыз ба?
- Біздің әулет барыншща салт-дәстүрді ұстануға тырысады. Қазақпыз ғой енді. Өткенді, тарихты ұмытуға болмайды. Дегенмен қазір бәрі заманауиланып кетті ғой.
- Негізі фильмдерге келісім бере бермейсіз. Осы «Күшік құдаға» қалай келістіңіз?
- Пандемия болып, кино саласында жүргендерге қиын кезеңдер басталған еді. Мені осы фильмге шақырғанда жұмыстың басталғанына қуанып, келісім бердім. Оның үстіне сценарий де ұнады. Рөлім мен үшін арнайы жазылған.
Кинода ғана емес, өмірде де пәтерден пәтерге көшіп жүрген жұлдыздардың бірі – Асқар Ілияс. Биыл Асқар соңғы үш жылдықта түскен 6 бірдей толықметр экрандарға шығады екен. Актер: «Ол гонорарларды жинай алмадым. Сондықтан жақын уақытта баспана алуды жоспарлай алмаймын»,-дейді.
Асқар Ілиясов, актер:
- Иә әрине. Мен сол қатардамын. Мен квартирантпын.
- Қанша жылдан бері квартира жалдап тұрасыз?
- Соңғы 4 жыл, мен квартирант болып жүрмін. Қымбат бірақ. Алматыда пәтерлер қымбат, иә. Жалға алу қымбат. Сатып алуға қымбат.
- Бір сұқбатыңызда көріп қалдым «Мен ақшаны өте көп жұмсаймын. Жинай алмаймын» деген едіңіз. Әлі сондайсыз ба?
- Жоқ, жоқ. Ондай емеспін қазір. Өзімді тәрбиге салдым.
- Қалай салдыңыз?
- Шынымды айтсам, көбінесе Марғұлан Сейсенбайды тыңдап, осы адамның көмегімен.
Сымбат Сағындық, тілші:
- «Күшік құда» толықметрінің жабық көрсетілімі аяқталды. Енді мына қаптаған жұлдыздардың бәрі тұсаукесерді әрі қарай тойлатып, автопатиге кетеді. Ал біз картинаға кассалық табыс тілейміз!