Айдана Мәулен, тілші:
- Калифарния! Иә, иә дәл солай! Екпінді қате қойып тұр деп ойламаңыз, бұл Америка штатындағы Калифорния емес, әндері музыкалық платформада хитке айналған әншінің аты!
Қазір әр қалада концерт беруден қолы босамайтын әншіні журналистердің ұстауы қиын. Десек те, бізге Калифарниямен тілдесудің сәті түсті...
Жауыр болған сұрақтың бірін қойсам, біздің РЕВЮ көрермендері үшін неге Калифарния екенін айтып берсең?
Кalifarniya, әнші:
- Калиев Фархат деген қосындыдан шыққан. Калиев деген Кали, Фархат деген Фар, -ния деген деген жалғаумен Калифарния.
- Сенің әндеріңді бәрі біледі, қалай ойлайсың түріңді тани ма?
- Әлі көп ешкім біле бермейді.
- Ол үшін не істеу керек?
- Пахать ете беру керек, болды.
- Жаңадан бастап жатқан әншілерге тикток, айтьюнста топ жару үшін қандай кеңес бересің?
- Сынба! Болды.
Калифарнияның алғашқы хит болған трегі «Jurip Kelatasyn» деп аталады. Оның бұл әні 2020 жылдың наурыз айында шықты. Бүгінде YouTube-та бейнебаян 2 млн-ға жуық лайк жинаған.
Фархат Қалиев кейіннен лирикалық әндері арқылы тыңдарман арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Бүгінде оның жанкүйерлері «Qar», «Аспан», «Роза» сынды тректерін құлаққабынан тастамай тыңдап жүр.
Айдана Мәулен, тілші:
- Әндерің 1990 жылғы ритмдерге сай келеді, неліктен сол стильде жазасың?
Кalifarniya, әнші:
- Білмеймін, просто сондай музыканы естіп қалған болармын. Сол үшін болар, а так талғамаймын.
- Гонорарың қанша, құпия болмаса? Тойға ұсыныстар көп түсіп жатыр ма?
- Шүкір Аллаға!
Калифарнияның туған жері Ақтөбе қаласы. Ол музыкалық мектепті тәмәмдаған. Бірақ, оқу бітірген соң өнер әлемінен біржола кетпек болып, аспаз мамандығын таңдап, колледжге құжатын тапсырған екен.
Айдана Мәулен, тілші:
- Алматыға 2017 жылы көшіп келдің иә? Қазір осында тұрғылықты тұрасың ба?
Кalifarniya, әнші:
- Жоқ, 2 ай болды қайтадан көшіп келгеніме Алматыға.
-Аспаздықта оқыған екенсің, толық бітірдің бе?
- Жоқ, бітірмедім. 2 жыл оқыдым, сосын шығып кеттім.
- Әншілікке қайта оралуыңа не себеп болды?
- Сол бала кезгі арман ғой.
Сондай-ақ, Калифарния кезінде кью-поп жанрының әншісі, «Divine» тобының экс-мэмбері болған. Фархаттың айтуынша, сол уақытта «Табу» атты бейнебаянды түсіруге 2 млн теңге жұмсаған.
Айдана Мәулен, тілші:
- Сен экс-кьюпопер екенсің ғой, иә? Неге кетіп қалдың?
Кalifarniya, әнші:
- Ол ұзақ әңгіме, негізі. Бірақ ол жақта нан болмады ол кезде. «Ninety One» потолок болды и маған Калифарния болып шығу керек болды.
- Қазір топтағы жігіттермен араласып тұрасың ба?
- Жалпы, ия, араласып тұрамыз, но көбісі бизнес саласында қазір.
- Алда қандай жоспарларың бар?
- Бар жоспар, уақытымен көрсетемін.
- Қанаймен фит шығарайын деп жатыр екенсіз, ән не туралы?
- Демалыс туралы болады.
- Одан басқа тағы да кімдермен коллаб жасайсың?
- Әзірге айта алмаймын. Но, бар бірақ үлкен проекттер.
- Сізге сәттілік тілейміз, рақмет!
- Рақмет үлкен!