«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатына дайын!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

- Негізі, көрермендерге түсіндіре кетейін, қазір таңертеңгі уақыт. Он жарым. Жігіттер таңертеңгі 10 жарымнан бастап дайындалады екен. Қалыңыз қалай?

Léo Higuita, футболшы:

- Бәрі жақсы, тамаша. Құрамаға оралып, жаттығуды бастадық. Ендігі мақсат -Қазақстан чемпионаты.

Иә, Еуропа біріншілігінен кейін қалыпқа тез оралған Игитаның бүгінде дайындығы күшейген. Қарымы қатты қақпашы Қазақстанға келген жылдарын есіне түсірді. Тіпті, бір маусымның қаражатын жинап, қайда жұмсағанын айтып берді.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Ең алғашқы гонорарыңыз есіңізде ме?

Léo Higuita, футболшы:

- Что это гонорар? Мани, мани... (күледі) Қазақстанға келген жылы бір маусымның ақшасын жинап, Бразилиядағы кішкентай жеріме үй салдым. Онда анам, жарым, балаларыммен тұрамыз. Ол 2010 жыл болатын.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Қақпашылардың дайындығы аяқталды. Қазір 11-де құрамадағы қалған жігіттер келеді. Бас бапкер келді, естеріңізге сала кетейін, Пауло Рикардо Кака. Ұлттық құрама мен «Қайрат» футбол клубын жаттықтырады. Қалыңыз қалай?

Пауло Рикардо Кака, бас бапкер:

- Жақсы (күледі)

- Енді Еуро біріншілігінен кейін жігіттер Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр. Дайындық қалай?

- Елге оралғаннан кейін құрамадағы жігіттер қалыпқа келудің қамына кірісті. Микро жарақаттар бар, кейбірінде шаршау дегендей. Қазір, шүкір, дайындық жақсы. Жаттығуды бастадық.

Иә, жеңілістен кейін, Ұлттық құрамаға сын жаудырғандар жетерлік болды. Солардың бірі футзалдан «Әлем чемпионатының» қола жүлдегері – Сергей Усаковский. «Қазақстанды қауқарсыз дегеніне қатты ашуландым», - дейді Кака.

Пауло Рикардо Кака, бас бапкер:

- Шыны керек, қатты жаныма батты. Жеке басыма «Жаман жаттықтырушысың» десе түсінер едім. Бірақ біздің Ұлттық құрамаға қатысты ондай пікір айту дұрыс емес. Сондықтан оған жауап бердім.

- Енді жиі қойылатын сұрақтардың бірі шығар. Құрамаға қалай келуге болады?

- Біріншіден басқа топтарда ойнаңыз. Көзге түсіңіз. Жас болса, турнирлер бар, біздің мектеп бар дегендей. Егер, ересек болса, топтарда төбе көрсетуі керек.

Сымбат Сағындық, тілші:

Шешіну бөлмесінен Оразовтың дауысын естіп жатырмыз. Негізі, жарқын-жарқын сөйлейтін бала ғой. Енді киім ауыстырып болғанын күтеміз.

 

Еуропа біріншілігінің үздік бомбардирі, 7 бірдей голдың авторы. Қалыңыз қалай?

Біржан Оразов, футболшы:

- Аллаға шүкір жақсы.

- Қалай болып жатыр? Тикток, инстаграм жарылып жатқан шығар енді?

- Жарылып жатыр, жарылып жатыр...

- Не деп жатыр?

- Бомбардир болғаныммен бәрі құттықтап жатыр.

- Соңғы сұқбатыңызды көрдік. «Ойыннан кейінгі түн қиын болды» дедіңіз. Семьяңыз мотивация берген шығар? Не туралы сөйлестіңіз Аяна жеңгемізбен?

- Әрине, «уайымдама» деп айтты. Бар поддержкасын берді. Қазақ халқы да. «Біз сендерге сенеміз, уайымдамаңдар!» деп.

- Ұлыңыздың тұсауын Кака кесті. Футболист болғанын да қалайды екенсіз. Қазіргі құрамалармен салыстырғанда, қай командада ойнағанын қалайсыз?

- Футзалда Қайратта ойнағанын қалаймын. Если, футболист болып жатса, Еуропаның топ командаларында ойнағанын қалаймын.

«Қайратпен» қатар, Ұлттық құраманың да намысын әлемдік деңгейде қорғап жүрген аяқдопшылардың бірі – Дәурен Тұрсағұлов. «Мини-футболдың арқасында бұлай танылып кетемін деп күтпедім», - дейді өзі.

Сымбат Сағындық, тілші:

- Ойыннан кейінгі әсеріңіз қалай?

Дәурен Тұрсағұлов, футболшы:

- Мен осы декабрьдің 6-сы жарақат алдым үлкен. Сол екі ай болды менің жүгірмегеніме, үлкен жарақат алғаныма.

- Ойында қандай қателік жібердім деп ойлайсыз?

- Украинамен ойнаған кезде 2-де 0 ұтылып жатқан кезде сол, үшінші голды өзім алып келдім. Үшінші гол және бесінші гол.

- Комментарийлерді оқыған шығарсың? Көңіліңе тигені бар ма? Есіңде қалғаны?

- Қатты мән берген жоқпын. Бірақ көбісі қолдап, түсінікпен қарап жатыр. Жарақаттан кейін шықтың, түсінеміз деп...

Сымбат Сағындық, тілші:

Маған енді тренер ұрыспайтын шығар... Мына жаттығу қанша минут созылады?

- Білмеймін (күледі)

- Қиын ба?

- Қиын, қиын растяжка.

- Еще сөйлеген, сұхбат берген вообще... (күледі)

Сымбат Сағындық, тілші:

- Он екісі, он үші күндері «Қайрат» «Атырау» құрамасымен ойнайды. Жеңісті күндерде жүздескенше!