Тәуекел Мүслім әр образын жары Махаббатпен талқылайтыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Еліміздегі ең тартымды жігіттердің бірі – Тәуекел Мүсілім үйленгеніне қарамастан, қайтадан ғашық болып қалған. Естуімізше, оның таңдауы – Мария есімді орыс қызына түскен. Мәселенің мән-жайын өзінен сұрап білейік, кеттік!

- Тәуекел, естіп жатырмыз, сені қайтадан ғашық болып қалды дейді ғой?..

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Иә, енді әртүрлі жобада әртүрлі образдарды сомдауға тура келеді. Сол себептен көбіне романтика жақын болғаннан кейін, романтикалық осындай киноларға, сондай тематикадағы киноларға шақырады.

Дамир Тастембековтың режиссерлығымен түсірілген «Маша мен Дударай» - романтикалық комедия. Жаңа лентада орыс қызы Мәриям мен Дудардың хикаясы көрсетіледі. Аталмыш фильмде Тәуекел ғашық жігіт «Дүйсенді» ойнайды. «Фильм сезімге толы», - дейді Тәуекелдің өзі.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Енді бұл фильмге түсерде ашық сахналар болды ма? Оны жұбайыңызбен, жеңгемізбен талқыладыңыз ба?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Ашық сахна дегенде, енді ерсі емес. Дегенменде, режиссерлық талап қойылды, задача. Осы сахнада...

- Біз жалғастыра берейік... Сұхбатымызды осылай жалғастыруға тура келеді. Адамдар өтіп жатыр...

- Сұрақ есімде. Қатты ерсі сахна жоқ. Дегенменде, режиссердің талабы бар. Мына сахнада сәл эмоция білдіру үшін, ернінен сүю керек деген нәрсе болды. Бәрін Махаббатқа айтып ескертіп қойдым. Сол себептен ол жағынан қиыншылық болмауы керек. Махаббат маған сенеді. Мен оны жақсы көремін.

- Негізі образдарыңды, рөлдеріңді Махаббатпен талқылайсың ба?

- Иә, образды айтам жалпы. Сценарийді айтам, осындай-осындай болады деп. Беттен сүйетін сәттер болса, оның бәрін айтып қоямын.

«Маша и Дударай» Мария Петлюх түскен тұңғыш толықметр. Актрисаның негізгі мамандығы логист екен. Бірақ кино саласында 2012 жылдан бері еңбек етуде.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Маша, қайырлы кеш! Премьера құтты болсын! Дебютіңіз құтты болсын! Қандай әсердесіз?

Мария Петлюх, актриса:

- Қайырлы кеш! Құттықтауларыңызға рақмет! Иә, бүгін қатты қобалжып жүрмін.

Маша картинада төбе көрсетіп қана қоймай, лентаның сценарийіне де атсалысқан болып шықты. «Осы оқиға өзіме бұрыннан ұнайтын», - дейді актриса.

 

Мария Петлюх, актриса:

- Фильм орыс қызы мен қазақ жігітінің арасындағы махаббатты баяндайды. Бұл лентадағы Дүйсеннің де шашы бұйра. Сондықтан оны Дударай дейміз. Бәріміз Мәриям Жагорқызының «Дударай» әнін білеміз ғой. Сол туындының арқасында осы картина өмірге келіп отыр. Бірақ біз барынша заманауиландыруға тырыстық.

- Шынайы өмірдегі Мәриям қазақ тілін жетік меңгерген, дәстүрге қанық қыз. Сіздің қазақшаңыз қалай?

- Мен Алматыда тұрамын. Қазақша кішкене сөйлеймін.

Машаға түсірілім кезінде тіл кедергі турдырмаған. Тіпті екі аптаның ішінде домбырада ойнап үйренгенін айтады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Шараға келген қонақтардан фильм жайлы пікірін білейік. Олжас сәлем. Сені 2 минутқа бола ма, интервью алып алсақ?..

Олжас Әлжанов, актер:

- Давай.

- Негізі өзің басқа ұлт өкіліне ғашық болып қалған кезің болды ма?

- Менің әйелім көрмей ма бұны? (күледі). Бойдақ кезде шыны керек, басқа ұлттың қыздарымен де араласып көрдім.

- Айназ жеңешеее?.. Айтам

- Араласып көрдім, мен жүрген жоқпын. Бірақ енді қазақ болғаннан кейін, қазақтың қызын алу керек міндетті түрде. Сөйтіп Айназды алдым ғой

Шараға келген жұлдыз қонақтардың қатарында – Жахан Отарғалиев те бар. Ол: «Өзіме осындай роматикалық кинолар ұнайды», - дейді. Одан бөлек, актер шынайы өмірде де жарына естен кетпес, ерекше сәттерді ұйымдастырғанды жақсы көретінін айтады.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Негізі инстаграмға, сіздің стористарыңызға қарап, романтик адам екеніңізді көруге болады. Шынында солай ма?

Жахан Отарғалиев, актер:

- Шынымен солай, өйткені мен кезінде уәде бергем, өзімнің жолдасыма. Мен негізі бұрын соңды жүріп жүрген кезде ондай романтик болмағам. Мен оған айтатынмын «Сен маған қзір сенсең, үйленгеннен кейін мен саған романтиканың көкесін көрсететін боламын» деп.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Біз дәл қазір «Маша мен Дударайды» көріп шықтық. Сүйіктіңмен келіп көретін кино екен. Ал лента үлкен экрандарға 10-шы ақпаннан бастап жол тартатын болады.