Гүлдана Мұқан, тілші:
- ТМД-ға танымал музыкант Amre-ге бүгінде журналистер қауымының қолы әрең жетеді. Себебі, Ернардың гастрольдік сапарлар мен толассыз түсірілімдерден бос уақыты бола бермейді.
Соңғы бірнеше жыл Amre үшін жемісті болғаны сөзсіз. Әрбір трегі хит атанып, әншіге деген сұраныс артты. Десе де, мұндай жетістік үшін Ернар шығармашылық жолында біраз тер төккені жасырын емес. Әнші 2011 жылдан бастап «Бозторғай», «Новая волна», «Славян базары» сынды түрлі байқауларға қатысып өзін дәлелдеуге тырысты. Алайда, Amre жұртшылыққа 2021 жылы отандық музыкалық шоуға қатысқаннан кейін ғана кең таныла бастады.
- Amre, қалың қалай?
Amre, әнші:
- Жақсы.
- Танымалдылығың артқаннан бері, өмірің қаншалықты өзгерді?
- Өмір сол баяғыдай, баяғы Ернармын. Бәрі қалпынша, бірақ енді түрлі өзгерістер бар. Ол енді басқа жағынан, бірақ адами қалпымызда өзіміздің сол баяғы шығармашылық ізденіс. Өздеріңіз көріп отырсыздар, ары-бері шапқылап жүрміз. Қазақстан болсын, Ресей болсын, ізденістеміз. Бір орында жатқан жоқпыз, осы бізге жетеді деген сияқты. Сондықтан, барлығын бір берген бақ ретінде, бақтан бұрын еңбек деп қабылдап жатырмыз.
Сондай-ақ, Ернар бірнеше ай бұрын Ресейлік «Голос» жобасына қатысып, финалға дейін жеткен еді. Алайда, ән додада Дима Биланның шәкірті атанған музыкантқа жеңіс бұйырмады.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Алдағы уақытта тағы да ән байқауларға қатысу жоспарда бар ма?
Amre, әнші:
- Жоспарда бар, негізі, Ресейден кейін ешқайда қатыспаймын деп өзім ойлағанмын. Бірақ, жаңа жыл келіп, ойым өзгерді. Өте үлкен тәжірбие, үлкен абырой, еліміздің абыройы, өзіміздің жеке тұлға ретінде шығармашылық абырой, оны арттыруға жұмыс істесек, биыл енді біз бұйырса бір елге барғымыз келіп тұр, уақыты келгенде айтармын.
- Шығармашылықта қандай ұсыныстар түсіп жатыр?
- Бізді Ресейге шақырып жатыр, бірнеше жобаларға. Бірақ қазір біз кішкене контингентті өзгерткіміз келіп жатыр басқа жаққа. Сондықтан енді, осы келесі баратын жобамыз бәлкім сол елде жұмыс істейміз, сол елде қаламыз деген ниетпен барамыз. А былай өзім Ресейде қалғым келмейді.
- Еркемен таяуда ғана дуэтіңіз шықты, хит болады деп ойладыңыз ба?
- Хит болады деп Ерке өзі айтады, «сен де ерекше бір өзің биіксің, менің де өзіндік орным бар, ән өту керек» деген сенім болды. Құдайға шүкір, 5 млн-дай қаралым жинады. Барлығы бірге концерттерімізде орындайды. Сондықтан, бұйырғаны. Керемет қуаныштымын.
Ерке ғана емес, бүгінде Amre-мен дуэт айтқысы келетін әншілер көп. Мәселен, Ернар алдағы уақытта өнердегі әріптестерімен бірнеше коллаборация жарыққа шығармақ.
Amre, әнші:
- Жақында досым Тұрармен дуэт шығады. Мұнда өзімнің інім, бауырым Калифарниямен кездесіп қалдым, жоспарлап жатырмыз, биыл бүкіл Қазақстан қалаларымен тур жасаймыз. Екінші наурыздан бастап, осы жылдың турлары басталады. Жаңа альбом жазылып жатыр, жаңалықтар көп.
- Сторисыңыздан байқадық, бейнебаян түсірейін деп жатырсыз, бейнебаян қай әнге болады?
- Альбом ерекше бір түрлі жанрда болады, тек қана бір жанрда емес, ізденіс талап ететін альбом болады. Бейнебаянды сол альбомнан көрермендермен бірге таңдаймыз, қай ән жақсы өтеді, сол әнге бейнебаян түсіреміз.
- Шығармышылығыңызға сәттілік тілейміз, рақмет көп-көп!